Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман, нәзік жанды әпке-сіңлілер. Мен осы сайттың тұрақты оқырманымын.
Мен 2012 жылы өзімнен он жас үлкен жігітке тұрмысқа шықтым. Мамасы ерте қайтыс болған.Папасы, куйеуім мен және қайным бәріміз бірге тұрдық. Күйеуімнің мінезі түсініксіз. Басында білмедім. Грантта оқитынмын. Оқытам деп уәдесінде тұрмады. Көп ұратын. Атам да әйел сияқты бәріне өзі араласады. Ер адамның қазан-ошаққа араласқаны қандай жаман.
Ылғи еркектің ішінде тұрып жаттым. Сөйтіп жүріп көтердім, аман-есен босандым. Қызым үш айлығында ажырасып кеттім. Өйткені төзуге мүмкін емес еді. Отбасылық өмірде қорлық көріп жүргенше баламды тыныштықта өсірейін деп шештім.
Оқуымды бітіріп, магистратураға тапсырғанымда күйеуім қайта қосылайық деп менің үйіме барып жылап тұрып алды. Көңілім суып кеткен еді, қосылғым келмеді. Алайда анам қызың үшін бар деген соң амалсыз қосылдым. Қызым екіге толған, жағдайымды жасап алған едім.
Қосылуын қосылдық, бірақ ол еш өзгермеген сол баяғы қалпы. Тапқанын ішеді, қарызға, кредитке батып қалған. Онымен қоймай қызына ұрысып, ұрады. Биыл магистратураны бітіретін жылым, оқу ақысын төлемей соның бар қарызын жаптық. Бүкіл алтындарымды ломбардқа өткізді. Тағы да ұруын бастады еш себепсіз. Өлтірем деп уксус та құйып денемнің бәрін күйдірді. Ақыры тағы да ажырастым.
Қазір оқуым жәймен реттеліп келе жатыр, бірақ екінші рет аяққа тұруға жүйкем шыдай алар емес. Бәрі бірдей емес шығар, бірақ бір адамның кесірінен еркектерден қатты көңілім қалды. Отбасы болуға мүлдем қызығушылығым жоқ. Қызым үшін өмірде әрекетім бар.Мені ешкім тұрмысқа шыққан деп ойламайды.Реңім де баршылық,шүкір. Ешкімнен ажырасқанымды да жасырмаймын.Ешкандай жігіт арам оймен тисіп те көрмеген. Ашық-жарқын едім, қазір мінезім қатты салмақты. Ер азаматтарға деген сенімім жоқ. Қазіргі заманда нағыз еркек саусақпен санарлық болып қалды ғой, заман өте санайтын да табылмай қалмаса болғаны.
Дария, Алматы