Әлеуметтік желі әйелімнен айырды...

Әлеуметтік желі әйелімнен айырды...

Мен қазір әлеуметтік желілерді иттің етінен де жек көрем... Өйткені, ғаламтордың торына шырмалам деп жүріп, жан жарымнан айрылдым. Өткенде ажырасқан жарым «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарын оқимын деп қалып еді. Сондықтан мен де өз басымнан өткен мына бір жайтты сіздердің назарларыңызға ұсынсам деп едім. Әлияш, егер менің осы жазғанымды оқысаң, үйге қайтшы жаным, өтінем сенен. Сені және ұлымды қатты сағындым...
Қазір біз ауызбен емес, саусақпен сөйлесетін болып бара жатырмыз. Бұрынғындай өмірді ақ пен қара өлшемімен емес, шынайы һәм виртуальді деп бөлетін болдық. Содан шығар, жан-жарымды осыдан төрт жыл бұрын интернет арқылы таптым.
Ол кезде М-агент жарықтықтың жұлдызы жанып тұрған болатын. Қиялдағы аруым сол агентте жүр екен. Ақбоз атқа мінбесем де, ғаламтордан кездескен соң, ол менің кеудемнен итерген жоқ. Аты Әлия еді. Әлиямен жарты жылдай сырласып жүріп, ақыры үйленіп тындым.
«Әлемдегі ең сұлу қыз сен үйленген күні жолығады» дейді бір пәлсапашы. Сол сөз рас болса керек, мен отбасылы болғаннан кейін айналамды (дұрысы әлеуметтік желілерді) қарасам сұлу қыздар өте көп екен. Бұрын қалай байқамағанмын.
Мен дәп бір бойдақ адамдай тізгінді ағыттым. Үй ұмыт, келіншегім ұмыт, туған-туысым ұмыт. Бір мезетте бірнеше қыздың басын қатырамын. Кейбірімен кездесіп, кафе кезем, түнгі клубта түнеймін. Әйтеуір бейіш-ғұмыр басталды.
Шындығымды айтайын, үйге барғым келмейді. Өйткені, мені онда ылғи да қатулы қабақ күтіп тұрады. Мені онда ұрыс-керіс қарсы алады.
Ал, ғаламторда...
Күлкі, жайма шуақ өмір...
Бір күні келіншегім Әлия аяғының ауыр екенін айтты. Қуанудың орнына «Кімнен?» деппін көзім шарасынан шығардай болып.
Келіншегім: «Мен сен секілді жүргіш емеспін» деп алдыма бір папканы әкеп тастай салды да, киімдерін жинап үйден шығып кетті. Ол кезде маған бәрібір еді.
Әлгі папканы ашып оқи бастадым.
Ой сұмдық-ай! Интернетте қыздарға жазған хаттарым, сырларым, әзілдерім, олармен түскен суреттерім бәрі-бәрі рет-ретімен топтастырылыпты. Оқыған сайын өз-өзіме риза боламын. Мен не деген кереметпін?! Мен не деген сері адаммын!
Әлия сол кеткеннен оралмады. Ал мен осылай шегіртке-ғұмыр күндерді өткізе бердім. Бір күні келіншегімнен интернет арқылы «Ұлды болуыңмен!» деген хат келіпті. Кіп-кішкентай нәрестенің он шақты суретін де салып жіберіпті. Әлгі суреттерге қарап отырып, жүрегім зырқ ете түсті.
«Мен нені бүлдірдім. Құдай-ау, мынау менің балам ғой. Мен қалайша...»
Бірақ бәрі кеш еді. Міне 1,5 жылдан бері Әлияның ата-анасының алдынан 5-6 рет өттім. Олар маған қыздарын бергісі келмейді. Менің түзелгеніме сенбейді. Не істеп, не қоярымды білмеймін. Менен аумайтын құлыншағым Әнуар қазір тәй-тәй басып жүр. Оны өз үйіме әкелгім келеді.
Өткенде интернеттен бір қызық дерек оқыдым. Кейбір діндар бауырларымыз үйге келген соң әлеуметтік желілерді пайдаланбайды екен. Егер ол интернетке кіретін болса, отбасына өз деңгейінде көңіл бөле алмайтын көрінеді.
Бұл идея маған қатты ұнады. Егер де жан жарым Әлия мен ұлым Әнуарды мені кешірсе бар ғой, әлеуметтік желілерге кірмейтін боламын. Маған ең алдымен өз отбасымның бүтіндігі керек.
Құдайдан тілейтінім осы ғана. Сіз не деп ақыл айтар едіңіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста