Еліміздегі танымал бағдарламаның біріне келіп, кеудесіне тележүргізуші қол жүгірткен Аделя Ким эфирде өзінің зорға шыдағанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл жайында ол Instagram парақшасында жазба қалдырды.
«Байқағандарыңыздай бетім ісіп тұрса да, бағдарламаға қатыстым. Сол жерде жұмыс істейтіндердің көбісі менің оқырмандарым екен. Өзімді өте ыңғайлы сезіндім. Барығы мені қолдаумен болды. Бағдарламада жерден алып – жерге салды. Папам хабарласып: «Қызым, өзіңді лайықты ұстадың. Мінезіңді білемін. Жылап жіберер немесе боқтап тұрып кетер деп отырғанмын» деді. Бұрын бір бағдарламада солай жасаған едім.», - деп ағынан жарылды ол.
Сондай-ақ бойжеткен өзінің бұндай нәрсеге бойы үйренгенін де айтып берді.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын «Өз ойым» бағдарламасына қонақ ретінде шақырылған Аделя Кимнің көкірегін тележүргізуші эфирде ұстап көрген болатын. Тележүргізушінің бұл әрекеті көпшіліктің ашуын тудырды.
Источник: NUR.KZ