Еркекке тән инстинкт пе: ер адам неліктен екінші әйел іздейді

Еркекке тән инстинкт пе: ер адам неліктен екінші әйел іздейді

Ер адамдар неліктен басқа әйелдерге назар салады? Ерлердің екінші әйел іздеуінің себебі неде? Бұл сұрақтың жауабы психологиялық, медициналық және діни тұрғыда қарастырылды.

Көшеде кетіп бара жатқан сұлу бикешті көрген кез келген адам оған тамсанып қарауы мүмкін. Алайда жаныңыздағы серігіңіздің назары үнемі айналадағы сұлуларға түсетін болса, жағымсыз әсер қалдыратыны анық. Ер адам неліктен бөтен әйелдерге қарайды немесе үйленген еркектің басқа әйел іздеуінің себебі неде?

Мамандардың айтуынша, ер адамдардың тартымды әйелдерге назар аударуы қалыпты дүние болып саналады. Өйткені сымбаты келіскен дене, күтім жасалған тері, жарасымды киім мен хош иіс нейрохимиялық тұрғыда мидың қызметін іске қосады. Адам өзін-өзі басқара алса, мұның аса бір зияны жоқ делінеді. Сондай-ақ күнделікті жаңалықтарда, музыкалық бейнебаяндарда, интернетте және фильмдер мен жарнамалардың дені хас сұлулардың бейнесімен байланысты екенін ескеру керек. Ер адамның бөгде әйелге көз салуы көкейде сансыз сұрақ тудырады.

Ерлердің басқа әйел іздеуінің бірнеше себебін сарапшы Сильвия Смит "21 Honest Reasons Why Do Men Look at Other Women" жазбасында былай атап көрсетті:

Ер адам әйелдерге визуалдық жағынан қарайды. Мұның басты себептерінің бірі - әйелдердің әдемі табиғаты болса керек. Кез келген адам әдемілікті жақсы көреді. Бұл ер адамыңыз сізді бағаламайды деген сөз емес.

Арадағы қарым-қатынаста әлдебір мәселе туындауы мүмкін. Кейбір ер адам әйелін сынамай тұра алмайды. Ал енді біреулері мұны әдейі жасайды, өйткені олардың әйелімен қарым-қатынасы мәз емес. Кейде некедегі жұп арасында қандай да бір түсініспеушіліктер болса, ер адамның басқа әйелдерге назар салуы да ғажап емес.

Неліктен ер адамдар әлеуметтік желілердегі басқа қыз-келіншектерді бақылай отырады? Ол интернеттен көретін әйелдердің желідегі мінез-құлқына қызығып, сізден де сол қылықты көргісі келеді. Қазіргі қоғамда ғаламторсыз өмір сүру мүмкін емес. Желідегі қыздардың суреттері кез келген адамның алдынан шығып қалатыны анық. Дегенмен ер адамда әйеліне көңілі толмау, басқалармен салыстыру сынды жат мінездер болмаса алаңдауға негіз жоқ.

Ер адам түнгі клубта немесе барда демалып отырғанда айналасындағы қыздарға назар салып, көңіл көтеруі мүмкін. Себебі оның дәл сол сәтте басқа шаруасы, мәселесі жоқ. Мұны жай ғана уақыт өткізу деп білген жөн.

Ер адам әйелінің назарын аудару үшін басқа әйелдерге қарауы ықтимал. Көбінесе жылылық, жағымды сөз естігісі келетін еркек жұбының тарапынан еленбесе, оның назарын айналасындағы әйелдерге аудару арқылы қаратуы мүмкін. Ешбір еркек елеусіз қалғанды ​​ұнатпайды, сондықтан мұны назар аудартудың бір тәсілі деуге болады.

Арадағы әңгіме қызықсыз болуы мүмкін. Сіз олай ойламасаңыз да, ер адамды кейде басқа әйелдердің әңгімесі елітеді, өйткені екеуіңіздің араңыздағы диалог аса қызық болмай жүр.

Басқа әйелдің азғыруы да ғажап емес. Сіздің ер адамыңыз өз ісімен айналысса да, басқа әйел оның назарын аудару үшін әрекет етуі мүмкін. Болмашы дүниені сылтауратып, ер адамды өзіне қаратуды көздейтін әйелдер де бар.

Ол басқа әйелді ұнатады. Кейбір əйелдер "күйеуім немесе жігітім өзгеріп жүр" десе, шындығында ол басқа əйелді ұнатып жүрген болуы мүмкін. Оның әрі қарай қандай қадам жасайтыны сіздің реакцияңызға, ақылмен іске асыратын әрекетіңізге байланысты болмақ. 

Ер адамның басқа әйелдерге назар аударуының медициналық себептері қандай? 

