Енем бізді ажыратып жібере ме деп қорқамын

Енем бізді ажыратып жібере ме деп қорқамын

Сәлеметсіздерме! Мен бүгінгі күні қиын күн кешіп келемін. Әрине, біреуді жамандап, тек өзіңді жақсымын деп айту әдепсіздік. Бірақ өмірде адам ойламаған жайларда болады екен. Біз екі келінбіз. Енем екеуімізді де жақтырмайды. Екеуімізді бір-бірімізге жамандап отыратын енені бірінші рет көрдім. Сонымен қатар, ағайындарды да жамандап отырады балаларына. Балалары да шешесінің тәрбиесімен өскен. Бізді ешкіммен араластырмайды. Жұрттың бәрін дуа жасайды деп айтып отырады, тіпті бізді де солай ойлайды. Талай сыртымыздан бал аштырғанын анда-санда сөз арасында өзі айтып қалады. Өз туған келіндерін осындай сорақылық жасайды деп ойлағаны несі? Демек, өзі жас келін кезінде енесінен солай жасаған шығар деп ойлап қаламын кейде. Өзі сондай салақ, қызы да салақ. Қызы ажырасып келген, яғни қайын әпкем. Өмірде олардай салақ адам көрмеппін. Өзіне қарап алмай бізге ақыл айтуға ұста, осы байдан келген соң келінге жексұрын болмай тыныш отырса қайтеді екен? Енем күйеуіміздің қалай басын айналдырып алатынын білмеймін, бізге қарсы қойып қояды ғой. Күйеуім келгенде өтірік ауырып жатады, ал күйеуім жоқта қақшаңдап тәуірлене кетеді. Себебі, қой дейтін қайын атамыз бақилық боп кеткен. Мен де кейде шаршап кетемін. Ене өз анаңдай болмайды. Басқа енелерді білмеймін, менің енем өз анамдай маған жаны ашымайды, қайта менің абыройымды шашсам деп жүрген адам. Күйеуім үшін шыдап жүрмін. Бірақ, бізді ажыратып жібере ме деп қорқам. Осы қыздар енелерін жамандай береді деп ойлайтынмын бұрын, енді түсініп отырмын. Басқа түспей ешкім де түсінбейді екен.
Ана БОЛ сайты, психолог маман, маған сабыр сақтауға көмектесіңіздерші!!!! Ақылдарыңызды айтыңыздаршы!!!!
Арайлым, Оңтүстік Қазақстан облысы


Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры, психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы

Сәлеметсізбе, Арайлым ханым! Дұрыс айтасыз, өзіңді жақсымын деп, біреуді жамандау әдепсіздік. Сондықтан, кінәні өзіңізден де іздеп көріңіз. Мүмкін, сізден де қателік бар шығар... Бір сәт ойлана біліңіз! Егер, екі келінді де сидыртпаса, енеңіз де қаһарлы адам сынды. Бірақ, есіңізде болсын, «жылы, жылы сөйлесең, жылан үйірінен шығады». Жылы сөйлеп, енеңізді жақсы сөзбен алдай біліңіз! Жаман адам болмайды, ол кісінің де бір жақсы қасиеті бар шығар, ең құрығанда, сол қасиеті үшін жақсы көріңіз. Сол қасиетін бағалап, мақтау сөздер айтып отырыңыз. Қайын әпкеңізге де дәл сондай қарым-қатынас жасаңыз. Десе де бәрі орнымен, өз бағаңызды түсірмеңіз, жағымпаздық танытудың қажеті жоқ. Әркімнің әлсіз тұсы болады, соны біліп алып, осы бағытта жұмыс жасауыңыз керек. 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста