Ата-енеме жақпай-ақ қойдым

Ата-енеме жақпай-ақ қойдым

Қымбатты  қыз-келiншектер, әпкелер мен сiңілдер! Осы сайттың оқырманы ретінде көп нәрседен сабақ алдым. Өмір болған соң ащысы мен тәттісі қатар жүреді ғой. Адам өзінің ішкі сырын кейде ақтарып тұрмаса іштен тынады екен. Ешкімге айта алмайтын сырымызды жазуға мүмкіндік болғанына шүкіршілік етемін.

Өзiмнiң басымдағы жағдайымды айтайын, бiреу түсінер, біреу өзімді кінәлар. Дегенмен бір жеңілдеп қалғым келеді.

Жасым 20-да. 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Көп қыздар секілді алып қашудың құрбаны болдым. Қазақшылыққа салынып, жұрттың сөзi деп қалдым. Бipiншi ата-анамның абыройын ойладым.

Жолдасым өзiмнен 7 жас үлкен. Бip- бipiмiздi сыйлаймыз. Алғашқы кезде бәрі жақсы болатын.  Бiрақ ата- енеге жағып болмайды екенсiң. Өзiм қаланың кызымын. Жолдасым ауылда тұрады. Таңертең 5-те тұрамын. От жағып, сиыр сауамын. Әрине басында бұл жұмыстар мен үшiн өте қиын болды. Қазip үйренiп кеттім. Атам мен енем менi жақтырмайды, не iстесем де болмады. Атам ұрсатын, аяқ киiмiн тазалататын. Таңертең 5-те тұрғаннан түнгі сағат 2-3 терде ұйқтаймын.  Аллаһ Тағаладан көмек сұрап жататынмын. Осылайша тозақ секілді өмipiм өте берді. 6 айдан соң көтердiм, енем бiле тұра отын жарғызатын. Ауыр көтеріп, дамыл таппай үйдің тірлігін жасағандықтан түсік тастау қаупімен ауруханаға түстім. бірақ ауруханада жатқанымда енем де күйеуім де бірде бір рет келмеді. Күйеуімді ата-енем жібермеген секілді. Өз ата-анам келіп тұрды. Осылайша көңiлiм қалды.

Ауруханадан шыққан соң ата-анам күйеуіммен, құда-құдағиларымен сөйлесіп, бізді бөлек шығарды. бірақ енем сонда да маза беримеді. Күйеуімді күнде шақыртып алады, көбінесе үйге келмей өз үйінде қона жатады. Біраз уақыт өткеннен кейін  күйеуiм ата-анасының сөзінен шыға алмай ақыры сол үйге кеттi. Мен барсам енем үйге кipгiзбедi.

Күйеуіммен отбасылық жағдайымызды ашып сөйлесейін десем ол үндемейді. маған "менімен тұрған ұнамаса, ата-анам жақпаса сені ешкім ұстап тұрған жоқ, кете бер" деді. Күйеуімнен әбден көңілім қалса да сәбиіміз дүниеге келген соң ойланып, қайта қосылармыз деп өзім жалғыз тұра бердім. Ата-анам көмектесіп тұрды. Қатты күйзелістен бе, жүктілігім өте ауыр өтті, сондықтан мерзімінен бұрын ерте босандым. Дәрігерлер екі аптадай шала туған нәрестемнің өмірімен күресті. аллаға шүкір, балам аман. Ал күйеуім балам екеумізді ауруханадан шығаруға да келмеді. Ал енем болса менің анама хабарласып, менің балама тұрмысқа шыққанда аяғы ауыр болған ғой, бала біздікі емес, аулақ жүрсін депті. 

Менің босағаны пәк күйінде аттағанымды күйеуім жақсы біледі. Енемнен әлгіндей сөздер естігенде кірерге тесік таппадым. Неде болса, баламды жалғыз асыраймын, ондай әке де, өйткен ата-әже де құрысын! 

Алуа, Алматы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста