Қырғызстанның Ош облысы Қара-Құлжа ауданында ашушаң келін енесінің бетін тырнап, саусақтарын сындырып тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы svodka.akipress.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, енесімен сөзге келген бойжеткен оның бетін тырнап, саусағын сындырған.
Ол сотта өз кінәсін мойындамады. Айтуынша, енесі оған жұмыстан келген беті тиісе бастаған. Анасына тил тигізіп, кейін ыдыс-аяқ жууды бұйырыпты. Алайда алдымен кілем жууды ұйғарған келін енесінің ашуына тиген екен.
Бойжеткеннің сөзіне сенсек, енесі оны кілеммен ұра бастаған. Қорғанбақ болған бойжеткен кілемді тартып алып жатқанда, абайсызда енесінің саусағын қайырып жіберіпті.
Ал енесі кілем жууға бола жанжал туындағанын растағанымен, келіні оның саусағын қасақана сындырып, тіпті бетін тырнап алғанын айтуда.
Ақыры сот келінді кінәлі деп тауып, тоғыз айға шартты түрде бас бостандығынан айырды.