Әйелімді алдаймын деп өзім орға түстім

Әйелімді алдаймын деп өзім орға түстім

Әйелінің өзін сағынып, жылағанын көргісі келген ер адам қалжыңдап хат жазып қалдырып, өзі төсектің астына тығылып қалады. Үйіне келген келіншегінің хатты оқығандағы әрекетін көргенде, әйелін танымай қалды. Бұл туралы KYN.KZ жазады.

Хатқа «Мен сенен тойдым, жыныма тиiп бiттiң, үйден кеттiм аман бол» деп жазып, жұбайын тексермек болды. Әйелiнің келiп хатты оқып, қиналып құрбыларына телефон соғып жылағанын көргiсi келдi. Сағаттап күткен әйелi де келедi, хатты оқиды. Бiрнеше минуттық үнсiздiктен кейiн әйелi қолына қалам алып бiр парақ қағазға хат жазып, үстелдің үстiне қойды. Әйелінiң еш мұңаймай, керiсiнше көтеріңкі көңiл күймен музыка қойып билейді. Бір кезде боянып, киiне бастайды. Оны көрген күйеуi таң қалады, бiрақ алда бұдан да жаман көрiнiс күтiп тұрғанын білмейтін еді. Әйелi қолына телефонын алып, белгісіз бір нөмір терiп бiреуге хабарласа бастады. Күйеуi құлағын түрiп тыңдап жатыр.

«Сәлем қымбаттым. Мен дайынмын, қазiр саған барам. Ал анау ақымаққа келсек, мен оның әбден жынына тиiп, күнде қанын iштiм, ақыры өзi-ақ үйден кеттi. Қалай соған күйеуге шықтым, бiлмеймiн. Неге сенi ертерек көрмедiм? Көрiскенше, жаным», — деп тұтқаны қойып, бөлмеден шығып кеттi.

Бiрнеше секундтан соң күйеуi сыртқы есiктiң ашылып жабылғанынан әйелінің кеткенін білді. Оның бұл iсiн көрген күйеуiнің көзiне тоқтаусыз жас келдi. Көзiнде домаланған жаспен күйеуi кереуеттің астынан сүйретiлiп әрең шығып әйелi жазған хатты оқуға асықты. Көзiнен тоқтамай жас тамып, қолы дірілдеп хатты оқи бастады.

Хатта былай деп жазыпты: «Кереуеттің астынан аяғың шығып жатыр, мен дүкеннен нан алуға кеттiм».

KYN.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста