Алаяқ жігіт сүйдім-күйдім деп, 8 қызды тақырға отырғызып кеткен
Фотодағы жігіттің есімі Жалын. Нұр-Сұлтан қаласындағы аурухананың бірінде фельдшер, - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі kznews.kz-ке сілтеме жасап.
8 қызды сергелдеңге салған сері
Фотодағы жігіттің есімі Жалын. Нұр-Сұлтан қаласындағы аурухананың бірінде фельдшер.
Жедел жәрдеммен алғашқы медициналық көмек көрсетуге барған үйін әбден зерттейді. Әсіресе, ауырған адам жалғызбасты келіншек не күйеуге тимеген қыз болса тіптен жақсы. Дертімен бірге жан жарасын емдеуге тырысып бағады. Өзі науқас, қамкөңіл әйелдің асты-үстіне түсіп, жазылған соң да халін біліп айналсоқтайды. Ары қарай не болады десеңіз әңгімені жалғызбасты келіншек жалғастырсын.
Мәншүк жалғызбасты әйел. 4 жасар баласы ауырып жедел жәрдем шақырды. Фельдшер сондай тартымды жігіт екен баланы баурап, әйелдің де жүрегіне жол табады. Күнде хабарласып, баланың денсаулығын сұрап жаны қалмайды. Әр күн сайын арасында уақыт тауып келіп, 2 аптада Маржанға сөз салып үлгереді. Баласына қамқор, өзіне жанашыр доктордан кім бас тартсын, келіншек Иә дейді. Жігіт жақында үйленетінін үйдегілерге айтып қойғанын ескертеді. Одан кейін 2 күн хабарсыз кетеді, уайымдап жанын қоярға жер таппаған Маржан ол звондағанда не айтса да келісетіні белгілі еді.
— Біреуді жұмысқа кіргіземін деп басым дауға қалды. Ол пара алып, енді мен құтқаруым керек, шұғыл ақша керек, не істесем екен?
— Ойбууу, оңбаған десе, өзің аман болсаң бопты. Қанша керек кредитке алайын.
— 1 миллион.
Несие алды, берді, Жалын содан жоқ болды.
Махаббат жайына қалып, келіншек оны іздеуге көшеді. Үйін тауып еді көршілері көптен көрмегенін айтқан. Астанадағы 7-ші қалалық емханадағы басшылығы “Сенен басқа 7 қыз келген алдандым деп жылап, неге алданасыңдар, а?” деп өзіне ұрсып беріпті
Астанада жатақхананың бір бөлмесін жалдап, баласымен күнін әрең көріп жүрген келіншек енді бұрынғы кредиттерінің үстіне тағы біреуін қосты.
Мені бұл жерде “қолымнан ештеңе келмейді!” деген емхана басшысы таң қалдырды. Егер, Жалын әр қыздан кемінде 1 млн. тг. алып тайып тұрса ортақ сомма 8 миллион теңге. Бұл дегеніңіз ірі көлемдегі алаяқтық, қылмыстық іс.
Егер, жігіт қыздармен көшеде, паркте танысса жөні бөлек, ал бұл жерде қызметін асыра пайдалану емес пе?
Енді ауырсақ скорый шақыруға қорқатын болдық қой!
Гульмира АБЫҚАЙ