Ер адам басқа әйелдерге қараса, жұбайы өзін ақылсыз санап, махаббатқа лайықсыз сезініп жатады. Әлбетте бұл жағдай кез келген әйелге ұнамайды, тіпті оның көңілін қалдырады. Оңайлықпен қызғанышқа жол бермеймін десе де, серігінің басқа әйелге сүйсініп тұрғанын көру жаны нәзік аруды ренжітуі мүмкін. Бірақ олар неге өзге әйелді іздейді?

Бұл - еркекке тән инстинкт

Ер адамдар ерте заманнан бері аңшылықпен айналысқан. Аңшылықпен күн көретін адамдар үшін олардың негізгі қаруы көз болған. Ер адамның миы әйелдерге қарағанда әлдеқайда күштірек екені айтылып келеді. Егер оның жанында қандай да бір бейне болса, ол оған міндетті түрде қарайды. Бұл сізді тартымсыз деп санау емес немесе ұнатпай қалды дегенді білдірмейді. The Male Brain кітабының авторы, медицина ғылымдарының докторы Луэнн Бризендайн ер мен әйелдің миында айтарлықтай айырмашылық бар екенін айтады. Мәселен, ер адамның миындағы жыныстық қалау әйелдерге қарағанда шамамен 2,5 есе жоғары болады.

Тестостеронның әсері

Неліктен ер адамдар басқа әйелдерге қарайды? Бұл олардың тестостерон гормонына байланысты. Ерлердің қанындағы тестостерон деңгейі әйелдерге қарағанда алты есе жоғары. Колумбия университетінің зерттеушілерінің айтуынша, импульсты басқаратын ми аймағы тестостерон салдарынан өзгереді, бұл ер адамның ойлаудан гөрі көру реакциясына әсер етеді. Тағы да оқыңыздар: 

Ер адамның басқа әйел іздеуінің себебі діни тұрғыда қалай түсіндіріледі? islam.kz сайтында ер адамның әйелге беймәлім 10 құпиясы туралы мынадай мәлімет берілген:

Ер адам тәуелді болғанды қаламайды, әйелінің ісіне бей-берекет араласа бергенін ұнатпайды.

Ер адам "жоқ" деп жауап бергенді ұнатады. Бұл оның жігіт екенін, күшті екенін сезінуге ықпал етеді.

Ер адам әйелінің тарапынан киіміне өзгеріс енгізгенін аса қаламайды. Мұндайда өзін әлсіз бала секілді сезінеді.

Ер адамдар әңгімені төтесінен бастайды. Кейде үндемей қалады. Ал көп әйел мұны сөйлескісі келмей отыр деп түсінеді. Шындығында күйеудің тілінде сөйлесе алмағандықтан осындай түсініспеушіліктер туындайды.

Ер адам көзбен көрген дүниелерге әсерленеді. Мысалы: әдемі киім, хош иіс, сыртқы сұлулық. Күйеуіңіздің табиғаты нені қаласа, соны орындаған абзал. Ал әйелдер керісінше есту арқылы әсер алады. Сондықтан да әйелдер жылы сөзді жақсы көреді.

Ер адам өзін құрметтемейтін әйелді жақсы көрмейді. Отбасында, қоғам алдында ер адамның еңсесінің тік болуы әйелге тікелей байланысты. Егер еркек жақындарының арасында құрметке бөленбесе, оны сырттан іздейді.

Ер адам жүйелілікті жақсы көреді. Олар баратын жеріне бар-жоғы он минут дайындалады. Ал әйелдерге керісінше ұзағырақ уақыт керек. Осы тұста келіспеушіліктер болып жатады.

Ер адам әйелдің күнделікті сөйлетін сөзінің үштен бірін ғана сөйлейді. Кейбір әйелдер мұны дұрыс түсінбей, сөйлескісі келмей жүр деп ойлап жатады. Бұл - еркекке тән табиғат.

Ер адам мен әйелдің мақсатында айырмашылықтар болады. Мысалы, ер адам базарға бір киім алуға барса, дәл сол киімді алып қайтады. Ал әйелдерге базар аралау қызығырақ.

Әйелдер өзіне деген құрметті сәт сайын білгісі келіп тұрады. Мысалы, гүл шоқтарын, сыйлық берсе, қуанып қалады. Ал ер адам үшін сенім мен құрмет жеткілікті. 

Отбасылық өмір үлкен жауапкершілікті талап етеді. Шаңырақтың шайқалмауы ер адамға да, әйел затына да тікелей байланысты. Сондықтан мамандардың пікірлерін ескере отырып, қасыңызда жүрген адамды бағалауды, тәнті етуді үйренген абзалырақ. 

kaz.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста