Ажырассаң, сені өзім аламын!

Ажырассаң, сені өзім аламын!

 Алматының көктемі керемет. Қар еріп, айнала құрғаған кез. Туысқан қарындасым Айым ауруханаға түстім деп хабарласты. Қай бөлімшеде жатқанын біліп алып, оның құрбысы Мадинамен хабарласып, кіріп-шығайық, дедім. Мадинаны өмірде көрмегенмін, тек мэйл.ру агент арқылы әңгімелесетінбіз. Қараторы, томпақша келген сымбатты қыз.
Ауруханаға кірсем, Мадина отыр екен. Көтеріліп келе жатып, оған алған сыйлығымды ұсындым.
– Рахмет, – деп риза болғандай сыңай танытты.
Айым да шықты, екеуі құшақтасып тұрғанда:
– Жаным-ау, сауығып кетуіңді тілеймін. Аллам шипасын берсін, – деп Мадинаның ботадай көздерінен жас мөлдіреп шықты.
Айым да көз жасын ұстай алмай:
– Рахмет! Рахмет сендерге! – деп жай ғана тіл қатты.
Мадинамен бетпе-бет кездесіп, сөйлесуіміз сол жерде бұйырылып тұр екен.Ол ұялып, телефонына қарай берді.
– Мәке, телефоныңды қоя тұрсайшы, – дедім тиісе әзілдеп.
– Мен ұялғанда, не істерімді білмей, телефонымды ұстай беремін, – деп беті қызарып, ақтала жауап берді.

Күндер өте берді, Мадинаға сөз салдым. Ол қабыл алды. Өзімді бақытты сезініп, осы күндер бітпесе екен деп тілеп жүрген кезім.
– Жаным менің, әрқашан бірге болайықшы, мен өзіңді ғана сүйемін, – деген сөздерімді жиі қайталайтынмын.
– Әрине, бірге боламыз, әлі талай асулардан өтеміз, екеуіміз, Ахмет! – деген жауабынан кейін, төбем көкке жетіп, түні бойы көз ілмей шығатынмын. Президент саябағында жиі кездесіп, әңгімемізді айтып, болашаққа жоспар құрып отырғанымызда уақыттың өтіп кеткенін байқамай қалатынбыз.

Күндер өте келе, арасында реніштеріміз пайда болатын болған. Ол ара қатынастың дәрежесінің көтерілгені емес пе? Бірақ, сол болмайтын нәрсеге ренжісіп қалғанымыз әлі есімде. Содан ба екен білмеймін Мадина маған суып, одан кейін менен мүлдем бас тартты. Құса болғаным соншалықты, көшеден көріп қалсам екен деп армандайтынмын. Адам өмірінде бір рет ғашық болып, кейін сол адамына ұқсайтын жанды іздейді деген рас екен-ау. Өз өзімді жазғырып, кінәлап жүрген кезімде Мадина Орталық Қазақстанға келін болып түсіпті. "Қолда бар алтынның қадірі жоқ" дегеннің нағыз өзі болдым. Мадинаны кінәлай алмадым. Өзім ғой бәріне кінәлі. Болды, енді біржолата ұмыту керек оны, – деп шешім қабылдадым.

Жыл өтпей, құлағымды жағымсыз хабар шалды. Мадина ажырасып, үйіне қайтып келіпті. Өткен кездер есіме түсіп, тұла бойым суып кетіп, жүрегім жібіп қоя берді ғой. Не болды екен? Неге сыйыспады? Неге ажырасты? – деген сұрақтар жан-дүниемді жеп барады. Телефон номерін тауып, хабарласып көруді жөн көрдім.

– Алло, сәлем Мадина! Бұл...бұл мен ғой Ахмет. Қал-жағдайың жақсы ма?
– Сәлем, иә, Ахмет, таныдым ғой сені. Жақсымын, өзің амансың ба? – даусы сол қалпы, өзгермепті. Үнінде адам жүрегін баурап аларлық, бір әдемі бояу, реңк бар. Өне-бойым шымырлап қоя берді.

– Алла деп, жүріп жатырмыз. Екеуіміз кездессек қалай болады?
– Жарайды. Кешке бұрынғы саябақта кездесейік.
– Жарайды. Келістік. Кездескенше.
– Сау бол!

Кездесіп, жөн сұрасып, үй-үйге тарастық. Үйге келіп ойландым. Осы Мадинаны алсам ба екен, ә? Қалай болады? Әй, ата-анам қарсы болады-ау. Күйеуге тиген бұрын деп. Осындай заңдылықпен өмір сүріп, мен сияқты махаббатынан айырылып жатқан сорлылар қаншама екен? Осы кездесуден кейін хабарсыз кеттік.

Жылдар өте Мадинаның бағы жанып, Диас деген жігітке тұрмысқа шықты. Шекесі торсықтай ұл босаныпты. Есімі Ыбырахым. Мен сырттай ғана ол туралы естіп-біліп жүрмін. Өз отбасым бар, оның отбасы бар. Бірақ жүрек әмірі деген...ол өте қиын нәрсе екен. Кейде қиялыма беріліп, Алматының бір көшелерінде кездестірсем екен деймін...

Күндердің бір күні, досым Темірбек Вконтакте желісінде мынаны қара дейді. Қарасам, Мадинаның парақшасы. Иә, нақ өзі. Суреті де тұр екен. Сүйсініп тұрып қарадым ғой. Бір күні ал тәуекел деп, жаздым Мадинаға. Қалай сүйетінімді айттым. Ұмытпағанымды да айтып бердім. Ол мені сүйме, бәрібір бірге бола алмаймыз деген жазу жіберді.
– Болмасақ, болмайық, бірақ сен біліп жүрші, мен өзіңді ғана сүйемін, – деп жаздым.Осылай кей-кездері жазып жүріп, нөмірін сұрап алдым. Хабарласып көріп едім, даусынан мас болғандай, құлай жаздадым.

Бір күні жылап телефон соғып:
– Ахмет, мен ажырасамын. Күйеуіммен сыйыспаймыз. Ол мені сүймейді, – деді.
– Жылама, жылама. Өзіңді баса ғой, – деп жұбатып отырдым.
– Мадина, ажырассаң мен аламын сені, – деп кесіп айттым. Кесіп айтқан себебім, өзім де ажырасып жүрген кезім еді. Сүйгеніммен бақытты болғым келді... Ол күйеуімен, мен әйеліммен бақытсыз өмір кешіп жүрген кезімізді өзгерткім келді. Бірақ, оған Мадинаның ағалары тосқауыл болды. Екеуін татуластырыпты дейді-мыс. Бірақ мен сенбеймін. Ол:
– Біз бірге бола алмаймыз... осылай бақытсыз боламын, балам үшін шыдаймын, – деп көзіне жас алғаны телефон тұтқасының арғы жағынан белгілі болды...

Осындай бақытсыз жандар қаншама?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста