Ер адамның ең әлсіз кезі – ләззатқа бөленіп, құштарлықтың құшағында жатқан шағы. Егер күйеуіңізді ұмытылмастай рахат күйге бөлегіңіз келсе, психологтың кеңесіне құлақ асыңыз!
Еріңіз сізге ынтық болып тұрса, оның сезімінен бас тартпаңыз.
Ең бірінші гармониялық сезімін оятамын десеңіз, ернінен сүйіп, мойнынан құшақтаңыз.
Көңілін көтергіңіз келсе, құлағынан қытықтап сыбырлаңыз.
Саусақтарыңыздың жеңіл де, нәзік қозғалысымен жұбыңыздың қытығын келтіріп қана қоймай, өзіңіздің сезіміңізді білдіріп, оның ұсынысынан кетәрі еместігіңізді де жеткізіңіз.
Көрпенің астында жатып құшақтасу да еріңіздің құштарлығын арттырмақ.
Құштарлықтың ең абзалы – құшақтасу әдісі. Бұл әдіспен бойдағы ауырлықтан арылуға болады.
Еріңізді сүйгіңіз келсе, сүйіңіз жақсы көріңіз, аймалаңыз. Ол сіздің махаббатыңыз емес пе?!
Сүйісу арқылы оның махаббатын сезініңіз, өз сезіміңізді жеткізіңіз.
Алақанынан ұстап, жанына тыныштық сыйлаңыз.