Барлық нәрсенің мөлшерімен, артық не кем болмағаны жақсы екен... Бұл туралы ERNUR.KZ сайтында жарияланды.
Әрбір ересек адам, нақтырағы, отбасылы адамның барлығы да төсек қатынасы жайлы сырдың барлығын білеміз деп ойлайды. Егер бізге таныс болмаған жағдайлар болса, интернеттен көріп-білуді немесе жыныстық сауаттылықты арттыру үшін арнайы кітаптарды да оқуды жалғастыра беруіміз мүмкін. Бірақ, сіздер үшін қызықы деректі назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Тестостерон КӨП болса да «ҚАУІПТІ»
Барлық нәрсенің мөлшерімен, артық не кем болмағаны жақсы екен. Өйткені, екеуі де адам денсаулығы үшін пайдалы деп айта алмаймыз. Әдетте, еркектік гармондардың шамадан тыс көптігі оның жыныстық қатынасқа деген құмарлығын арттырады деп ойлаудың қателік екенін шетелдік ғалымдар анықтаған екен. Олардың зерттеуі бойынша 20 жастағы бойдақ жігіттер үйленген еркектерге қарағанда өздерін жыныстық қатынастан көбірек тыя алады. Таңғаларлығы, үйленген еркектерге қарағанда бойдақ жігіттерде тестостерон деңгейі жоғары болатын көрінеді. Мұндай типтегі еркектер ұзақ уақыт бойы үйленбестен жүре береді немесе ажырасып кетеді. Өйткені, отбасылық өмірде, әйелімен төсек қатынасы барысында да, басқа уақыттарда да көбінесе күш көрсетіп, «дөрекілік» танытуы мүмкін.
Жар төсегіне САТҚЫНДЫҚ өлімге әкелуі мүмкін
Мамандардың пікірінше жыныстық қатынас уақытында кездейсоқ жан тапсырған еркектердің көпшілігі үйленген еркектер болып шықты. Олар өз әйеліне опасыздық жасап, басқамен жыныстық қатынас үстінде өлім құшады екен. Мұның себебін мамандар былай түсіндіреді: Спирттік ішімдікті шамадан тыс қолдану және жар төсегіне қиянат жасау оның «өз-өзін кінәлі сезініп, уайымға берілуіне» алып келетін көрінеді. Сондықтан, жүрегі қатты соғып, тынысы бітеді.
Еркектің ОРГАЗМға жете алмауы қатерлі ісікті тудырады
Бұл да ғалымдардың тұжырымдамасы. Оргазмға тез жету әйелдерге қарағанда ер адамдарға қиындық тудырмайды. Өйткені, еркектік ұрықтың сыртқа шығуымен оргазмға жетуді байланыстырамыз. Бірақ, ер адамның жыныстық қуаты тасып, алайда төсек қатынасы болмағандықтан, өзін өзі «тежеу» көкірек ісігіне шалдықтыруы мүмкін. Яғни, тұрақты серігі болмаған, ұзақ уақыт бойы «үйленбеген» еркектерде жыныстық қанағат табу да аз болады. Бұл денсаулыққа зиян.
4. Еркектің жыныс мүшесін саусағына қарап «ӨЛШЕУГЕ» болады
Шылдыр шүмектің (аты жоқ саусақ деп те айтылады) жыныс мүшесімен байланысын көпшілік біле бермеуі мүмкін. Ер адамның тестостерон мөлшері ана құрсағында жатқанда белгілі болады дейді зерттеушілер. Ананың жатырына біткен ұрық ұл болатын болса, оның қаншалықты тестостерон қабылдағанына қарап, дүниеге келетін ұлдың жыныс мүшесі қалыптасады. Егер аты жоқ саусақ сұқ саусақтан ұзын болса, демек, ол анасының құрсағында жатқанда жеткілікті мөлшерде тестостерон гармонына ие болған. Ал, керісінше немесе екі саусақ тең болса, тестостеронды азырақ қабылдаған.
5. Отбасына «байланып» қалған ер азаматтардың тестостерон деңгейі төмендеу болады
Әрине, бұл жақсы нәтиже. Өйткені, мұндай жағдайда, отағасының тестостероны мөлшерден аспаса көптеген отбасылардың шырқы бұзылып кетуінің алдын алады. Мұндай ер азаматтар әйелдің «көңілін аулаудан» гөрі, көбінесе, отбасының берекесін кіргізіп, отбасының жақсы өмір сүруі үшін еңбектенуді жөн көреді.
НҰР ӘЛЕМ,