Ғаламторда арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қызының видеосы пайда болды. Күйеу жігіт қалыңмалға 10 миллион теңге әкелген. Ұзатылған қыз Кентаудың тумасы, деп хабарлайды Экспресс К.
Facebook-те пайда болған видеоны желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Онда арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қызын көруге болады.
Күйеу жігіт қыздың анасына қалың малға 10 миллион теңге ұстатады. Ал қуанышқа келген қонақтар шапалақ ұрып, араб жігітке ризашылықтарын білдіріп жатыр.
"Ақша не істетпейді шіркін. Қазақ қыздарының намысы қайда? Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол демейме?! Қазақтың жігіттерінен артық болып тұр ма мына араб жігіті?", "Алтынмен аптап, күміспен қаптаса да" өз ұлтының жігіттеріне жетпейді, қанша бай болса да. Бұл қызға енді не дейміз? Бақытты болсын!", "Бұл үйдің еркегі жоқ па? Қалың малды ер адамға береді, біріншіден. Екіншіден, енесі күйеу баласына сәлем салмайды. Үшіншіден, ертең үйіне жете алмай көзінен сорасы ағып, сорлайды", "Нешіншісі болып бара жатыр. Шетелдік тисем жетісем дей ме? Арабтар таза қанды ұрпақ алуға пайдаланады" — деп жазды желі қолданушылары.