Ер адам қалжыңдаймын деп әйелінің "ойнасы" бар екенін білді
Әйелінің өзін сағынып, жылағанын көргісі келген ер адам қалжыңдап хат жазып қалдырып, өзі төсектің астына тығылып қалады. Үйіне келген келіншегінің хатты оқығандағы әрекетін көргенде, әйелін танымай қалды., - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
Хатқа «Мен сенен тойдым, жыныма тиiп бiттiң, үйден кеттiм аман бол» деп жазып, жұбайын тексермек болды. Әйелiнің келiп хатты оқып, қиналып құрбыларына телефон соғып жылағанын көргiсi келдi. Сағаттап күткен әйелi де келедi, хатты оқиды. Бiрнеше минуттық үнсiздiктен кейiн әйелi қолына қалам алып бiр парақ қағазға хат жазып, үстелдің үстiне қойды. Әйелінiң еш мұңаймай, керiсiнше көтеріңкі көңiл күймен музыка қойып билейді. Бір кезде боянып, киiне бастайды. Оны көрген күйеуi таң қалады, бiрақ алда бұдан да жаман көрiнiс күтiп тұрғанын білмейтін еді. Әйелi қолына телефонын алып, белгісіз бір нөмір терiп бiреуге хабарласа бастады. Күйеуi құлағын түрiп тыңдап жатыр.
«Сәлем қымбаттым. Мен дайынмын, қазiр саған барам. Ал анау ақымаққа келсек, мен оның әбден жынына тиiп, күнде қанын iштiм, ақыры өзi-ақ үйден кеттi. Қалай соған күйеуге шықтым, бiлмеймiн. Неге сенi ертерек көрмедiм? Көрiскенше, жаным», — деп тұтқаны қойып, бөлмеден шығып кеттi.
Бiрнеше секундтан соң күйеуi сыртқы есiктiң ашылып жабылғанынан әйелінің кеткенін білді. Оның бұл iсiн көрген күйеуiнің көзiне тоқтаусыз жас келдi. Көзiнде домаланған жаспен күйеуi кереуеттің астынан сүйретiлiп әрең шығып әйелi жазған хатты оқуға асықты. Көзiнен тоқтамай жас тамып, қолы дірілдеп хатты оқи бастады.
Хатта былай деп жазыпты: «Кереуеттің астынан аяғың шығып жатыр, мен дүкеннен нан алуға кеттiм».