Анамның жалғыз қалғанын қаламаймын

Анамның жалғыз қалғанын қаламаймын

Кейде балалар жалғыз қалған анасының, иә болмаса әкесінің жанын түсінбей,»біз бармыз, күйеу немес әйел енді сізге не керек» деп ренжіп жатады. Мен мұндай пікірге мүлде қарсымын. «Алаш айнасы» порталына осыған қатысты басымнан өткен жайтты баяндап беруді жөн көріп отырмын.
Сіңлім Айнұр екеуміз ес білмей тұрған кезімізде, шамамен 2-4 жастағы кездерімізде анам қазіргі күйеуі Жараспен бас қосыпты, тек суреттегі кейпін көргеніміз болмаса туған әкемізді мүлдем көрмегенбіз. Әкеміз о дүниелік болған соң, анамыз жасы өзі шамалас ажырасқан азаматқа тұрмысқа шығыпты.
Әкеміз Жарас жаман адам емес. Бізді туған қыздарындай жақсы көреді. Біздің де әкемізді ренжіткен кезіміз болмаған шығар.
Жалпы мен кекшіл адам емеспін. Кей кездерде арамызда болып қалатын түсініспестікті соншалықты әңгіме етуге тұрмайтын нәрселер деп ойлаймын.
Ауылдағылар, неге екенін білмеймін, Айнұрды Жарастың туған қызы деп әңгіме қылады. Бірақ, мен көпшіліктің ондай сандырағына, анамды қаралайтын, марқұм әкемнің рухын қорлайтын мұндай өсек-сөздерге мүлдем сенбеймін.
Анама осы туралы айтып көрсем деп қанша оқталсам да, бір нәрсе көкірегімнен кері итеріп, айтқызбады.
Сіңлім еркелеу өсті. Көбіне айтқанын істетеді. Оның ерке мінезіне әкем де көнетін.
Әкемнің қолынан бәрі келеді. Ағаштан түйін түю, сан қырлы құрылыс жұмыстары, басқа да бірнеше өнер бір басында жетіп жатыр. Ауылда оның қол еңбегін қажет етіп, өтініш айтып келетіндер өте көп.
Әкемнің бірінші некеде ұлы бар. Шамамен мен қатарлас. Бірінші әйелі ажырасқан соң басқа жігітке тұрмысқа шыққан да, ұлды нағашы әжесінің қолына беріп кеткен екен. «Өлмелі кемпірде оны оқытуға не қауқар бар дейсің» деп, әкем бар тапқан табысын ұлының оқуына деп жинайтын. Оған анам еш ренжіген емес. Оның үстіне есі кіріп қалған біздің санамызға құю үшін, әкеміз жайлы жаман ой болмасын дей ме екен, «Алланың нәсіп еткен ризығы бар ғой, қанағат қылсаң, бәрі де жетеді» деп отыратын.
Расында, біздің асыраушысынан айырылғандығына берілетін жәрдемақымыз өз қажетімізге жететін. Әкем азын-аулақ малды шып-шырғасын шығармай қарайды. Сіңліміз екеуміз де малсақпыз, малдың алдынан шығу, түгендеп айдап әкелу, басқа да шаруаларға көмектесіп жүгіріп жүреміз. Мұндайда анам үшеуміздің береке-бірлікпен іс тындырып жүргенімізге қатты қуанып қалады.
Мен мектепті бітіріп жоғары оқу орнынан өз күшіммен түсіп кеттім. Ал әкемнің ұлы тестілеуден төмен балл алып қалған соң, ақылы бөлімге тапсыруға мәжбүр болыпты.
Әкемнің жиған-тергені оның оқу ақысына жеткенмен, қаладағы тұратын орны, ары-бері жол шығыны дегендей, тағы да әжептәуір сома қажет болыпты.
Үйдегі татулықтың бұзылуы осы жайттардан кейін басталды.
Әкем осы жолы үйге ішіп келіпті. Сауып отырған жалғыз сиырды сатқысы келетінін айтты. Анам болса «Балалардың аузын аққа жарытып отырған жалғыз сиырды сатсақ, қалай күн көреміз?» деп осы жолы қарсылық білдірді. Әкем «Табысымнан жинап, малды қайта сатып аламыз» дейді.
Сонымен ақыры аяғында анам мен әкемнің қатты сөзге келісіп, әкемнің шешеме қол жұмсауының соңы үшеуміздің үйден қашып шығуымызбен тынды.
Көрші үйге барып, ентігімізді басып, есімізді жидық.
Анам осы жолы қатты жылады. «Осы уақытқа дейін сыртқа дымымды білдірмей шыдап келдім, бұдан артық төзе алмаймын. Қыздарымды да өмір бойы «әкеңдікі дұрыс, әкелеріңдікі дұрыс» деп басып келемін. Бәрін ішіме сақтаймын деп жүйкем тозып кетті, ажырасамын» деді бірбеткейлігіне салынып. Көршілеріміз де жұбатып, «Ыдыс-аяқ кімнің үйінде сылдырламайды дейсің. Бәріміздің де басымыздан өткен. Ертең-ақ татуласып, табысасыңдар» деп басу айтып жатыр.
Бірақ осы жолы анам қатты кетті. Таңертең үйге барып киім-кешектерімізді жинап, көрші ауылға нағашы апамның үйіне кететін болдық. Бірақ, менің ішім алай-дүлей. «Мен қалаға осы кеткенім кеткен, оқу, жұмыс, одан әрі тұрмысқа шығамын дегендей, Айнұрдың да мектепті бітіруіне екі- ақ жыл қалды. Сосын анам жалғыз өзі сопиып отыра ма? Орта жасқа келгенде ажырасыпты деген де жақсы атақ емес қой» деп, жанталасып мәселенің шешімін іздедім.
Көрші апамен ақылдасып, анам сөзін тыңдайтын, өзі жақсы көретін әкемнің ағайын жеңгесі Бәтіш апаны шақыртып алдық. Өзі адуынды болса да ақылды, бір адам тұрмақ бір қауым елге сөзін өткізе алатын апа еді. Сол кісі үйге кіргеннен-ақ анам оны біздің шақыртқанымызды түсінді.
Бәтіш апа мен анам бір бөлмеде ұзақ сөйлесті. Олардың не жайында сөйлескенін біз естіген жоқпыз. Әйтеуір, бір қуанғаным таңертеңгілік әкем бізден кешірім сұрап көрші үйге келді. Анам да көп қыңырайған жоқ, сөйтіп төртеуміз үйге қайтып оралдық.
Кейіннен анам әкемнің ұлына сиыр болмаса да, екі қой сатып ақшасын беріп жібергенін айтты. Өзін кінәлі санап, қателігін жуып-шайғаны болса керек.
Қазір Айнұр екеуміз сыртта жүрсек те, «анам мен әкем тату ма екен? Тұрмыста қиналып жүрген жоқ па екен?» деп алаңдап отырамыз. Сол кезде анам ажырасып кеткенде біз оны жалғыз тастап қазір қалада қамсыз жүре алмас едік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста