Бір жігітке тұрмысқа шыққан апалы-сіңлілі екі қыз

Бір жігітке тұрмысқа шыққан апалы-сіңлілі екі қыз

Естімеген елде көп. Өткенде Қостанайға іссапармен барып қайттым. Қайтар жолда мен отырған купеге екі үлкен апа келіп кірді. Купеге сөйлей кірген апалар жол бойы да әңгіме айтып отырды. Арасында мені де сөзге тартып қояды.

 

Мен сөзге көп араласпай, ұялы телефонымды шұқылып, арасында апалардың әңгімесін тыңдап жаттым. Апалардың бірі «бір үйдің екі қызы бір байға тиіп алды» деген сөзін құлағым шалып қалды. Қолымдағы ұялы телефонды шұқылауды тез доғарып, құлақ түрдім. Қызығушылығым оянып, «апа осы әңгімеңізді басынан бастап айтыңызшы» дедім. Апа жоғарыдан басымды салбыратып жатқан маған бір қарады да әңгімесін бастады...

 

- Көрші ауылда Сәбит деген, бізге ұзақтау туыс болып келетін бауырым тұрады. Менен 10 жастай кіші. Әйелінің аты Майра. Екеуі де оқыған, жоғары білімді адамдар. Ел ішінде өздеріне жарасар абыройы да бар. Сол Сәбиттің екі қызы бар. Екі қызы да университет бітірді. Оқу бітірген соң Қостанайда жұмысқа қалған. Екеуі де «карьера» деп байға тимей жүрді. Осыдан үш-төрт жыл бұрын, отыздан асқанда үлкен қызы тұрмысқа шыққан болатын. Бір шетелдікке тұрмысқа шығыпты. Араб па, түрік пе... білмеймін... мұсылман екен әйтеуір. Тойды да сол Қостанайда жасады. Той қалада болған соң балаларды жібергенбіз. Әйтеуір, сол кезде біздің балалар «той керемет болды» деп ауыздарының суы құрып келген еді. Айтуларынша, той қымбат мейрамханада өтіпті. Біраз уақытқа дейін дастарханға қойылған таңсық тағамдардың әралуандығын айтып жеткізе алмай жүрді. Атаулары да, адамның тілі келмейтін өзгеше. Кілең біз естімеген тағамдыр. Таяуда сол Сәбиттің екінші қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр екен деп естідік. «Ең болмаса осы қызы қазаққа тиіп, ата-анасына қайырылса» деп ойлағанбыз. Бірақ кімге тұрмысқа шығып жатқанын естігенде, есімізден танып құлай жаздадық. Мұндай да сұмдық болады екен. Тіпті айтуға тіл бармайды. Сөйтсек, Сәбиттің екінші қызы өзінің туған жездесіне тиіп жатыр екен. Сол баяғы шетелдік... араб па, түрік пе... әйтеуір қазақ емес...

 

Алғаш естігенде жаңсақ айтылған әңгіме болар деп ойлағанбыз. Осыдан төрт- бес күн бұрын «құтты болсын, қыздың жолы болсын!» деп айтайық деп ақсақалыммен бірге Сәбиттің үйіне арнайы барып қайттық. Жөн сұрастық. Әлі де елдің сөзіне сеніңкіремей «қызың қай жаққа тұрмысқа шығып жатыр?» деп сұрадық. Сәбит терең күрсінді. Майра көзіне жас алды. Содан-ақ, елдің сөзінің рас екені белгілі болды. «Басқа түссе баспақшыл. Басқа түскен соң көнеді екенсің» деп Сәбит сөз бастады. Айтуынша, үлкен қызы бала көтермепті. «Дәрігерге қаралған екен, «бедеулік дертіне шалдаққансың, мүлде бала көтермейсің» депті. Содан, кіші қыз сурагат ана болып, апа-жездесіне бала тауып беретін болып келісіпті. Содан үшеуі бір үйде тұрған көрінеді. Сөйтіп жүріп, кіші қыз жездесінен жүкті болып қалыпты. Онымен қоймай, жездесі екеуі бір-бірін ұнатып қалыпты-мыс. Содан үшеуі келісе отырып, кіші қыз жездесіне тоқал болатын болып шешіпті» - деп Сәбит байғұс кемсеңдеп отыр.

 

Майраны тіптен аяп кеттім. Жылай-жылай көзі ісіп, екі иығы қушиып қалыпты. Мұндайда, онсыз да іштері іріп отырған адамдарға «балаға дұрыс тәрбие бермегенсіңдер деп ашуланарға да, бірдеңе деп ақыл айтарға да білмейді екенсің. Әйтсе де, «ақылға шақырып, әлі де болса, ол ойларынан қайтармайсыңдыр ма?» дедік. Сәбиттің «айтпады деймісіздер, тыңдар құлақ болса, айтылмаған сөз қалған жоқ» деп еңкілдеп жылағанын көргенде, шыдай алмай ақсақалымыз екеуміз де көзімізге жас алдық. Біздің қазақ «Уа, Алла, бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» деп, қалай ғана өзегін жарып шыққан баласын қиды екен деп ойлайтынмын. Қазір ойласам, осындайда айтқан екен ғой. Аллаға тәубә деймін. Әйтсе де, расымен-ақ, Алла мұндай бала бергенше, бермегені абзал-ау. Сәбит пен Майраның жан ауруын Алла ешкімге бермесін. Өкінішке қарай, бүгінде ата-ана алдындағы перзенттік парызын ұмытқан жастар көбейіп барады - деп апа көзіне жас алып, әңгімесін аяқтады.

 

Апаның әңгімесін тыңдап жатып, ойланып кетіппін. «Әй, күйеуің бар ма? Қазақ па?» деген дауыстан селк ете қалдым. Қарасам, апаның қабағы қатулы екен. Дәл сол сәтте күйеуім араб немесе түрік десем ұрып жіберетіндей. Қорқып кеттім. Жалма жан «жоқ апа, мен әлі тұрмысқа шыққан жоқпын» дедім. «Онда тыңдап ал: дәулетіне қызығып, шетелдік біреуге тиіп қаңғырма. Тіпті ата-анаң сенің таңдауыңа қарсы болмас, өйткені ата-ана бала үшін бәріне көнеді. Сондықтан қарсы болса да білдірмейді. Бірақ ондай жағдайда, олар өлгенше бауыры езіліп, жүрегі сыздап өтеді. Соны ұмытпа» деді.

 

Апаның мына сөдері құлағымнан кетпей қойды. Расымен де бүгінде байлығына қызығып шетелдіктерге тұрмысқа кетіп жатқан қазақ қыздарының көбейіп бара жатқаны рас. Махабат қой деп менің сөзіме қарсы шығатындар да табылар. Бұл жерде сезім бар деген жалған. Барлығының өз есебі бар. Тек ата-ананың жанын ұғып, жан дүниесіне үңіліп жатқан бірі жоқ.

 

Осы оқиғаны «Алаш айнасына» жолдай отырып, қазақ қыздарына «ата-аналарыңды байлыққа айырбастамаңдаршы» дегім келеді.

 

Жазира, Астана

alashainasy.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста