Ол менен 1 жасқа үлкен еді.Танысу үшін Нұркенді жіберетін бөлмемізге. Бөлмеміз көршілес болатын. Мен ол кезде 20 жаста едім. Жігітпен кездесіп те көрмеппін.Сөйтіп Нұркен үш күн қатарынан бірнәрселерді сылтауратып келді.Сосын сенімен Ол танысқысы келеді, шықшы деді.Таныстығымыз ұзаққа созылды, түн ортасына дейін екеуміз күбірлеп тұрамыз дәлізде. Осылайша күндер өтіп жатты.Біраз уақытқа дейін қолымнан ұстатпай жүрдім.Ол құшақтағысы келеді, ал мен қашқақтайтынмын.Менің асыл арманым - ең алғашқы жігітім менің болашақ жарым болуы тиіс дейтінмін.
Бірақ осылайша бір жарым жылда оған бауыр басып қалғанымды білмей қалыппын. "Сен менің шыбын жанымсың,сені жанымнан да артық жақсы көріп сүйемін" деуші еді."Ал егер сен басқаға үйленсең ше" дегенімде "бәрібір сүйіктім болып қаласың " детін...
Екі адамның арасына есі кеткен түседі демекші, бірде Құралай мен оның қасындағы қыздардың көздері жетпей айтқан сөздері екеумізді екі жаққа айырды. Ол басқаға үйленіп кетті. Мен де басқаға тұрмысқа шықтым.
Арада он жыл өткесін бір күні звондап тұр.Сөйлеспедім, соқпауын сұрадым. Мен оны ұмыттым. Тек сол бір тәтті сезім, алғашқы махаббат, менің өн бойымды оған деген сағыныш билеп тұрғандай. Сенің мені еркелетуің бәрі көз алдымда, сағынамын.Бәлкім, сені көргім де келетін шығар. Бірақ не деймін саған?Сен де мені сағынған шығарсың. Білемін, сен келіншегіңді сүймейсің.Бір күні екеуміз кездесіп қалсақ, сенің мойныңа асылып ,құшақтап аламын, осылайша сағынышымды басамын.Тағдырдан бір рет жеңілгенмін.Енді сіңлілеріме айтарым, сүйіктілеріңнен айырылмаңдар. Алғашқы махаббат – ол шыны тәрізді. Сынса жамап та, желімдеп те ала алмайсың...
Аноним