«Екіқабат әйелім бар. Мен ескі махаббатыммен жатып жүрмін» – бір жігіттің сыры

«Екіқабат әйелім бар. Мен ескі махаббатыммен жатып жүрмін» – бір жігіттің сыры

Әсия екеуіміз студент кезімізде танысқан едік. Бір-бірімізді қатты сүйіп, бір жылдай кездесіп жүрдік. Кейіннен айырылысып кеттік.

Себебі, мен ол кезде үйленуге дайын емес едім. Бірер жыл қоя тұрайық деп едім, Әсия «мені шын сүймейсің, қыздығымды алдың, алдадың», деп ренжіді. Оның үстіне, Әсияны анам ұнатпады. Тікбақай, бірбеткей қаланың қызы инабатты келін бола алмайтынын айтқан еді. Әсия да «ұнатпаған жерге қалай сиямын, анаң жақтырмайды мені», – деп көңілі қатты құлазыған болатын. Бара-бара кездесуге шықпайтын болды. Сөйтіп жүріп арамыз суып кетті. Бір-екі рет үйіне іздеп барып едім, таппадым.

Үш жылдан кейін институтты бітіріп, жұмысқа орналасып, бір қызбен танысып, соған үйлендім. Әйелім анау дегендей сұлу болмағанымен, сүйкімді еді. Өзінше бір әйелге тән нәзіктігі, еркелігі бар. Біреуден артық, біреуден кем тұрмысымыз бар, астымда көлігім, басымда баспанам бар. Әйелім екеуіміз тұңғышымызды күтіп жүрміз, аз қалды, бір ай.

Мен Әсияның күйеуге тигенін де білемін. Бір қызы бар екен, күйеуі өзінен алты жас үлкен азамат, оны жақсы көреді деп естідім. Бір күні телефоныма бір қыз хабарласты. Басында кешіріңіз, қателестім деп тұтқаны қоя салды.

Бір сағаттан соң қайта хабарласып,

«мен Әсиямын ғой, қалайсың?» дегенде сасып қалғаным рас. Бір сәтке ойланып қалдым да, бірден есімді жиып едім, жүрегім аттай тулап кетті.

Жұмыстан кейін екеуіміз кездестік. Сәнді киінген Әсия бұрынғыдан да құлпырып, ажарланып кетіпті. Бірақ көзінде мұң бар. Біршама әңгімелесіп, өміріміздегі жаңалық-өзгерістерімізбен бөлістік. Күйеуі – көлік жуатын кешені бар шағын кәсіпкер екен. Өзі де жұмыс істейді екен. Төрт құбыласы тең отбасына не жетпей тұрғаны мен үшін беймәлім болып қалды. Әсия ол туралы ашып айтпады.

Бұрынғы сезімдерге ерік беріп, екеуіміз пәтер жалдап, бірер сағат құмарымыздан шықтық.

Бұдан кейін Әсиямен бір-екі рет кездесіп, жүріп, бір күні әйеліме ұсталып қала жаздадым. Сонда ғана барып түстен оянғандай болып, не істеп, не бүлдіріп жүргенімді сездім.

Әсиямен сөйлесіп, «бұлай жасауға болмайды, сен де күйеуіңнің көзіне шөп салып жүрсің, мен де әйеліме обал жасап жүрмін, осымен қояйық» дедім.
Бірақ, Әсия «сүйемін ғой сені» деп зар жылап, жайыма қалдырар емес.

Енді міне, үйімнің алдында күтіп алатын болды. Әйелім терезеден көріп қала ма деп жаным шығады.

Көмектесіңіздерші, не істесем болады? Таразының бір басында Әсияға деген бір тартылыс күш бар, екінші басында әлі өмірге келмеген балам мен жарым тұр.

Не істесем болады?

Жазып алған: Аяжан Төрехан

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста