Ең қиыны сүйген адамыңды өзге жанмен бірге көру екен....
Құлай сүйген, бар жүрегіңмен беріліп сүйген адамың, өзіңнен артық сенген адамың, бәрінен артық көрген адамың сені уақытша сезімдерге оңай айыр бастап кетсе, қандай күйге түсеміз?
Ол кездегі қиналыстың қандай боларын, сағынышпен өмір сүрудің, қызғаныштан күюдің, ішіңдегі жалып жүрегіңді қоса шарпып, лаулаған сәттегі жан айқайын, бір-ақ сәтте бәрінен айырылудың қандай қиын екенің басынан өткермеген адам түсіне қоймасы анық...
'Мен оны сүйдім, шын сүйдім, ол үшін жан беруге де даяр болдым, ол да мені дәл солай сүйеді деп ойладым. Болашағымды тек сол адаммен елестеттім, арман-мақсатым сол адаммен өмір бойы бірге болу еді...
Әттең, тағдырдың жазғанына шара бар ма? Жүрек кімді сүю керектігін шешкенмен, тағдырымыз тоғыспаса бәрі бекер екен. Сезімдерім аяққа тапталды, сеніміме серкеу түсті, 'Адалдық деген сөздің мән-мағынасы жоғалды мен үшін. Енді ғана бақытты бола бастаған шағымда барлығының астан-кестеңін шығарып, арман-қиялдарымның түгін қалдырмай жоқ қылды. Жүрегім тілгіленіп барады, жаным қиналып, азаптаным жатқандай, ішімдегі жалынмен салыстырғанда тозақ оты аяз болып көрінді.
Қызғаныш, сағыныш,үміттену, бауыр басу, қимастық... Жанайқайымды ешкім естімейді, жанымды ешкім ұғына алмайды, сезімім тұншығып барады. Ең қиыны сүйген адамыңды өзге жанмен бірге көру екен....
Аноним