Анамның алдындағы қарызымды қалай өтеймін?

Анамның алдындағы қарызымды қалай өтеймін?

Мен бүгін өзімді мазалап жүрген жағдайды сіздермен бөлісіп, ақыл-кеңес сұрағым келеді. Тұрмыстамын, бір ұлым бар. Бір жылдан асып барады келін болғаныма. Өз үйімде екі қыз болып өстік (әпкем және мен). Әкеміз баяғыда қайтыс болған. Анам кішкентайымыздан бірнеше жұмысты жасап, саудағада шығып, екі қызын, яғни бізді оқытты, тоқытты, жоғары білім алып берді. Ешкімнен кем қылмады. Күннің салқынына да қарамай далада таңнан кешке дейін сауда жасады.
Кейін әпкем күйеуге тиді. Оны ұзатты, жасауын берді. Әпкем қалаға, жақсы, ауқатты жерге барды. Атасы бастықсымақ, енесінің де шағын бизнесі бар. Күйеуі солардың жалғыз ұлы. Келіскен жерде жұмыс жасайды. Анам әпкемді күйеуге шықпай тұрған кезінде, сол қаладағы мектептердің біріне "тиынын" беріп мұғалімдік орынды алып берді. Сөйтіп күйеуге кетті. Сосын мен оқуымды бітіріп, жігітім болса да, жасым келіп тұрса да, күйеуге шықпай, жұмысқа шықтым. Анамды аядым. Әпкемнің тойына алынған кредиттерді екеуміз бірге төлеп, қарыздың бәрін бірге жаптық. Әпкем сол тұста бір қолын созып, көмегін бермеді. Бізден алыстады. Бізді адам көрмей кетті. Жездем де ешқашан "балдызым" деп басымнан сипаған жоқ. Қалаға үйне барғанда қабағын түйіп, бір сағат отырған соң, "қайтсайшы, құрбыларыңа барып қон" дейтін. Жүрегім езілетін. Сөйтіп әпкеммен мүлдем араласуды қойдық. Одан бері төрт жыл өтіпті. Содан 28-ге келіп, былтыр өзім де қалалық жігітке тұрмысқа шықтым. Ұзату жасамадық, анамның жағдайын ойлап жүк те сұрамадым. Үйден үлкендердің батасын алып кеттім. Бағыма орай, жақсы жерге тап болдым. Жолдасым да жалғыз ұл. Ата-енем түсінігі мол, жақсы жандар.
Ендігі уайымым анам болып отыр. Ауылда жалғыз өзі тұрады. Босанғанша көмектесіп тұрдым. Күйеуімнің айлығынан шамалап алып қалып жіберіп отырдым. Соғымның да бір санын апарып бердім. Қолымнан келгенше көмегімді аямадым. Анам: "дым әкелме, берме, сиысып кет" дейді. Бірақ әдетім, бірдеңе апармасам, бермесем өзімді-өзім жек көріп кетемін. Анам көп ауырады, біз үшін кезінде өзін аямады, енді аурудың түр-түрін жинап отыр. Оның толық еміне қаражат тауып бере алмай отырғаныма қажып жүрмін. Қолыма түскен тиынды жинап әлекпін. Жақсы бір санаторийге ем алуға жібергім келеді. Күйеуімнің табысы жақсы. Бірақ, сол құрғыр кредитке кетеді бәрі. Ата-енем де "мамаңның ұлы болмағаны қиын, қартайғанда жалғыз отыру оңай емес, бізге келіп тұрсын, бәріміз бірге тұрайық" дейді. Бірақ, анамның келгісі жоқ. Осы уайым жанымды жеп болды. Әпкеме хабарласқым келеді, бірақ, бетімді қайтарса өзіме-өзім жауап бере алмай қалатын шығармын деп қорқамын.
Күйеуім "бәрі жақсы болады, кредит біткен соң үлкен қылып үй салам дейді, бірақ қайдам, әлі жеті жыл бар. Қыздар, менікіне тағдыры ұқсастар бар ма араларыңда? Аналарыңның еңбегін қалай қайтарасыңдар? Кейде "ажырасып кетейін бе" деп жаман ойларға кететін кездерім болады. Аллам кешірсін. Кезінде әжем айтатын "төркініне тиын тасыған оңбайды" деп, бірақ басқа шара болмай тұр. Менікі дұрыс па, қыздар, бұрыс па? Не істесем екен? Сөкпей, ақыл қосыңыздаршы. Мадина, Семей

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста