Сәлеметсіздер ме, қымбатты оқырман қауым, ақыл-кеңестеріңізді беріңіздерші, өтінемін, қолдауға өте зəрумін. Күйеуіммен айрылысып жүргенімізге бес айдан асты. Ол бізге келгісі келіп жүр, ортада кызымыз бар. Оның отбасы менің үйге оралуымды қаламайды. Олар күйеуіме әйеліңе баратын баратын болсаң, сенен бас тартамыз деп отыр екен. Өйткені мен эпилепсия ауруымен ауырамын. Қазір жағдайым жақсы, мың шүкір. "Әйелің жазылмайды, қоя сал, басқа қатын әпереміз" деп отыр екен. Күйеуімнің басқа біреуге үйленетін ойы жоқ. Ол кызын сағынып жүр, қызымызды ата-əжесі əлі көрмеді де, мұрамайды да. Менің күйеуім акша табушы ғана олар үшін. Екеуміз екі жақта қашанғы жүреміз, шаршадым, қызым да әкесін іздейді, әкесіз өсіргім келмейді. Мен де ауру болам деп болмадым ғой, Алланың жазғаны солай. Басында жақсы тұрдық, бірақ арамызға түсе берді. Пәтер жалдап тұрған кезімізде күніге ақша сұрап келеді.
Өзім де ауру болғаным үшін кенейде тұүңіліп, жылаймын, бірақ амалым бар ма? Енді қалай бірге болсақ екен. Күйеуім өзі аса көп сөйлемейтін тұйық жігіт. Қазір ол қатты күйзеліп жүр, ашушаң болып кетті. Бірдеңеге ұшырап қала ма деп қатты алаңдаймын.