Алматы облысының Сағира есімді тұрғыны өзінің қалай жезөкшеге айналып, туыс ағасынан қалайша зорлық көргенін айтып берді деп жазады Nur.kz.
Көпбалалы отбасынан шыққан Сағира 16 жасында Алматыға жұмысқа келеді. Кішігірім дүңгіршекте саудагер болып жұмыс істейді. Сол уақыттарда болашақ күйеуін жолықтырып, соған тұрмысқа шыққан. Бірақ, таршылықтан еш көз ашпаған жас келіншек екі қызын асырау үшін амалсыздан тәнін сатып ақша тапқанын айтады.
«Қаланың басқа ауданындағы бір дүкенге жұмысқа тұрдым. Бірақ сонда да табысым еш жетпейтін. Күйеуім балаларыммен үйде отырды. Бір күні кассадан ақша ұрлаймын деп дүкеннің қожайынына ұсталып қалдым. Ол басыма үйіп-төгіп қарыз жазып берді», - дейді Сағира.
Сөйтіп қарызынан құтылу үшін де түнгі көбелекке айналыпты. Дүкенге жұмысқа кеткендей болып, түнімен клиент қабылдаған ол жақсы ақша тапқан. Қарыздарынан құтылған. Бірақ тән сатып ақша табу оңайға соқпайды. Өйткені әр еркек төсекте өз қалағанын істейді екен. Осылай тәнін саудалап жүріп келіншек бір күні өз жиен ағасын кездестіріп қалған.Ағамды көргенде не істерімді білмей қалдым. Быт-шытымды шығарып ұрсады деп ойладым. Бірақ мені жеке кабинаға шақырып, ұялмастан "ақыры жезөкше екенсің, өз жұмысыңды атқаруыңа тура келеді" деді. Үндеместен келістім. Бірақ сол түні маған ол қалағанын істетті. Осыдан кейін өзімнен жиіркеніп кеттім», - дейді бір кездері жезөкше болған Сағира.
Осы оқиғадан кейін-ақ келіншек еркектерден жиіркеніп кетіпті. Жарты жылдан соң жезөкшелікті біржола тастаған. Жиған ақшасына пәтер сатып алып, жағдайларын реттеп алыпты. Кейіннен күйеуінің де жұмысы жүріп, адам қатарына қосылған. Бірақ Сағира қазір туыстарымен араласпаймын дейді. Өйткені өзін сатып алған жиен ағасын кездестіріп қалудан қорқады екен.