Бұл махаббат па, адасу ма?

Бұл махаббат па, адасу ма?

Осындай ой бөлісіп, сыр айтып, әр адамның өмір қоржынын кеңес пен ақылға толтыратын ортақ дүние ашқандарыңызға мың да бір рахмет. Мен де осы жердегі оқырмандардан ақыл-кеңес сұрағым келіп отыр. Өзімнің сіңілім жайлы айтып өткім келеді. 

Менің сіңілім бар, жасы 23- ке келеді. Үйде үш баламыз. Сіңілім кішкентайынан үлде мен бүлдеге оранып өсті. Үйдің еркесі. Университет бітіргеннен кейін жақсы жұмысқа тұрғыздық. Алланың берген түр-сыйы да керемет. Ешқашан жігітпен жүрмеген болатын. "Жігітпен жүр, жасың келді, қызығушылық танытып сөз салғандар бар, неге жалғызсың?" деп қоймайтынмын. Сөйтіп жүргенде өзінің жұмысындағы бір жігітті қатты ұнататынын айтты. Кейіннен ол жігіт те сіңіліме сөз айтып, екеуі жүре бастады. Күнделікті кешке сонымен кездесе бастады. Әлгі жігіт қызды романтикаға батыратын еді, таңы гүлсіз атпайтын.
Бір күні таныстыруға да әкелді. Сіңілім бақытты. «Соған күйеуге шығамын» деп мәз-мейрам болып, бақыттан басы айналып жүрді. Екі жыл шамасында екеуі қыз бен жігіт болып кездесті. Әр кездескенін, аттаған қадамын, не істеп не қойғанын маған айтып отыратын еді. Жақындасып та қойған екеуі. Осылайша біраз уақыт өткен соң жаңағы жігіттің отбасы, қызы бар екенін білдік.
Шыны керек, қатты таң қалдық. Қалай отбасылы еркек емін-еркін өмір сүреді деп. Сіңілім жұмыстан шығып кетті. Үйде жата-жата депрессияға түсіп кетті. Анама жаймен өзім жағдайын түсіндірдім. «Өзіне қол жұмсап қоя ма» деп өз үйіме тұрғыздым. Ана жігіт мазалауын қоймаған соң, телефон нөмірін де ауыстырдым. Сонда да жігіттің қалатын ойы жоқ.
"Ажырассаң жөніңе ажырас, менің сіңілімді араластырма. Асырап отырған қызыңды біреу осылай алдаса не істер едің, қандай күйде болар едің",- деп ішімдегінің бәрін айтып үйден қуып жібердім. Содан ол жоғалып кетті. Сіңілім әбден тозып, азып құр сүлдері ғана қалды. Не тамақ ішпейді дұрыстап, не ешкімен сөйлеспейды. Үндеместен теледидар қарап отыра беретінді шығарды. Ойы бөлінсін деп анда-мында апардым, жаңа кимдер сатып әпердім, бір-екі жігітпен де таныстырдым, онымнан түк шықпады.
Бір күні ұзын шашын тақырлап алып тастады. Неге деп мен жылап едім, "бәрін басынан бастаймын" деді, көзінен еш өкініш байқай алмадым. «Психологиялық ауруға шалдықты ма» деп қорқып үйге психолог әкелдім. «Мен ауру емеспін» деп психологты үйден қуып шықты. Парик киіп алып, құрбыларымен қыдыруға кететін. Сөйтсем, жаңағы жігітпен қайта кездесіп жүр екен. Ұрыссам, басқа жігіт қасында өзімді елестете алмаймын дейді. Әкеме, ағама айтып «мыналарды тоқтатайық» дедім. Ағам ашуланып, бетінен тартып жіберді. Сол түннен бастап мүлдем сөйлемейтін болды. Екі ай шамасында мылқаудың күйін кешіп жүрді.
Бірде жайлап әңгімеге тарттым. "Бұл өмірде не қалайсың?" деп сұрадым. Ол болса еңіреп жылап: "Бақытты болғым келеді. Сүйгенімнің қасында күнде бірге оянғым келеді. Менің барым сол ғана. Онсыз мен өмір сүре алмаймын. Жаным сыздап ауырып жатқанда соның дауысы ғана ем болады. Менің алғашқы еркегім де сол. Өзге жігіттерге қарауға тырысса да сол жігітімнің бейнесін іздеп тұрамын" деді. «Ол - сенің адамың емес, өзгеге тиесілі» дегенді ұғатын емес. Тағы солай қырсыққан күйінде үн қатпастан қалды. Ол жігітті шақырып сөйлестім. Ол да «қызды сүйем» дегеннен басқа сөз айта алмады. Осындай ақылы жоқ еркекті алғаш көруім. "Неге басында алдадың, жас қыздың өмірін құрттың" десем, "қатты сүйіп қалдым 18-20 жасымда бермеген махаббатты енді берді, бәрібір отбасымда еш жылулық жоқ, қызым үшін ғана жүрмін, ажырасатын күн де алыс емес" деп қояды. Бетін тілгеннен пайда жоқ, ештеңе айта алмадым. Сіңіліме де айта-айта жалықтым. Қатты айтсаң, талып қалады, одан қалса айлап мылқауланады. «Бізді қарабет қылма» деп әке-шешем үйден ешқайда шығармай қойды. Үндемей жүргенде неврит болып қалды. Бет-аузы жыбырламайды, шашы өсіп келе жатыр. Жұрт танудан қалды. Әулие-емші аралап бармаған жеріміз жоқ. Әлі сөйлемей жүр. Ноутбуктан көзін алмайды. Оқитыны ылғи любовница, женатый мужчина, ночная жена деген дүниелер. Тек осы тақырыпта кинолар көріп, осы тақырыпта өлеңдер тыңдайды. «Обречена любить чужога мужа» деген жазуды экранға заставкаға қойып қойыпты. Мәскеуге де апарып келдік. Қазір ауруханада. Тек, сол жігітті көрсе ғана мәз болып сөйлеседі. Жігіті ажырасыпты. «Ауруханадан шыққан соң осы жігітпен кетемін» дейді. Әкем «не істесе оны істесін» деп қолын бір сілтеді. Екеуінің де жүйкелерінде ауытқу бар сияқты, әйтпесе адам сезімге осыншама өздерін жығып бере ме? Бәрімізден сол жігіт үшін бас тартып отыр. Жігіттің бұрынғы әйелімен де сөйлестім. Оны да түсіне алмадым. "Мен екеуінің жүретінін білгенде оны свободный полетқа жібергем, сендер неге олардың бақытына қарсы тұрдыңдар" деп қарап отыр. Бұлар да не өзі? Махаббат па, адасу ма? Емшілер қыз дуаланған дейді. Бауырым болғасын ойымнан кетер емес. Не істесек болады. Әкем де қатты таусылып жүр. Әлде екеуін қосқанымыз дұрыс па?

Зағира, Ақмола облысы

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста