Босанғанша бала күйеуімнен екеніне күмәнданып жүрдім
Мұндай да болады екен ғой...Осы бір көктемнің мың бір түнінде өзімнің басымнан өткенімді жазбақпын.
Алланың қалауымен ақ орамал тағып,босаға аттап өзімнің мектептен бірге жүрген жігітіме тұрмысқа шықтым.Магистратура оқып жатырған шағым,той өткен соң бір аптадан кейін оқуға кеттім.Жолдасым келіп тұрды.Жазда бітіріп үйге келдім.Бірақ тұрмыс құрғаннан соң оған деген көңілім суып кетті. Бір төсекте жатпақ түгілі, оның жүзінде көргім келмейтін. Әйтеуір ретін тауып қашқақтаумен жүрдім. Солай жүріп жұмысқа орналастым.
Бір күні бірлігім бітіп күйеуімнің телефонынан алмақ болып, бөтеннен келген смс оқыдым.Білмегендей боп ол бөтені туралы зерттеп, анықтап болып сұрадым. Мойындамады өзге әйелдермен сөйлесетінін. Өлердегі сөзін айтып ешқайда мені жібермеді.Сөйтіп мен жұмысымда жүре бердім. Ол қыздан қыз ауыстырып әдетін қоймады.Ал менің сезімім қызғаныштан арта берді. Бірақ бала болмады.
Сөйтіп екі жыл өтті.Талай қыз түгіл,үлкен әйелдермен ұстадым.Саусағым жетпейді санауға ұсталган сәтттері. Бірақ ажырасуға білдей бір отбасымды жерге қаратқым келмеді. Бір жағынан күйеуімді қимадым...
Отбасымен де келісе алмай қиыншылактарға кезіктім. Жоқ дегенді естімей өскен мен,оны да көрдім. Көндім...
Сөйтіп жылдар,айлар өте берді. Ал,менің күйеуім өзгермеді.
Бір күні қалаға мені үш күнге командировкаға жіберді.Біз районда тұрамыз.Яғни төркінім тұратын қалаға. Ең бірінші күні кешке тексеруден шығып,таксиге отырдым. Үйіме, яғни төркініме бара жатырмын.Таксистке де мән бермей жұмыстың шаруаларымен сөйлесіп келем. Үй жаққа жақындарда таксист бұл жақ жаңбырда балшық. болады деді. Мен "ия "деп қоям...Талай осы балшықты кештік дедім. Үйге жақындарда осы жерден түсейін деп ақша төлерде ,"қарындас телефон нөмер тастайсыз ба?"- деп жымиды.Қарасам сүп-сүйкімді жігіт. Өмірде бірінші рет мен бейтаныс жігітке екінші нөмерімді қалай бергенімді білмей қалдым...
Төркініме келсем бәрі бір жаққа кеткелі жатыр. Екі-үш күнде келеді екен. Үйде тек сіңлім қалды.Содан бір сағаттан соң әлгі жігіттен ватцапқа хат келді. Ол кешке кездесейік деді. Мен "қой "деп қоямын. Сөздің тоқ етері, сол түні әлгі жігітпен түнде кездестім.Сіңілім киноға кеткен. Шынымды айтсам, күлімдеген көздеріне ғашық болдым. 90- жылғы екен. Мен 91 жылғымын. Екеуміз әңгіме айтып бір сағаттай отырдық. Маған қатты ұнады.Келесі күні тағы кездесуді ұсынды. Мен ол кезде нағашыларыммен пиццада отыр едім.Үйге кеттім деп сол жігітпен кездесуге бардым. Бойы ұзын,көздері күлімдеген, қасына жақындасаң бүкіл әлемді ұмытасың. Күйеуімді мүлде ұмыттым.
Не керек сол түні машинада сезімге беріліп екеуміз болып қойдық. Бір рет қана. Оны қимай қоштастым. Үйге кеп сіңліме құрдас қыздармен кездестім дедім. Сөйтіп үш күн командировкам бітіп, таксиспен танысып, төркінім үйде болмаған кезде мен бөтен еркекпен болып қойдым.
Келесі күні ол жігіт звандап,смс жазып жатты. Ол кезде мен районда едім. Оған тұрмыста екенімді айтпадым. Екінші нөмерімді өшірдім. Ал, күйеуге деген сезім өшті де қалды. Бар ойым сол таксист болды. Сөйтіп жүріп бір айдан соң больницаға түстім. Аяғым ауыр екен. Екі жыл күткен сәби. Өңім бе,түсім бе? Бәрі мәз. Ал мен қорқа бастадым «кімнен?»деп.
Ешкімге айтпай жүре бердім. Екі айдан соң төркініме келіп, сол таксиспен кездестім. Құштарлығымыз соншалықты тағы бір қосылдық. Аяғым ауыр сенен деп едім, ол сенбеді.Тұрмысқа шыққалы жатырмын деп алдадым.
Содан не керек 9 ай,9 күн өткенше кімнен деген күдікпен жүрдім. Күйеуім асты-үстіме түсіп, босанғанша күтті. Босанған соң да қасымда болды.
Менімен бірге қиналып, бірге толғатты десем артық айтқаным емес. Ұлды болдым.Кімнен дейсіздер ғой...Өзімнің күйеуімнен.Тіпті аузынан түсіп қалғандай. Қатты қуандым.
Күйеуім балам екеумізге жақсы қарады .Ал ол жігітпен одан соң кездеспедім. Кездесейік деп жазып тұрады. Әлі бойдақ екен. Кездескім келеді. Бірақ енді ұлым бар.Өмірде бәрі болады екен. Мен солай опасыздық жасадым.
Ал күйеуім жеңіл жүрісін қояр емес. Неге олай жасайтынын білмедім. Ажырасамын деп үйге кетіп қалсам, артымнан жылап-еңіреп келеді. Сенен бөтен керек емес дейді де, әйелге барғанын қоймайды. Мен ерегесіп емес, таксист жігітке ғашық болғанан бірге болып қойдым. Ол жүрегімдегі адам. Ұмыта алмаймын. Ол негізі таксист емес, беделді жұмысы бар.Тек жұмыстан шығып,қол көтерген қызды апарып тастамақ болған екен. Кездеспегелі екі жыл болды.Сағынамын. Бірақ ұлым үшін енді ондай іске бара алмаймын. Ал күйеуім ана жүрсін қоя алар ма екен?
Аноним