Бауырлары үшін тоқал болған бойжеткеннің бастан кешкен оқиғасы
Меруерт кішкентайынан зерек, ақылды болып бойжетті. Мектепті алтын белгіге аяқтап, ата-анасының үкілеген үмітін ақтап, ЖОО грант ұтып алды. Бәрі керемет болып жалғасып жатты. Бірақ өмір сынағы оны аяусыз күтіп тұрған еді.
Меруерт 1 курс оқып жүргенде ата-анасы жолапатынан қайтыс болып, өзінен кейінгі 4 бауыры жетім қалды. Олар әлі кішкентай болатын. Туысқандары қиын-қыстау уақытта қаржылай көмектесіп тұрды. Бірақ олардың жанға батар ауыр сөздері Меруертті қатты қинайтын.
Басында бауырларын анасының әпкесі өз қамқорлығына алып, қызды оқуға жіберді. Алайда оның күйеуі ішіп келіп балаларды ұратын, оларды құлша жұмсап, аяусыз қинайтын. Кішкентай балалар бұл қорлыққа шыдай алмай, әпкесіне қинала хат жазды. Меруерт университеттен бір жылдық акедемиялық демалыс алып, ауылдағы бауырларынын қасына келді.
Енді оларға әке де, ана да Меруерт. Өздерінің үйлерінін ошағын жағып, қайта сол жаққа көшіп барды. Тағдырдың қиын тауқыметін бастан кешіріп жүрген бауырлар бір-біріне тым жанашыр.
Осылай қиналып жүрген Меруертке Арман есімді кісі әркез қол ұшын созып, көмектесіп жүр. Әрине, бұл көмекті қыз жанашырлық деп қараса, ал Арман ғашықтықтан жасап жатыр. Арман Меруертті бұрыннан жақсы көретін, бірақ қыз оны үлкен деп сезімін жауапсыз қалдыратын. Бірақ қазіргі қиын уақытта Арманның көмегі бұларға көп пайдасын тигізіп жатыр.
Арман отбасылы азамат. Меруерт оның үйленуге ұсынысын бауырлары үшін амалсыз қабыл алды. Себебі, егер ол Арманға тұрмысқа шықса інілері қаржылай қиыншылық көрмейтін. Бірақ оның отбасылы екенін Меруерт некелерін қиған соң барып білді.
Басында бәрі жақсы болғанымен, кейіннен Арман ішіп келіп, оны ұратынды шығарды. Ал Меруерт университеттен әлдеқашан қуылып кеткен. Ата-анасынан ерте айырылған бауырлар енді залым кісінін қорлығын көріп жүр.
Бұл жағдай Меруертке қатты тиетін. Бірақ Арманның бірінші әйелі түсінігі бар, парасатты жан еді. Ол Меруертке бұл қаладан басқа жаққа кетуін өтіне сұрады, тіпті қаржылай көмектесітін де жеткізді.
Сөйтіп Меруерттің құжаттарды дайындап жүргенін Арман біліп, түнде оларды үймен қоса өртемекші болады. Өйткені ол Меруертті тым қатты жақсы көреді әрі өзгелерден қатты қызғанатын.
«Менікі болмаса, демек өзгенікі де болмауы керек» деген арам пиғылы көкірегін тесіп барады. Бұлар шырт ұйқыда жатқанда Арман есіктерді құлыптап, сырттан өрт қойды. Бірақ арам ойы жүзеге аспай, олар бұл қиыншылықтан сытылып шықты. Тек кішкентай інісі қатты күйік шалып, ауруханаға түсті.
Енді оларды сол жерден оңалту орталығына алып кетті. Меруерт бауырларымен оңалту орталығын мекен етті. Өзі университеттегі оқуын жалғастыра алмағандықтан, тігіншілік мамандығын оқып, өз бетінше киімдер тігіп, оны сататын дәрежеге жетті.
Осылайша олардың өміріңе қайта қуаныш пен шаттық келді. Тағдыр қанша сынағанымен алда әрқашан жақсылық боларын, үмітті ешқашан үзіп алмау керектігін Меруерт жан-жүрегіммен түсінді.