Бұрынғы жігітім кездесуге шақырды
Саламатсыздар ма! Қазір маған ұрсасыздар, білем, бірақ ішімде бүкпей сырымды айтайын. Менің жасым 30-да! Екі балам бар. Күйеуім жақсы адам, тұйык, ұрмайды, сокпайды, мінезі жұмсақ, өзгемен шаруасы жоқ. Мен жолдасымды сыйлаймын, бірақ оған деген сезімім керемет деп айта алмаймын.
Жақында бұрын сөйлескен жігітті көріп қалдым. Мен оны кезінде қатты ұнатқанмын, бірак тұрмысқа шакырмады, ол алыста болды. Жастықтың буымен оған ренжіп, қазіргі куйеуіме тұрмысқа шығып кеттім. Шүкір отбасым түгел, жап-жақсы өмір сүріп жатыр едік. Бұрынғы жігітімді кездестіргелі, көңілім бұзылды. Сол жігіт қазір мені кездесуге шақырып қоймай жүр. Маған деген әлі сезімі бар екен. Қазір оның да өз бала-шағасы бар. Бірақ мен оны әлі жақсы көреді екенмін. Көргім келеді, сөйлескім кеп тұрады. Енді не істесем екен? Қалай ұмытам оны?
Аноним