Бақытым үшін баламнан бас тарттым...

Бақытым үшін баламнан бас тарттым...

Құрметті «Алаш айнасы» порталының оқырмандары менің жазбамды оқып отырып, «мені ақымақ» деп сөгетіндеріңізді, жан-жақтан талап жейтіндеріңізді мен жақсы біліп отырмын. Бірақ «Отбасы ошақ қасы» айдарындағы талай хикаяларды күн сайын оқып отырып, өз басымнан өткен жайтты сайтқа жолдауды жөн көрдім. Әрине, сайт қызметкерлері жариялап жатса, көпшіліктің талқысына түсерім даусыз.

Менің жасым 36-да. Зайсан жақтың қызымын. 21 жасымда тұрмысқа шықтым. Бір қыз баланы өмірге әкелдім. Бірақ ол некеден ажырасқанмын. Өзім оқуымды бітіріп, жоғары оқу орнының дипломын алғанмын. Мамандығым – мұғалім. Бірақ қазір мұғалім болып қызмет істемеймін. Алматы қаласындағы ірі компаниялардың бірінде пиар менеджер қызметін атқарамын. Жағдайым жақсы. Алматыда үй-күйім бар. Қазіргі жағдайымды көріп, осыдан бірнеше жыл бұрын мені «қаратабан күң тәрізді өмір сүрген» деп ешкім айтпайды. Шүкір деймін, еткен еңбек пен тапқан табыстың арқасында жағдайымызды оңалтып алдық.

Әңгімені басынан бастасам, тұрмысқа шығып, дүниеге қызымды әкелгеннен кейін біздің жанұямызға кіретін кіріс көзі де азайды. Ол кездері 2001 жылдың кезі еді, күйеуім табақтай дипломы болғанымен үйде жұмыссыз отырды. Ал мен босанғанға дейін балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істедім. Одан қала берді мүгедек балалардың үйлеріне барып сабақ оқытатынмын. Ал күйеуімнің жұмысы тамақ істеу, от жағу, жұмысқа кеткен енем екеуміздің жолымызды тосу еді. Сөйтіп жүргенде менің аяғым ауырлады. Тоғыз ай, тоғыз күн жүріп дүниеге қыз баланы әкелдім. Осы сәттен бастап біздің отбасылық жағдайымыз тым ауырлап кетті.

Бұрынғыдай менің тарапымнан үйге еніп жатқан кіріс жоқ. Күйеуім денсаулығына байланысты ауыр жұмысқа жарамайды. Үйге жалғыз кіріс көзі енемнің табысы арқылы кіреді. Атам ертеректе қайтыс болған. Екі қайным Астанаға құрылысқа жұмысқа кетіп өз нәпақаларын өздері тауып, өз жандарын өздері бағып жүрген кез. Қайтпек керек?! Ойым қызымды тым құрығанда алты айына дейін қарап, алты айдан соң жұмысқа шығып кету болатын. Бірақ қас қылғандай «мен жұмысқа шығамын» деп ниеттеніп жүргенде балабақшадағы топтардың да саны қысқарды. Амал жоқ, басқаша әрекет жасау керек болды.

Сонымен, Зайсан мен Қытайдың арасы арқылы сауда-саттықпен айналысамын деп бекіндім. Менің бұл ойымды болмысында жуас енем де, күйеуім де құптады. Не керек, енем маған 300 мың теңгенің көлеміндей несие алып берді. Несиені алып, айналымға салып айналдырмақ болып, мен Қытайға барып жүрген таныстарыма жөн-жобасын түсіндіруді өтіндім. Қызыма кіндік шеше болған достарымыз сондай кәсіппен айналысатын еді, бастапқыда сауда-саттық жасауға солармен бардым. Бір-екі рет көріп алғаннан кейін өзім де машықтандым.

Сондай күндердің бірінде жасы қырықтарды еңсерген жігіт ағасы екеуіміз бірге жолға шықтық. Бұл кісі де Зайсандағы киім-кешек базарында саудамен айналысады екен. Екеуміз де базардың адамдары болған соң ба, әлде тағдыр солай жолықтырып тұр ма, білмеймін, әйтеуір тез тіл табыстық. Үрімжіге барып сауданы бірге жасадық, қайтар жолымызда да бірге қайттық. Жүгімді көтерісіп жік-жапар болып жүрген жігіт ағасының сөзіне де, өзіне де бір көргеннен іш тарттым.

Осылайша келер жолы да екеуміз жолға бірге шығатын болып келісіп, бір-бірімізбен телефон алмасып жақсы сөйлесіп қалдық. Бұдан кейін де біздің кездесуіміз, жолға бірге шығуымыз жиілей берді. Арасында базарда сауда жасап тұрғанда да, түскі асты бірге ішіп, ол кісі жағдайымды сұрап тұрды.

Сөйте-сөйте келе біздің арамызда жақын қарым-қатынас туды. Біз кәдімгі ерлі-зайыптылардай бола бастадық. Ол өзінің отбасын, балаларын ысырып қойып, көбінесе менің жанымнан тыныштық іздейтін. Мен де күйеуімді, қызымды ысырып қойып оның қасынан табылғанды жаным қалап тұратын. Тіпті Үрімжіден келген күні базардағы контейнерге жүкті апарып түсіріп тастап, өзіміз қонақ үй жалдап екі-үш күн тапжылмай сол қонақ үйді тұрақ ететін едік.

