Бүгінде 18 жасқа толған қызды бір жыл бұрын досым деп жүрген жақыны зорлап кеткен. Бұл туралы бойжеткен Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің жасым 18-де. Осыдан бір жыл бұрын мені дос балам зорлап кетті. Мен ешкімге айтпадым. Ертеңгі күні тұрмысқа шықсам не болады деп қатты қорқамын. Гинекологқа барып, қаралайын десем ұяламын",- деп жазды ол.
Қазір түрлі ойдың шырмауына түскен қыз не істерін білмей, жұрттан кеңес сұрауда.