Қайырлы күн, құрметті қауым. Мен бүгін сіздерге өзімнің басымнан өткен жағдайды айтып, бір жеңілдеп алмақпын.
Көпке топырақ шашудан аулақпын. Артық айтсам айып етпеңіздерші. Қыздар, жамандықты да, жақсылықты да жасайтын өзіміз ғой. Бәріне жігіт қана кінәлі бола бермейді, көбінесе әр адамның тағдыры өз қолында.
Жасым 20 да. Ұлым бар. Көп қыздар аборт жасатып, баласын қоқысқа тастап кетіп жатыр. Осыған қарап жүрегім ауырады.
Мен де қателестім. Менде от бастым. Бірақ, менің қателігім үшін, күнәм үшін неге сәбиім жауап беруі керек? Неге істегенімді мойныммен көтермеуім керек? Менің ақымақ болғаным үшін бала кінәлі емес қой, деген сұрақтар маза бермеді.
Ал, әкесіне келсек ол аяғым ауыр екенің білген соң, қарасын көрсетпеген. Кейін сәбиім дүниеге келген соң, хабарласты "не істедің?" деп. Баланы алдыртып тастадым дедім. Себебі, ол кезде оның отбасы бар болатын. Сол себепті де солай жауап бердім. Екеуінің арасын бұзғым келмеді.
Ал қазір балам анамның қолында. 6 айға дейін ішім мүлдем біліңбеді, анама жасырмай бәрін айттым. Анам, әпкем ғана білетін. Солай басқа қалаға кеттім.
Анам өзгелерге өзінің аяғы ауыр екенің айтты. Содан әкемді қасына жолатпады. Бөлек жатып жүрді. Әкем жас баладай қуанып жүрді. Сол кездері анам ауруханаға қаралып жүрген. Бәрі сенді. Босанар кезде қалаға келді. Солай менің қасымда болды. Босанғаннан кейін ешкім сезіктенбес үшін, 9 күннен кейін жұмысқа шығып кеттім.
Қазір бұл сырды анам, әпкем үшеумізден басқа ешкім білмейді. Балам үлкен туған атама ұқсайды.
Иә, бұл менің ең үлкен күнәм. Ең бастысы анама мың алғыс. Өмір бойы басымды иіп өтемін.
Әр баланың өз несібесі бар дейді ғой. Соңдықтан қыздар аборт жасамас бұрын жақсылап ойланыңдаршы. Жаңылмайтын тұяқ жоқ, соңдықтан артық балағат сөздер қажет емес.
Оқығандарыңызға рахмет.
Аноним
alashainasy.kz/