Екі әйелдің бірі болғым келмейді...

Екі әйелдің бірі болғым келмейді...

Сайттарыңыздыңт отбасына арналған айдарындағы бір мақаласын да құр жібермей, оқып отырамын. Біреудің сыры, біреудің мұңы төгілетін алаң іспеттес. Жақыныңа да айта алмайтын жан сырың болады ғой. Ал мұнда ешкім сені танымайды, есесіне сыр ғып шерткен жан жараңды жазу үшін көптеген жандар ақыл-кеңесін беріп отырады. Ол да бір көмек қой. Жан сырыңды жайып салар жан таппай жаббыққан да жаман дейді ғой. Мен де бүгін ішіме бүккен сырымды ақтарсам деп едім...

 

Мектепте оқып жүргенде алты қыз жұбымыз жазылмай бірге жүретінбіз. қуансақ та, қайғырсақ да біргеміз. Жұрт бізге қызыға қарайтын. Мектеп бітірген соң да бір бірімізбен ара қатынасымызды үзбей, үнемі кездесіп. шүйіркелесіп тұрдық.

 

Арамызда ең алдымен Ақмаржан есімді қыз тұрмыс құрды. Өмірдің заңы ғой, құрбыларым уақыт сағаты келгенде жұбын тауып жарасып жатты. Екі-ақ қыз қалғанға дейін ештеңе ойламаппын. Ал тобымыздағы Айғаным тұрмысқа шыққан күні мен жапанда жалғыз қалғандай әбден жылағаным есімде.

 

Біртүрлі қатар құрбыларыңнан қалып кеткен де қиын екен. Жігіт деген жолымда пішен еді деп айта алмаймын. Бірақ бірді-екілі жігітпен жүргенім рас. Жалғыз өзім қалған соң қатты ойлана бастадым. Сезімін білдіріп жүрген Ерік есімді жігітке еркімді бермесем де кет әрі емес едім. Содан әлгі Ерікті болашақ жарым болса қалай болар екен деп ойлана бастадым.

 

Былайымша жаман жігіт емес сықылды. Қыздар да қылқылдай бастаған, «ертерек тұрмыс құр, қалып кетесің...» деп. Бұрын жүрдім-бардым қарайтын Ерігім мен жылышырай таныта бастаған соң күн құрғатпай келетін болды. Мен оны асқан сезіммен беріле сүйдім деп айта алмаймын. Бірақ қандай да бір сезімнің ұшқыны болғаны рас. Бастысы өзіңнің емес, жігіттің сүйгені емес пе?

 

Арада үш ай өткенде Ерік екеуміз бас құрадық. Тәп-тәуір басталған өмір жолымыз өз арнасымен ағып жатты. Сүймей қосылсам да күйеуіме бауыр басып кеттім. Тіпті жылдар жылжып аққан арада мен оны сүйіп те қалған сияқтымын. Үш баланы дүниеге әкелдім. Күйеуім де мен дегенде өліп тұратын сияқты еді. Бірақ соңғы уақытта суынып жүргенін байқап жүрмін.

 

Мен үшін сүйген адамыңның көзіңе шөп салғаны өліммен бірдей көрінетін. Бірақ адам деген көре-көре бәріне көндігеді екен ғой. Үйленгенімізге алты жыл уақыт болғанда бір күні үйімізге үлкен абысыным келді. Суыртпақтап әңгімені алыстан бастаған ол күйеуімнің көрші жесір әйелмен әуейі болып жүргенін жеткізді. Мұндайды күтпеген мен жер дүние айналып бара жатқандай ішім әлем тапырық болып кетті. Бәрін айтып болған соң абысыным, «Ерікті адам болады деп үміт күтіп жүрсің бе, одан да балаларыңды алып жас шағыңды қор қылмай кетіп қал, ол адам болмайды» деді. Сол сәтте абысынымды сондай жек көріп кеттім. Ол емес, маған сатқындық жасаған Ерік кінәлі емес пе? Жоқ мен Ерікті емес, абысынымды жек көрдім. Кешке үйге келген Ерік ештеңені мойындамады. «Өтірік, ол абысыныңның өсекші екенін білесің ғой, соған сеніп жүрген сен де ақымақ, біздің ажырасқанымызды есіткенде ең бірінші қуанатын сол болады» деді. Мен сендім. Бастысы шаңырағымды шайқалтпай отбасымды сақтап қалу еді. Ішім өртеніп тұрса да үндемедім.