Әрине, мұнымызды ел көзінен жасырын істейтінбіз. Ол сауданың көзін білетін. Мені сауда-саттық жасауға өзі үйретті, өзі тәрбиеледі. Қазір қандайда бір табысқа жетіп отырсам мен соның арқасы деп білемін.

Осылай мамыражай күндеріміз жалғаса берер ме еді, күндердің-күнінде менің осы арқа сүйерім Алматыға барып сол жақтан сауда орнын ашқысы келетінін айтты. Өзінің отбасын да, екі баласын да барлығын тастап, оларға бұл жақтағы үй-жайын қалдырып сол жаққа кеткісі келетінін маған жиі айта бастады. Менің қызым бұл кезде үш жасқа толып енем мен әкесіне әбден бауыр басып алған-тын. Менің үйде болуымнан түзде болғаным көп еді.

Сондықтан да қызым менен таба алмаған жылылықты әжесі мен әкесінен іздейтін. Мен бұл жағына аса бас ауыртып жатпадым. Барлық ойым өзім «нағыз еркек» деп білетін, соның пікірімен көбірек санасатын нақ сүйерімнің жырақтап «кетемін» дегені жанымды жеп жүрген кез еді.

Біртіндеп ол шынымен де Алматыға қарай жиі сапарлайтын болды. Бір-екі мәрте мені де алып барып, екеуіміз мұндағы сауда-саттықтың жай-жапсарын көріп қайттық. Осылай мен оның алған бетінен қайтпайтынын, Алматыны біржола бетке алатынын байқадым.

Сөйтіп, ол 2005 жылдың 20 қаңтарында отбасынан, бала-шағасынан барлығынан ажырап, Алматыға қоныс аударды. Бастапқыда шыдаймын деп ойладым. Оның бөлек кеткені бір жағынан дұрыс болды, бұл қарым-қатынасты үзуге қолайлы сәт деп түйдім. Шыны керек, біржағынан мені тастап кеткеніне, мұндай қадамға барғанына өкпеледім де.

Бірақ жасырмаймын, ол кеткелі айналам қаңырап бос қалғандай күй кештім. Істеген ісімнің де мәні болмай, бар тапқаным күйеуіммен тілім безеріп айтыса беретін болдым. Енемді де бетінен алып, талай мәрте ұрыс ашып берекелерін алдым. Бұлай жалғаса бермеуі тиіс екенін сездім де, көктемге қарай мен шешім қабылдадым. Күйеуім мен енеме «Алматыға сауда жасауға барамын» дегенді желеу етіп, 2005 жылдың наурызында мен де осы Алматыға буынып-түйініп жеттім.

Міне, содан бері Алматыдамын. Менің өзімнен үлкен жігіт ағасымен көңіл қосқанымды білген енем мен күйеуім мені есіктен қайтара сығалатпады. Тіпті бір-екі мәрте қызымды көруге барып едім, көрсетпеді де. Керсінше, «қызыңды көру үшін өз еркіңмен қызымнан бас тартамын» деген қолхат жазып бер деп енем өктемсіді. Мен ызалықпен сол қолхатты жазып беттеріне лақтырдым. Бір жағы қызымның соларда болғаны дұрыс деп шештім. Ондағым «өз әкесі өлтірмес, мен де шамам жеткенше көмектесермін» деп ойладым. Неше жыл болды бірінші күйеуіммен заңды түрде ажырасқанбыз. Қызымның қажеттіліктерін, киім-кешегін, ақшасын жіберіп тұрамын. Мен кеткенде қызым үш жаста еді, қазір 13 жасқа келді. «Сабағын жақсы оқиды, мектепте түрлі сахналық кештерге қатысады» деп естимін. Өзім барып кездесуге жүрексінемін.

Обалы не керек, қазір менің материалдық жағдайым өте жақсы. Екінші күйеуім өзімнен бірталай жас үлкен болса да, оған көңілім толады. Бірақ бұл некеден балам болмады. Қанша әрекеттенсем де жаратушым маған екінші күйеуімнен бір бала бермеді. Ал бұл күйеуімнің бұрынғы әйелінен екі баласы бар болғандықтан ол менің бала таппағаныма оншалықты басын ауыртып, жанын жемейді. Керісінше, менің барлық жағдайымды жасап, алақанға салып отыр. «Базарда жұмыс істегенше ірі компанияда, жылы офисте отыр» деп мені жақсы жұмысқа да тұрғызды. Бір кісідей тыныштықта, мамырлаған тірлікте өмір сүріп жатырмын. Жоқшылық, жетіспеушілік, үнемшілдік дегенді ұмытқалы да біраз заман болды. Бір сөзбен айтқанда «Мен бақыттымын» деуіме толық негіз бар. Бірақ өкініштісі осы бақытқа баламнан бас тартып барып қол жеткіздім ғой. Сол өкінішті...

Лаура, Алматы қаласы

alashainasy.kz/
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста