Ерлі-зайыптылар бір-бірін неге қызғанады?

 Қызғаныш сезімін әр адам түрліше түсінеді. Бірі қызғанышты махаббаттың белгісі десе, екіншілері керісінше бұл адамның сүйіктісіне деген сенімсіздігі екенін айтады. Тіпті, "Сүйген адам ғана қызғанады" немесе "Шариғатқа сәйкес, ер адам міндетті түрде әйелін қызғануы керек" деп айтып жатады. Алайда шын мәнінде осылай ма? 
Қызғаныштың табиғаты туралы тереңірек жазған ғалымдардың бірі &mdash Зигмунд Фрейд. Ол өзінің "Қызғаныш, паранойя және гомосексуализмдегі кейбір невротикалық механизмдер туралы" деп аталатын еңбегінде осы сезімді үш деңгейге бөліп қарастырады. Қызғаныштың әр деңгейінде өзіндік ерекшеліктері бар. Дәлірек айтсақ, қызғаныштың үшінші деңгейін түсіну үшін алдыңғы екеуін жақсылап қарастыру керек болады. Осы үш деңгейді Фрейд жарысуға мәжбүрлейтін қызғаныш, жобаланған және орынсыз деп атайды.

Алғашқысы адамда махаббат объектісін жоғалтып аламын ба деген қорқыныштан туындайды. Бұл өзгелеріне қарағанда генетикалық жағынан аса жеңіл түрі.

Психоаналитик неліктен адамдардың бір-бірін көреалмайтынын түсіндірді

Жобаланған қызғанышқа келер болсақ, мұнда жобалы қорғаныс механизмдері іске қосылады. Яғни ғашықтардың бірі өзінің опасыздық жасауға бейім екенін немесе көзге шөп салғанын жасыру үшін сүйіктісін кінәлай береді. Осыдан кейін сүйіктісі опасыздық жасамаса да өзін кінәлі сезінетін болады. Яғни адамның сүйіктісін кінәлап, қызғануының астарында осы қорғаныс механизмі жатыр.

 
Қызғаныштың екінші түрін саналы түрде түсіндіруге болады. Ал үшінші түрі қиындау. Оның механизмдері жобалысына ұқсайды. Бұл жерде инверсия болып, адамның гомосексуализмге бейімділігі қызғанышқа ұласады. Мысалы, ер адам белгілі бір азаматтан әйелін қызғанады. Кейін сол азаматқа қатысты әлеуметтік желіден түрлі ақпарат жинап, суреттерін қарайтын болады. Тіпті, бұл қызғанышы туралы әйеліне ашық айтып, онымен кездесуге тыйым салады. Шын мәнінде, бұл &mdash әйелін сол ер адаммен опасыздық жасауға бейсаналы түрде итермелеу. Кейін көзіне шөп салған әйелінің тәні арқылы әлгі ер адамның бір бөлшегімен жақындасқандай әсерге бөленеді. Яғни ер адам әлгі азаматқа ғашық. Бірақ қосылу қоғам принциптеріне қарама-қайшы болғандықтан, өзін осы жолмен қанағаттандырады.

Бұл қызғаныштардың қалай көрініс табатыны туралы қазақстандық психоаналитик толығырақ айтып берді.

"Қазір сүйіктісіне бостандық бермеген қыз болсын, жігіт болсын, оны кейін де бермейді. Керісінше заңды қағазды алып алған соң, "өмірлік түрмеге" отырғызады. Бүгінгі жастардың өмірі әлеуметтік желімен тікелей байланысты. Кейде клиенттерім келіп сүйіктісімен лүпілге немесе суретке бола ренжіскендерін айтып жатады. Адам қай кезде қызғанады?

Біріншіден, өзін сүйіктісінен төмен қойған кезде. Екіншіден, бейсаналы гомосексуализмге жол бергенде. Мысалы, бір жігіт қызын қызғанды делік. Әлгі жігіт қызынан қызғаныш отын тудырған адам туралы сұрай бастайды. Бұл жерде бейсаналы түрде жігіт екінші бір жігітке қызығушылық білдіріп отыр.

Мұндайда айырылысқан жөн. Себебі, психологиялық дені сау жігіт немесе қыз мұндайда тек қуануы тиіс. Сүйіктісі миллиард адамның ішінен оны таңдап отыр. Кей жігіт сүйіктісіне әлеуметтік желіге кіруге тыйым салып, хиджаб кигізіп қояды. Бұл &mdash феодализм. Яғни адамның жеке "менін" сыйламау", &mdash деді Анна Құдиярова отандық басылымдарға берген сұхбатының бірінде.

Психоаналитик адамдардың неліктен несие алатынын айтты

Психоаналитик Мелани Кляйн қызғаныш пен көреалмаушылықты өзара байланыстырса да, олардың айтарлықтай өзгешіліктері бар екенін жеткізді. Біріншіден, көреалмаушылықта екі адам, ал қызғанышта үш адам басты рөл ойнайды. Екіншіден, қызғаныш объектіні жойып жіберуді мақсат тұтпайды, ал көреалмаушылық жақсы адамның жаман тұстарын көрсетіп, оны жойып жіберуге ұмтылады.

Ал Сіз өміріңізде бір рет болсын сүйіктіңізді қызғанып көрдіңіз бе? Мұның себебі неде деп ойлайсыз?


sputniknews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста