Бала көтеруге көмектесетін тиімді позалар
Жұптардың қарым-қатынасының көптен күткен нәтижесі – ұрықтану немесе бала көтеру, төсек қатынасының санына ғана емес төсектегі позаға да байланысты. Бала көтеру бақытына тезірек жету үшін не істеу керек?
Қаншалықты жиі және қай уақытта?
Бала көтеруді күтіп жүрген жұптар жиі төсек қатынасында болғандары жөн. Ең дұрысы овуляцияға бес күн қалғанда күнара болу және овуляциядан кейін ертесіне төсек қатынасына түсу. Қыздар күнтізбе арнап, өзіне «айтулы» күндерді жазып жүруіне болады. Дәріханаларда овуляция күндерін анықтайтын тесттер сатылады. Бұл тесттер овуляцияны анықтаудан бөлек, 100 пайызға жүктілікті де анықтауға кепілдік бере алады. Сперматозоид яңни аталық ұрық күндізге сағат 5 шамасында аса белсенді болады. Мұндай күндері сүйіктіңіздің жұмыстан ертерек келуін сұраңыз.
Мұны білу міндетті!
- Өзіңізге ұнайтын позаны таңдаңыз; егер олар нәтиже бермей жатса, төменде жазылған позалардан ішінен таңдаңыз;
- Жүйкеңізді жұқартпаңыз, себебі ол жүктілікке кері әсерін тигізеді;
- Асықпаңыз, жыныстық қатынасты міндеттілік деп қабылдамаңыз ;
- Ваннада, душта немесе моншада жақындаспаңыз ;
- Жыныстық кремдерді пайдаланбаңыз, себебі ол аталық ұрықты жойып жібереді.
Бала көтерудегі тиімді позалар
Бала көтеруге ыңғайлы позалардың басым бөлігі физика заңына сүйене ойластырылған. Сіздің міндетіңіз – аталық ұрықтың мейлінше көбісі аналық жасушаға жетіп, ұрықтандыруға мүмкіндік жасау. Егер әйел үстінде отыратын позаны таңдасаңыз, көп сперма ағып кетіп, жүктіліктің мүмкіндігі төмендейді.
Сондай-ақ, өзіңіздің физиологиялық ерекшеліктеріңізді білгеніңіз жөн: кейбір әйелдердің жатыры сәл қисық орналасса, басқа бір әйелдерде жатыр өз орнынан жоғары орналасады. Бірінші жағдайда тізерлеп-шынтақтап жататын позаны таңдасаңыз, екінші жағдайда классикалық позаны таңдағаныңыз жөн.
Арқамен жату
«Ләззат айнасы» — әйел диванға немесе жерге жатып, айқастырған аяқтарын жоғары көтереді. Ер адам тізелерінің арасынан ашып әйелдің аяғын көтеріп, иығына қояды. Осылайша екеуі бір-бірінің көзіне қарап, ерекше жақындық пен ляззат жалынын сезе алады.
«Жылдам көлік» — әйелдің аяқтары ер адам иығында болуы керек. Ыңғайлы болу үшін жамбасыңыздың астына жастық қойсаңыз болады, екі иығына екі аяғын көтеріп қойған ер адам әйелге мейлінше жақын тұруы керек.
«Ашылу» — әйел екі ағын көтеріп, арқамен тізесін бүгіп жатады. Ер адам сәл төмен орналасуы керек. Ер адам әйелдің жамбасынан ұстап өзіне жақындатады, тізесінен ұстап, әйелдің екі аяғының арасынан ашады. Мұндай позиция G нүктесіне жақсы әсерін тигізеді.
Бір қырымен
«Пикник» — ең сүйікті және классикалық поза — ол бір қырымен жату. Әйел тізесін жинап, бір қырымен жатады. Бір аяғын жоғары көтереді, ер адам әйел артынан бір қырымен жатып, әйелдің жамбасынан ұстап, жыныстық қатынасқа түседі. Бұл поза құмарлана құшақтауға, ер адам үшін әйелдің кеудесін аймалауға, құлағына жағымды сөздер айтуға мүмкіндік береді.
«Бірлескен одақ» — жұп бір-біріне қарап жатады. Әйел аяғын ер адамның иығына қояды, ал ер адам әйелді белінен құшақтайды. Бұл поза құшақтасуға, бір-бірінің көзіне қарауға, жыныстық қатынасты одан ары құштарлыққа толы ете түседі.
«Қиылыс» — бұл поза ер адамға да, әйелге де өте ыңғайлы. Әйел аяғын жинап, тізесін бүгіп жатады. Ер адам әйел тізесінің астына жатады. Бұл жағдайда ер адамның жыныс мүшесі ыңғайлы бұрыштан еніп отырғандықтан әйел адамның ляззат алуы да ерекше болады.
Классика
«Жокей» — бұл позада ер адам әйелдің үстінде жатса, әйел адам ішпен жатады. Әйелдің екі аяғы қосулы болуы тиіс, өйткені ер адам әйелдің тізесінен ұстап, өзіне ыңғайлы қойып, оны жамбасынан көтеруге қолайлы болуы керек.
«Арка» — әйел арқасымен жатып, екі аяғын ұзынынан созып жатады. Ер адам тізерлеп тұрып, өз аяқтарының арасынан азғана ашады. Бұл позада әйелдің дене бітімінің сұлулығы мен сексуалдығы арта түседі.
«Құрбақа» — бұл позада жұптың денелерінің бір-біріне көп жанасуы болады, бұл екеуіне де бір-біріне деген жақындықты сездіреді. Әйел ішімен жатады да аяқтарының арасын сәл ашады. Ер адам үстіне отырып, аяқтарын әйелдің аяқтарының ортасына орналастырады. Бұл позада ер адамның жыныс мүшесінің енуі тереңірек болады.
Ақпарат comode.kz сайтынан алынды