 

Бұдан кейін де сатқындықтың неше атасын көрдім ғой. Бұл басы ғана екен. «Күйеуіңді ана жерде бір әйелмен, мына жерде бір әйелмен көрдік» дейтіндер көбейді. Ал Ерікке айтсам ол өлсе де мойындамайды.

 

Соңғы кезде бір әйелмен қатты әуейі болып жүр. Үш жылға жуықтады. Не кетпейді, не қалмайды. Апталатып жоғалып кетеді, жұмысқа барып келдім деп дым болмағандай жүреді үйде.

 

Оның ұялы телефоны менің атыма тіркелген. Менікі де дұрыс емес шығар, кімге звандағандарын бәрін тексеріп тұрамын. Сол баяғы нөмір, менің түн ұйқымды ұрлаған, тынышымды кетірген, жастыққа жасымды шылатып, жаныма қаяу түсірген. Менімен екі-ақ минут сөйлесетін күйеуім онымен түнгі үштерде жарты сағат, арасын үзіп-үзіп кейде екі сағатқа жуық сөйлесіпті. Не деген бітпейтін әңгіме, не деген ғашықтық дастан. Ерікке айтсам сол баяғы әдеті мойындамайды.

 

Өткенде соңғы қылығы тіптен ашындырып жіберді. Жұмыспен Жезқазғанға кеттім деген ғой. Ұйқым келмей дөңбекшіп жатқам бір уақытта қоңырау түсті күйеуімнен, тұтқаны көтерсем ешкім сөйлемейді, «алло, алло...» деймін, жауап жоқ. Бір уақытта ар жақтан «жаным, жаным» деген дауыс шықты. Оның дауысын есіткенде ішім әлем тапырық болып өртеніп кетті. Бір әйелдің дауысы шығады «қойсаңшы, қойсаңшы...» деп салдақыланған... Енді мені осылай мазақ қылуға көшті. Күйіп кеттім.

 

Өмірімді өксікпен өткізбей бір жағына шығайын, бәріне де нүкте қояйын деп шештім. Ерік келген соң отырғызып қойып сөйлестім. «Екі қатынның бірі болып өліп қалсам да жүрмеймін, кет үйден, ажырасайық, менен кеткен соң жүз қатын аласың ба, екі жүз қатын аласың ба өзің білесің» дедім. Сөйтсем «мен ажыраспаймын, кетпеймін, оның бәрі өтірік» деп мені тағы да ақымақ қылады ғой. Қалай төзуге болады, соншама қор қылатындай... Мен де адамның баласы емеспін бе? Бұл қорлық қашанға дейін жалғаса бермек? Мен шаршадым, бәрінен шаршадым, безіп кеткім келіп жүр... Не істесем екен? Ішкі жан дүнием өрт шалғандай күйеді де тұрады. Өзім сүйіп көретін «Титаник» кинофильмінде Розаның анасы «Әйелдің міндеті шыдау және бағыну» демейтін бе еді? Бірақ қашанға дейін төзуге болады? Шыдамның да шегі, төзімнің де түбі бар емес пе? Осындайда ол адам болмайды деп айтқан баяғы абысыным көреген екен ғой деген ойға қаламын. Өзімді қорлатқызып қойып, күнде жылап өмірім өткенше, бір жаққа безіп кеткім келіп жүр. Оны көрмейтін, сөздерін естімейтіндей бір жақта жаным тыныш өмір сүргім келеді. Не істесем екен?

 

 

 

Жаннұр, Ақтөбе.

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста