Бала табу үшін күйеуінің көзіне шөп салған әйелдің әңгімесі

  • 32

Данагүл – жасы отыздың үстіндегі келіншек. Қара торы, әдемі, денесі келісті әйел.

Үлкен компанияда есепші болып қызмет істейді. Күйеуімен тұрмыс құрғанына 13 жыл болды. Олар үйленгенде тым жас болатын. Екеуі де жоғарғы оқу орнында оқып жүріп, жұмыс істеп, пәтерге бірге ақша жинады. Өздері алған ұясының ішін біртіндеп жөндеп, жайлы, ыңғайлы етіп алды. Бірер жыл бақытты өмірден соң, кәдімгі отбасылар сияқты бала туралы ойлана бастады. Күйеуі Қанаттың соңғы екі жылда жанын жегідей жеп тұрған арманды Данагүл айтпай-ақ сезеді. Соңғы төрт жыл бойы төзіммен күтуде. Бірақ күткені көрінер емес.

Бұған дейін олар түрлі дәрумендер ішті, бармаған дәрігерлері, баспаған емшілері қалмаған. Данагүлдің құрбысы оған арнайы клиникаға барып, тексеру курсын өтуге кеңес берген. Алған сараптамалардың қорытындысы Данагүлді қатты есеңгіретті. Бар кінә күйеуінде екен – ол бедеу.

Яғни, екеуінен ортақ бала ешқашан болмайды.
Бұл жаңалықты күйеуі табандылықпен қабылдады. Ләм-мим демеді де. Бірақ бір айдан соң барлығы өзгеріп сала берді. Қанат күнде ішіп келетінді шығарды. Данагүлдің жылап-сықтағанына, жалынғанына мән бермеді. Оның не себептен ішетінінен бейхабар құрбылары мен туыстары бала туып алсаңдаршы, деп кеңес беріп қояды.

– Күйеуімнен кетуді ойлаған емеспін. Оны жақсы көремін, күні бүгінге дейін. Ал бала – тұрсам да, жатсам да ойымнан кетпеді. Арамызда бір шақалақ болса Қанат та ішуін қояр еді. Осылайша сан алуан нәрселерді сараптап, ойға шомып жүрдім. Дәрігерлермен жасанды ұрықтандыру туралы сөйлестім. Екі рет жасатып, одан да үмітіміз үзілді. Енді қаражат жоқ оған.

Арада тағы бір жыл өтті. Қанат ішуін қоймады. Анда-санда, Қанат сау кезінде бұрынғы бақытты өмірлерінің уайымсыз сәттері белең ететін. Бірақ ондай көңілді кездер таныстары немесе туыстарының біреуінде нәресте туды деген қуанышты хабар кезінде су сепкендей басылатын. Сондықтан Қанаттың соңғы жылдардағы бір есі бар, бір есі жоқ ахуалы, шынайы, салауатты өмірден алшақтығынан соң Данагүл де бір шешімге келді.

Күйеуінің көзіне шөп салуға бел буды. 13 жыл бірге тұрып, әбден жан-тәнімен сіңісіп кеткен Қанатына қиянат жасамақ болды.
– Балама әке болуға лайықты үміткерді мұқият таңдау керек деп ойладым. Оған тек жұмыстағы әріптестерім ғана ойыма келді. Жұмыста еркектердің неше түрлісі бар, бірақ олардың ата-тегінде ауру-сырқау болмау керек.

Әріптестерін ойша есіне алып, Данагүл отбасылы, үйлі-баранды адамға тоқтау жасайды.

Себебі, үйленген еркекке өзге әйелден бала қажет емес.
Осылайша жұмысындағы Сапар деген екі балалы әріптесіне көз салады. Оның жүрегін жаулап алуға барын салды. Ғаламтордан түрлі кеңестерді оқып, оның алдында кербезденіп жүретін болды. Бірақ өзінен бірер жас қана үлкен жігіт өзін еліктіргісі келген Данагүлге көңіл аудармады.

Сапардың көңілінен шыға алмаған соң, Данагүл оған шындықты айтуға бел буады. Ұятты жинап қойып, оның кабинетіне барып, екіқабат болу туралы ойын жайып салады. Сапар Данагүлдің шындығын үнсіз қабылдап, «қажет болса, көмектесемін» деді.

Ертесінде түстен кейін екеуі жұмыстан сұранып, пәтер жалдап, келісілген шаруаны жүзеге асырды. Көзді тарс жұмып, Данагүл күйеуінің көзіне шөп салды. Ол сәтте келіншек күйеуін ойламауға тырысты.

Сонымен бір рет болған қатынас жетіп-артылды. Үш аптадан соң Данагүл жүкті екенін білді. Оның бақыттан басы айналды. Анда-санда көзінің астымен Қанатқа жасқана қарап қояды. Күйеуінің қабағын тори отырып, демін ішіне тартып, жүктілігін айтты. Таң қалған ол:

– Кімнің баласы?

– Біздікі.

Қанат басқа ештеңе сұрамады. Бүгінде олар Арсен есімді сары ұлдың ата-анасы. Қанат ішуін қойып, ұлына қамқор әке болды. Данагүл өз ісінің дұрыс-бұрыстығын ойлағысы келмейді.

Себебі, енді бауырында армандаған баласы, жанында жасынан сүйген өмірлік жары бар. 

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
  • 331
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 472
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста