Ақша таппасам, күйеуіме де, ешкімге керегім жоқ...
Ұлымды апайыма тастап өзім Астанаға қайта кеттім жұмыс іздеп. Таптым, күндіз жұмыс істеп. Түнде жұмысшылармен бірге стройканын подвалында тұрдық. Сөйтіп жүріп 6-ай жазда өзімнің туған қаламнан бір бөлме сатып алдым. Бір күні үйге барсам ұлым ауырып жатыр екен. Ешкім балаға қарамаған сияқты киімдері кір-кір. Əкем маған ұрсып балаңда түк тəрбие жоқ деп айғайлады. Ақыры баламды ол үйден де алып кеттім.
Астанаға келдік, ұлымды үйге жалғыз қалдырып жұмысқа барып жүрдім.
Сөйтіп жүргенде қазіргі жолдасымды жолықтырдым. Меннен 5-жас кіші мен сияқты ажырасқан балалы болып үлгермепті де. 2-жыл болды жақсы тұрып жатырмыз бір қыз тудым одан. Арақ ішпейді, жүріс жасамайды, оған сенімдімін. Үй салып жатырмыз. Бірақ ақшаны жақсы көретін сияқты. Менім ақшамды санамайды. Өзім жұмсаймын өзіме, бір нəрсе алмаймын, екеуміздің кредитімізді төлеймін жəне қайын ағамнын кредитін төлейміз бірге. Қалғаны үйге жəне балаларға. Мен онын табысын мүлде үстамаймын да, оның кредиті мен қарызынан аспай да қалады. Көбінесе мен көмектесемін оған.
Көбінесе мені əр түрлі ойлар мазалайды. Мен ақшалай көмек көрсетіп, оның туыстарының алдында қызмет жасасам ғана мені жақсы көретін сияқты. Ал жай бар болғаным үшін емес. Егер қызмет етпей жəне оған масыл болып отырсам жек көріп кететін шығар.
Ұлыма келетін болсам. Ол оны папалап тұрады. Бұзық балам оның алдында моп-момын болып айтқандарының бəрін бұлжытпай істейді.
Ал ол болса көп еркелетпейді. Көп ескертулер жасайды. Бірақ қол көтерген емес. Мен жоқта тамағын сатып əкеп болса да қарынын тойдырып қояды. Бір жерге кетсе баланың қалы қалай сұрадың ба? Сөйлестің бе? деп айтады. Көбінесе ұсақ-түйекке ұрсысып қала береміз. Бала үшін де. Мен оның алдында дауыс көтермеу керек екенмін. Жұмыстан шаршап өлейін деп келсем де үй шаруасына мүлде көмектеспейді ол қаттынның шаруасы дейді. Мен үйге де жұмысқа да үлгеруім керек. Істемесең өзін біл дейді. Оған қырсығам деп баламды аш қалтырмаймын ғой. Қабағымды түйіп жүріп үй жинап тамақ жасаймын. Бəрін тындырып кеш жатып ерте тұрып жұмысыма кетемін . Кейде өле қалғым келеді.Ешкім жақсы көріп, алақанына салып аялап тұрмаған соң өмірдің не қажеті бар. Бірақ балаларымды аяймын. Туыстардан да, ата-анамнан да көңілім қалды. Қалай күліп жүріп өмір сүруге болады? Үйретіндерші маған.Аида, Астана
Последние статьи автора