Басында түсіністікпен қарайтынын айтқан: қыз болмай келгенімді бетіме басады

Басында түсіністікпен қарайтынын айтқан: қыз болмай келгенімді бетіме басады

Менің тұрмысқа шығып отбасын құрғаныма 8 ай болды. Қыз бала тұрмысқа шыққанда бақытты болсам деп шығады ғой. Мен де отбасылық өмірден үлкен үміт күттім. Алайда 8 айдың ішінде жылап, тұрмысқа шыққаныма өкінбеген күндерім өте аз. Күйеуім екі күннің бірінде қыз болмай келгенімді айтып, жылатып қояды. Басында күйеуім сөз айтқанда-ақ барлығын жасырмай айттым. Үндемей кетіп қалып, 4 күннен соң қайта келіп бәріне түсіністікпен қарайтынын айтып, тұрмысқа шығуға да ұсыныс жасады.

 

«Енді келмейді ғой» деп үмітімді үзгенде қайта келген Айдосқа уақыт өте мен де бауыр басып қалдым. Жарты жылдай кездесіп жүріп, ұсынысын қабыл алдым. Ақыры «қыз емессің ғой» деді ме, келісімімді алған күннен бастап ерлі-зайыптылардай қатынасқа бару туралы жиі айтатын болды. Алайда енді қателік жасағым келмейтінін, тек шаңырақ құрған соң ғана төсекке келісетінімді қатаң ескерттім. Содан қайтып ол туралы арамызда әңгіме болған емес. Алайда шаңырақ құрған күннің ертесі-ақ, беташарға жиналған достарымен бірге ішіп алған Айдос «әркімнен қалған салдақы, ол кім, неге менің маңдайыма сондай жар жазылған» деп беталды айқайлап, әзер тыныштандырып жатқыздым. «Ішкілікпен айтып тұрған шығар» деп, мән бермеуге тырыстым. Алайда уақыт өте болмашы келіспеушілік кезінде де баяғы сол «менің қыз болмай келгенім» бетіме басылатын болды.

 

Жасырып қайтем, сол «айыбым» үшін барынша төменшіктейтінмін. Тіпті той кезінде де «менікі, сенікі» деп бөлінбестен, тойға қалтамнан қаржы шығардым. Қайынсіңлілеріме де киілмеген киімдерімді, әшекейлерімді таратып бердім. Енеме үнемі сыйлық жасауға тырысатынмын. Жолдасым кейде ауыр сөйлесе де сол бір айыбым үшін елемеуге, жұбайлық өміріміздің жарасым тауып кетуіне барынша тырыстым. Бірақ оны түсінген Айдос болмады. Бір күні шыдамым таусылып, ажырасып кетуге де бел байладым. Алайда артымнан қуып жеткен Айдос «қызғанатынын, байқамай айтатынын, уақыт өте бәрі басылатынын, ұмытылатынын, енді қайталамайтынын» айтып ант-су ішті. Бірақ онан кейін де ол талай рет қыз болмай келгенімді тілге тиек етті.

 

Мен өзімді ақтамаймын. Рас, жастықпен қателік жібердім. Колледжде оқып жүріп, құрбыммен бірге танымайтын ортаға көңіл көтеруге баруымның соңы, бейтаныс жігітпен оңаша қалып, пәктігімнен айрылуға себеп болды. Ол жігіт онан соң сол күйі хабарсыз кетті. Ол жерде бәрібір қарсыласқаныммен ол жігітке әлім де жетпейтін. Танымайтын ортаға барғаным үшін өзімді жазғырдым. Аяғымның ауыр болып қалмағанына шүкіршілік етіп қала бердім. Ол ісім үшін талай рет өкініп, опық жедім. Құдайдан жылап кешірім де сұрадым. Енді тұрмысқа да шықпаспын деп ойлағанмын. Алайда Айдос қоймай жүріп сезімін білдіріп, сөз салды. Бар шындықты айтсам да көңілін білдіріп, түсіністік танытатынын айтып кетпеді. Мен оның жігіттік уәдесіне сеніп, көңілін қабыл алдым. Бауыр бастым. Жақсы көрдім.

 

Шынымды айтайын, 20 жасымда шалыс басқан сол қадамым, кейінгі өміріме сабақ болды. Бірақ содан қайтып ондай жеңіл әрекетке барған емеспін. Қыз емес екенімді алдын ала айтып кешірім де сұрағам, өзі келіп, сүйетінін айтып, бәріне қарамастан үйленетінін айтты. Енді неге бүгінгі күні бетіме баса береді. Соны түсінбеймін. Бір қателігім үшін өмір бойы жылап өтуім керек пе сонда?! Менің де жүйкем темірден емес. Бүгінгі күні қит етсе айыбымды бетіме баса беруі шаршатты. Мен оны алдып тұрмысқа шығып алсам екен, алдын ала бәрін айттым ғой. Сол кездері кетіп қалғаны дұрыс еді бұдан. Үміттендіріп, тіпті үйленіп алып бүгінгі күні өмірімді тозаққа айналдыруы рухани тұрғыдан сындырып та тастады. Құрбым «бекер айттың, бұдан мойындамағаның дұрыс еді» дейді. Осылай өмірім өтіп жатыр. Өзімді ақтап тұрғаным жоқ, бірақ өмір бойы бір қателігімнің алдымнан шығып жылап өткім де келмейді.

 

 

 

Ақмарал Досанова, Алматы қаласы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста