«Әр отбасы өзінше бақытсыз» деген осы екен...

«Әр отбасы өзінше бақытсыз» деген осы екен...

«Алаш айнасы» газетінің «отбасы-ошақ қасы» айдарына шығатын отбасылық әңгімелерді қалдырмай оқып жүремін. Қилы тағдыр, түрлі өмірлерді көріп, әр отбасының өз мәселесі болатынына көзім жетті.

 

«Әр отбасы өзінше бақытсыз» деген сол екен. Менің тұрмысқа шыққаныма үш жылдан асты. Бір ұлымыз бар. Бірақ уақыт өте тұрмысқа шыққаныма өкінішім көбеймесе азайған емес.

 

Жолдасыммен тұрмысқа шыққанша 9 айдай қыз бен жігіт болып кездесіп жүрдік. «Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады» деп жатады ғой. Бұл әңгіменің жігіттерге де қатысы бар екен. Жігіт күнінде жолдасым жігіттік қасиеті мол, ер жігіт көрінетін. Ал қазір күн өткен сайын мұның барлығы бетіндегі маскасы екеніне көзім жете бастады.

 

Күйеуім ең алдымен жалқау екен. Ерте тұрып жұмысқа баруға шамасы жетпей жұмысынан шығып кетті. Қалаған уақытымда тұрамын деп таксилетіп табыс табамын деді. Қайдағы тапқан таянғаны, көлігінің жанармайы мен анау мынау бұзылған жерінен артылмайды.

 

Босанған соң, бір жағынан бала еміп жатқан соң жиі қарным ашатын. Ал күйеуім болса баланың жылағанынан қашып күн ұзақ құлағының тыныштығын ойлап, таксилетемін деп көшеге кетіп қалатын.

 

Не тауып келіп жатқан ақшасы жоқ. Кешке кеш келіп, жүрген жерінен тамағымды ішіп келдім деп жата кететін. Ал мен не үйде азық түлік жоқ, құр нан мен шайды ішіп кешке дейін отыратынмын. Қанша рет «өзің сырттан қарныңды тойдырып жүре бермей бізді де ойласаңшы» деп неше рет айтқаныммен бет бақтырмайтын.

 

Балам біз айқаласып жатқанда жаутаңдап қалатын. Сосын барынша ұрыс шығарғым келмей, үндемеуге тырысатынмын. Амал жоқ, қыдырып барған болып, төркініме барып, ішіп жеп қайтатынмын. Олар да қолда барын тыққыштап, солармен тамағымды асырайтын болдым.

 

Тағы бір жыным келетіні, жолдасым өз жанұясын асырай алмай отырып, өзінің жолдастарын сыртынан қатты жамандайтын. Оларды жерден алып, жерге салып, іске алғысыз қылып тастайтын.

 

Ал кейде бөлек тұратын енем үйіне барып қалғанымызда, екеуі қосылып, жағдайы өздерінен әлдеқайда тәуір туыстарын жатып кеп жамандайтын. Өздерінің жағдайы олардан әлдеқайда төмен болса да, өздерін бәрінен артық санайтын. Тіпті бұлардан жағдайы көш ілгері менің төркінімді де іске алғысыз қылып, менсінбей отырады.

 

Шынымды айтсам қазір жүйкем жұқара бастады.

 

Ұлыма бір киім алу туралы айта бастасам, «кішкентай баланың үстіне кім қарайды» дейді. Ұлым дүниеге келгелі әркімнің көнесін киіп өсіп келеді. Сол жаныма қатты батады.

 

Жақында ұлымды анама беріп, жұмысқа шықтым. Отбасымыздың келешегі жоқтай, көңілім қатты алаңдайды. Қанша шыдамдылық танытайын десем де, күннен күнге күйеуімнің әрекеттерінен суынып барамын. Атымды өзгертіп беріп отырмын, не ақыл қосасыздар?

 

Лаура, Алматы қаласы
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста