Балаларым үшін бәріне көндім...

Менің тағдырым өзім секілді мыңдаған қыз-келіншектердікімен ұқсас. Сүйіп қосылған жарыңның сатқындығын білу, ажырасу, содан кейін ұл-қызымды қалайда жеткізсем деп жанталасу, сөйтіп өз өміріңді бала-шағаңа ғана арнау бұл талай қазақ әйелінің басындағы жағдай.

Соңғы кездері өзім сүйіп оқитын «Алаш айнасы» отбасылық өмірге қатысты арнайы айдар ашты. Осы жерден өзіме керегін оқып аламын, өзім секілді жандардың тұрмыс-тіршілігіне қаныға келе мен де басымнан өткен жайларды оқырманмен бөліскім келеді.

Осыдан он жыл бұрын жұбайыммен ажырасуға тура келді. Тура келді деп отырғаным, оның опасыздығын біліп қойдым. Естісем, сенбес едім, көзіммен көрдім. Сосын өзімді қорлатып қойғым келмеді, тұла бойды кернеген ашу-ыза шыдатпай, бір күннің ішінде үш баламды жетектеп қаладан бір-ақ шықтым. Осында күйеуі қайтыс болған апам бес баласымен тұратын, солардың үстіне аядай үйге тағы төрт ауыз қосылды. Апам жасынан қиындықты көп көргесін бе, шыңдалған, дәті берік адам еді. Оның қасында мен сылбыр, бостаумын. Алғаш келген күннен-ақ: «Басыңды көтер, езілме, балаларың үшін қайрат қыл, намысыңды таптатпағаның дұрыс болған! Сенің арың таза, енді еңсеңді көтеріп, үш балапаныңды жылатпау үшін қарекет қыл!» – деп нықтап айтты. Шынымды айтсам, жылаумен өткізген күндерімде апам мені қанатының астына алып, басымнан сүйеді. Өзінің бес баласының үстіне қосылған бізге кәдімгідей таяныш болды. Сол кісінің қайраттылығының арқасында мен еңсе тіктеп, өмірге басқа көзқараспен қарай бастадым.

Өз-өзіме келіп алғасын бөлек пәтерге шықтық. Мамандығым мұғалім еді. Бір жалақы неге жетсін. Содан түске дейін мұғалім, түстен кейін күзетші болуға, ал кеште еден жууға тура келді. Басты мақсатым – қайткенде де балаларымды қатарынан кем қылмай аман-есен өсіріп, адам қатарына қосу еді. Қуанатыным ержетіп қалған екі ұлым кәдімгідей қолғанатқа айналды. Ер бала болса да, үйді айнадай қылып жинап, ыдыс-аяқты жуып қояды. Кенжем «мама, жұмыстан шаршап келдің ғой, демалсаңшы» деп басымаа жастық төсеп бәйек. Өз киімдерін өздері жуып, тамақтарын пісіріп, үлкені кішілерін қадағалап, бір-біріне қамқор, бауырмал болып өсті.

Әйел адамға ылғи қатты болу да қиын ғой. Күйбің тұрмыстан әбден қажыған сәттерде отыра қалып жылап аламын. Сол кезде, ержетіп қалған үлкенім: «мама, жыламашы, біз бармыз ғой» деп жұбатады. Серпіліп бар күшімді жинап, тағы да еңбек майданына аттанамын. Сөйтіп жүріп, несиеге екі бөлмелі пәтер алдым. Сондағы балаларымның қуанышы есімнен кетпейді. Жатақхананың бір бөлмесінде тығылысып өмір сүрген оларға кең екі бөлме, бөлек асхана бәрі патшаның сарайындай көрінген еді. Әсіресе кішкентайым: «квартирант» деген аттан құтылдым» - деп мәз болғанда, көзімнен жастың қалай тамып кеткенін де байқамаппын.

Қазір тұрмысымыз ел қатарлы. Басымда баспанам, тұрақты жұмысым бар. Қалаға келіп өмірді қайта бастадым деуге де болады. Бір жағынан «күн көре алмай, тентіреп алдыма келерсің әлі» деген күйеуімнің сөздері жігерімді жанып, намысымды қайрады. Адам басына қиындық түскенде ғана нағыз достың, нағыз жанашырдың кім екенін біледі екен. Мен қиналғанда басымнан сүйеп, шырылдаған апам ғана. Былайғы көп достарым сытылып кетті. Тіпті балаларыма нан алуға қарызға ақша сұрағанымда бермей, қырық сылтау айтты. Пәтер жалдап, қиналып жүргенімде есігімді ашып, маған тек апам келетін. Ал өзге туыстарым мен достарым: «Балаларын әрең асырап отырған бейшараның үйіне не іздеп барамыз?» деп хәлімді де сұрамайтын. Жағдайым жақсарғасын мені іздеушілер көбейді. Тіпті уақытша үйіңе тұрғыз деп келетін туыстар да пайда болды.

Әрине, көңілімнің бір бүйірі бос тұр. Бірақ, бұрыш-бұрыштан шыға қалып, өлердегі сөзін айтып, дегеніне көнбесе, қорқытуға дейін баратын еркек атаулыдан әбден жүрегім шайлығыпты. Олардың ойы белгілі. Балаларыма әке бола алмайтынын да білемін. Тек балаларым үшін өмір сүргендіктен, қылтың-сылтыңға барған жоқпын. Тіпті мені кезінде «сұлусың, әдемісің» деп жеңіл жүріске, бір дөкейдің көңілдесі болуға үгіттеген достарым да болды. Кейде пендешілікпен бәрібір күйеуім жоқ қой деп ойланып қалсам да, кеудемдегі ар-намыс мені ондай іске жібермей-ақ қойды. Бірнеше жұмыс жасаймын деп денсаулығымды, жүйкемді құрттым. Бірақ арымды таптатқан жоқпын. Бұл менің өмірдегі ең үлкен жеңісім!

Гүлнәр Мусина, Орал қаласы
alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста