Балаларым алғашқы жігітіме ұқсайды

Балаларым алғашқы жігітіме ұқсайды

Сəлеметтсіздер ме, құрметті оқырман! Мен сіздерге басымнан өткен бір оқиғаны айтқым келіп отыр. Колледж оқып жүргенде бір жігітпен таныстым. Қарапайым, сыйлай білетін жігіт болғандықтан ұнап қалды.

Достарымыз ұйымдастырған отырыста биледік, сөйлестік, таңға дейін уақытты бірге өткіздік. Бірақ арамызда ештеңе болмады. Сөйтіп ертесінде сабаққа бардым. Бір аптан кейін ол маған агенттен жазды, кездесейік деп ұсыныс жасады, мен келістім. Паркке щақырған болатын. Біраз серуендеген соң ол мені үйіне шақырды, достары келетінін айтты. Мен жарайды деп еріп бардым. Үйінде ешкім жоқ екен.

Теледидар қосты, сөйлестік, бірақ достары келмеді. Мен оларды қашан келеді деп сұрағанымда, ол келіп қалар деп жауап берді. Сол күні ол аймалап, ернімнен сүйе бастады. Шыдай алмадым, лəззəтқа берілдім. Оған қарсы бола алмадым. Сонымен пәктігімнен айырылдым.

Ол екеуміз 4 айдай кездесіп жүрдік. Одан кейін оның маған деген сезімі суый бастады. Телефонын алмай, қашып, артынан әскерге кеткелі жатқанын естідім. Жүрегім ауырды, амал жоқ өзінің қоңырау шалғанын күттім. Бірақ ол хабарсыз кетті.

Сөйтіп арада 6 ай өтті. Осы аралықта маған бір жігіт сөз салып жүрген. Мен оған келіспей жүретінмін. Кейіннен ол маған ұнай бастады. Маған тұрмысқа шықшы деп ұсыныс білдірді, қарсы болдым. Оқуымды бітіріп Алматыға жұмысқа барғанмын, сол кезден бастап ол қояр да қоймай үйдегілерімен таныстырды, менің ініммен танысты. Күнде кездесетін болдық.

Біраз уақыт өткен соң ол мені алып қашты, мен қалдым. Басында мен оған қызбын деп айтқан едім. Неке түні қатты қорықтым. Ол менің пәк еместігімді білгенде қатты айқайлады, ашуланды. Мен оған бір жігітпен кездесіп жүріп алданып қалдым, зорлық жасады деп алдадым. Ол маған сенгендей болды.

Уақыт өте келе менің аяғым ауыр болды. Ұл тудым, өсе бастағанда байқадым, ұлым бет пердемді ашқан жігіттен айнымай қалыпты, қылықтары, сөйлеген сөзі бəрі. Туысқандардың бəрі маған ұқсайды деп айтып жүрді. Сосын қыз босандым ол да солай болды. Əпкелер кімнің басынан өтті мұндай оқиға? Әлде мен алғашқы жігітімді ұмыта алмадым ба?

Айдана
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста