Бөтен еркекпен «болған» әйелдің мұңы

Бөтен еркекпен «болған» әйелдің мұңы

Бұл әйелдің жайып салған әңгімесі «қалай ұмытсам екен бұл жағдайды, көмек беріңіздерші», деген жалынышты сөздермен аяқталады.

Әйел сырын былай ақтарды:

«Менің жасым 35-тен асты. Кішкентайымнан үздік болғым келетін, жұрттың мен туралы «жақсы қыз» деп айтқанын қалайтынмын. Ол үшін менде бәрі жақсы, мінсіз болуы шарт еді. Күйеуім де кемшіліксіз, балаларым да мұнтаздай, тіл алғыш болуы керек. Бірақ менің талабым қанша жоғары болса да, жақындарым оған сәйкес келе алмауда. Балаларым қыңыр, ерке, ойыншықтарды сындырады, даладан кір-қожалақ болып келеді. Күйеуім туған күнімді, үйленген күнімізді ұмытып кетеді, жұмыстан жиі кешігіп, жолдастарымен сыра, бильярд деп отырып қалады. Сондықтан менің бүгінгі өмірім өзім армандағандай емес, қатардағы қыз-келіншектердікіндей, кәдімгі жалпылама өмір. Әрине, мен адал жармын, күйеуімнің тамағы әркезде әзір, киімдері таза, үтіктелген, әйелге қатысты міндеттерімді толығымен атқарамын деп айта аламын.

Өзге еркекке қарау туралы ой түсіме де кірмейтін. Жанымда өз күйеуімнен өзге біреуді өмірі елестеткен емеспін.
Бірде жұмыста бөлім бастығымыз ауысты. Жасы 45-тердегі адам еді. Таныстығымыз басталып, әңгімеміз түскі аста кофе, шәй ішумен жалғасып жатты.

Бірақтүсініксіз себептермен мені оған бір күш тарта берді.

Оны көрген кездегі сезімдерім мен жан толғаныстарымнан қорқа бастадым. Себебі мен күйеуімнің көзіне шөп салуды ойыма да алмаған тұрмыстағы жас әйелмін. Бірақ, соған қарамастан, маған бір бөйтекі, әдепсіз, арсыз ойлар келе бастады. Әлгі еркекті жиі көргім келіп тұратын болдым.

Ақыры, бір күні кездесуіміз «тәуліктік» жайлы пәтерде жалғасты. Нақсүйерімнің маған деген ынтығы одан сайын қоздыра түседі. Не керек, өзімді баяғыдай, 20 жастағы қыздай сезініп, құштарлығым арта түсті. Құмарлықтың құлына айналып, айызымызды әбден қандырдық.

Енді, міне, жуынып, боянып, бойымды түзеп, түк болмағандай, үйде күйеуімді жұмыстан күтіп отырмын.

Күйеуімнің көзіне шөп салған соң, ешқандай да шешімге келе алмадым. Ішкі дүниемде арпалыс.

Не үшін олай істегенімді білмеймін. Күйеуім жаман адам емес, өзімді сыйлайды. Басқа әйелдер үшін ол нағыз сыйдың өзі болар. Ал мен бейбақ болсам, қайдағы бір қиялды, жаңа немесе басқа бірдеңені қалаған екем.

Бір рет алған әсерім жанға қанша жағымды болса да, ол өткінші нәрсенің күйеуімнің мейірімі мен сыйластығын айырбастай алмайтынын түсіндім. Қолда бардың қадірін білу керек екен. Ал үйдегі сүреңсіз өмірімізді жандандырып, шырайландыру менің қолымда екенін енді білдім. Міне, осындай оймен бүгін күйеуімнің жақсы көретін тағамын пісіріп, тәтті әзірлеп, дастарханды әдемілеп жайып, күтіп отырмын. Күйеуім, балаларыммен бірге «бап-бақытты» отбасымыз улап-шулап тамақ іштік.

Иә, мен жасаған ісіме қатты өкінемін, күйеуімнің жүзіне қарай алмай, өзімнен-өзім ыңғайсызданамын. Қалай ұмытсам екен бұл жағдайды? Көмек беріңіздерші».

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста