Алғашқы махаббатымды поезда жолықтырдым

Біз солай еш хабарсыз кеттік. Мен оны жиі есіме алатынмын, ол менің түсіме кіретін. Ол маған 8 айдан соң хабарласты, мен оған өте ренішті едім,оны бір көріп, бар ойымды айтуды армандадым. Екінші курс оқып жүргенімде Апатайым өмірден өтіп, қатты қайғырдым. Сабыржан тура сол кезде хабарласты. Бірақ сөйлесе алмадым. Кейін тағы бір хабарласқанда оған біраз нәрсе айттым, сен мені жылаттың, мен не істеп едім деп. Ол қатты өкінетінін айтып,кешірім сұрады,мені үнемі ойлап, қызымен ренжісіп қалса,оған мені айтатынын айтты,біз ренжіспейтін едік қой дейді.
Сосын хабарласпадық.

Мен екінші курсты аяқтадым, поезда келе жатып,онымен агентте сөйлестім. Ол менің Намазхан екенімді алдын естіген болатын, әңгіме айта отырып, өзінің Намаз оқуға ниеттеніп жүргенін айтты, мен ол үшін қуандым. Мен Астанаға жеткенде кездесейікші деді,мен келістім, бірақ ол хабарласпады. Сосын мен үйіме кеттім.
Ол екеуміз агентте сөйлесіп жүрдік. Ол өзінің қызымен айрылысып кеткенін айтты. Сені қатты сағындым, мүмкіндік берші,қайта бірге болайық деп жүрді. Мен оған сені сүймеймін деп ашық айттым, бірақ олай емес екен. Мен оны ұмыттым деп ойлаушы едім. Солай жаз өтіп, мен үшінші курсқа келдім. 11- қыркүйек күні Астанаға келіп,таңнан кешке дейін екеуміз бірге жүрдік, мен оған бәрін айтып,қоштасу үшін келген едім,бірақ олай болмады, біз сағынысып көрістік,сырластық. Уақыт зымырап өте шықты,мен поезға отырып кете бардым. Сосын 2 айдан соң кездестік,ек еуміз концертке бардық. Сосын Жаңа 2012 Жылды бірге қарсы алдық. Одан соң, соңғы рет 19-ақпанда көрдім, ол ауруханада болды. Ол мені көріп қуанды, менің жалғыз емес екендігімді білдіргеніне көп рахмет деп,құшақтап біраз тұрды.

Мен үйіме барып,демалыста жүрдім. Ол да ауруханадан шығып,ауылына келді.Бірақ толық жазылмаған еді.Мен оқуға кетерде оны көргім келді,ол қалаға 20 минуттық жерде тұратын,8 наурыз күні еді,бірақ ол ауырып жүргенін сөз етіп,кездесуге келмеді. Сол кезден мен одан көңілім қалып жүрді. Ол айтатын екеуміз сен оқу аяқтағанында үйленеміз ия деп. Бірақ, енді көп уақыт қалмады ғой,ал ол бұл туралы көп ойланбайтын.

Мен оның Намазға ниеттеніп жүргені үшін де, сеніп, бірге болуға келісім беріп едім, уақыт өтіп жатты, бірақ ол иманға емес, дұрыс емес істер жасады. Осының бәрі мені көп ойландырды, ол толық жазылды. Бір күні мен оған қатты ашуландым, ол телефон соққанда біраз сөзге келіп қалдық, бірақ ол мені сабырға шақырды. Сосын ұзақ әңгімелестік, мен оған айттым, біз бөлек кетейік, сен барлық айтқан уәделерінді орындамадың ғой, менің саған сезімім өте жоғары, менің бұл сөзімді сынақ деп қабылдасаң да болады дедім. Ол кетпеші деді, екеуміз бір-бірімізді сағынып қаламыз ғой деп. Біз солай бөлек кететін болып келістік. Бірақ телефонмен сөйлесіп жүре бердік.
Уақыт өтті, ол маған хабарласпай жүрді. Мен оны қатты сағынып жүрмін. Білмеймін, дәл солай басқаны сүйе алар ма екем?
Осы жақында хабарласты, "мен сені өлердей сағындым, Шынар!" дейді. Қазір екеуміз бөлекпіз. Әр кез хабарласып тұрамыз.
Мен онымен бірге болар-ақ едім, егер ол өте жігерлі жігіт болғанда. Кейде ойлаймын біздің арамызда көп кездесе бермейтін әдемі сыйластық болды-ау деп. Екеуміз таныс болып 5 жылдан аса уақыт араласа жүріп, бір-бірімізге дөрекі сөйлеп, көңіл қалдырмадық. Мен оны,ол мені әлі де сүйеміз. Амал не, бірақ бөлекпіз.
Қазақтың әр жігіті өте мықты, батыл, ақылды, намысты, ең бастысы Иманды болуы керек деп ойлаймын. Әр бір қазақтың қызына да осы қасиеттер керек-ақ.

Махаббат өмірді мәнді етеді, махаббатпен құрылған отбасы мәңгі жасайды. Ал, Отан отбасынан басталады.
Ғашық жандарға мөлдір махаббат тілеймін.
Мен сіздермен өз сырыммен бөлістім. Рахмет!

Шынар
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста