Енемнің кас-кабағына караудан шаршадым
Сұлу да, сымбатты арулар, жеңгелер, қыз-келіншектер, сəлеметсіздер ме! Мен 25 жастамын, тұрмыстамын 4 жыл болды, 1 балам бар. Менің мəселем енем. Осы босағаны аттағалы бері ол кісіге жаға алмай қойдым. Түсінбеймін, баласын қызғана ма, әлде мені жек көре ме?
Үйленгелі жолдасыммен бір рет те кыдырып шықпадық. Ешқайда жібергісі келмейді мені. Үйде отыруым керек, болды. Төркінімнің өзіне қырғын соғыс жасап, сөйлеп əрең барамыз. Күйеуім жуас, мамасы аузын аштырмайды. Енді казір декреттемін, балам 1,3 ай. Көктемде жұмысқа шығам десем, енем: "не пайда тапканың жолыңнан аспайды" дейді, бірақ өздері маған ештеңе әпермейді. Ештене алып беріп откан жоқ,өзіме де балама да.Өзіме де, балама да қаже затты біреуі алып беріп көрген емес. Тырнақ астынан кір іздеп, 4 жыл бойы миымды жеп, жүйкемді тоздырып жіберді. Енді жұмыска шыққым келеді, тым болмағанда ойым бөлініп, керегімді алып дегендей, баламды балабақшаға бергім келеді. Өзіміз ауылдың шет жағына қарай тұрамыз, ешкіммен араласпайды өздері. Үйде еркін жүре алмаймын, енемнің кас-кабағына караудан шаршадым. Енді жұмыска шығып кетсем, тағы соғыс болайын деп тұр. Не істегінім дұрыс? Ақыл-ой ,пікір білдірініздерші.