Еріңіздің «қуаты» төмендесе...
Жыныстық «қуаттың» төмендеуі – ер адамның психологиясына теріс әсер ететін, қарым-қатынаста біраз қиындық тудыратын проблема. Сондықтан әйел адам оған түсіністікпен қарап, қолынан келгенше, көмегін аямауы тиіс. Себебі, әйелінің тарапынан болатын психологиялық, моральдық көмек ер азаматқа көбірек пайдасын тигізері хақ. Біз сіздердің назарларыңызға үйде өзіңіз жасап бере алатын бірнеше тәсілдерді ұсынамыз.
Женшень тамырының тұнбасы
100 мл араққа 1 ас қасық ұсақталған женшень тамырын қосып, 7 күнге қараңғы жерге қойып қою керек. Ара-тұра сілкілеп тұрған жөн. Қабылдар алдында сүзіңіз. Тамаққа дейін 30 минут бұрын 20-40 тамшыдан күніне 2-3 рет ішу керек.
Сасықшөп (пустырник) тұнбасы
2 шәй қасық сасықшөпке 2 стақан салқын қайнаған су қосып, 8 сағатқа тұндырып қою керек. Бұл қоспаны жарты стақаннан күніне 3 рет тамақтанар алдында ішу керек.
Үйеңкі жапырағының тұнбасы
1 ас қасық кептіріліп, ұнтақталған үйеңкі жапырағына 200 мл қайнаған су құйып, тұндыру керек. Тұнба суыған соң, күніне 3-4 рет 50 мл-ден ішкен жөн.
Ер адамның «қуатын» күшейтуде шөп тұнбаларымен емдеу толық нәтиже бере алмауы мүмкін. Сондықтан дәрігерге қаралып, себебін анықтап, қосымша дәрілік тәсілдерді қолданған дұрыс болар. Сонымен қатар дұрыс нәтиже болу үшін, шылым шегу, алкогольдік ішімдік қолдану, майлы тағам жеу, жұмыстан шаршау, күйзеліс деген сияқты зиянды әрекеттерден аулақ болған дұрыс. Көбірек демалып, дұрыс тамақтанып, таза ауада сергіп, спортқа бет бұру өз көмегін тигізбей қоймайды.
Жыныстық күшті арттыруға қандай азық-түліктер көмектеседі? Бұл жерде, ең алдымен, табиғи көкөніс, жеміс-жидектерді айту керек. Апельсин, лимон, інжір, анармен қоса, пияздың да түр-түрі бұндай кезде көп көмегн тигізеді. Сонымен қатар, грек жаңғағы, жер жаңғағы, пісте де өте пайдалы деп айтуға болады. Ал егер пиязды жұмытқамен қосып жесе, әсері тіптен жақсы болады деген де ғалымдардың пікірі бар. Тағамға жалбыз, зире, шайқурайдың көкнәрін қосқанның да әсері тиері анық. Сондай-ақ шалқанды да көбірек сатып алғаныңыз жөн болар. Себебі, оны етпен бірге қайнатылған шалқанның ер адамға көмегі зор. Саңырауқұлақ, асқабақ дәні, қалақай, қарабидай нанын да осы тізімге қосуға болады.
Бұл жерде ақуызды тағамды ерекше атап өту керек. Әдетте эротикалық тағам ретінде ірі қараның, ұсақ малдың еті, құс пен балық етінен тағамдар көп әзірленетінін білеміз. Сондықтан ең басты құпияның бірі – етті тағамды көбірек қолдану.