Әйелім ұзақ жылдар бойы өзгені сүйеді екен
Ер жігіттің біреуге барып мұң шаққаны жараспайтын қылық қой. Бірақ мен кейінгі кезде не істерімді білмей кеттім. Не ішімдегіні ешкіммен бөлісе алмаймын, не жөн сілтейтін адам жоқ, әбден ішімнен тынып жүрмін. Құрметті қауым, маған ақыл-кеңестеріңіз қажет, Тіпті кеңес алмасам да, ішімдегіні ақтарғым келді. Тек аты-жөнім жасырын болса екен.
Жақында жұбайым екеуміз сөйлесіп отырғанда ол маған баска біреуге ғашык екенін айтты. Мен оның өзіме деген салқындығын сезетінмін, бірақ өзгені сүйеді деп ойламаппын. Ол басқа жанға 4-5 жылдан бері сырттай ғашық екен. Ал екеуміздің арамызда екі баламыз бар. Олар әлі кішкентай. Сонымен жанымдағы жарымнан осындай сөздер естіген соң ажырасамыз деп шештік. Бірақ түнімен ойланып, таңертеңоған мені тастап кетпеші деп жалындым. Себебі өзін де кимаймын, жақсы көремін, әбден бауыр басып қалған екенмін. Балаларды да ойлаймын. Олар өз туған әкесінен кетіп, басқа кімге керек? Далада кала ма депқорқамын.
Өзімді сабырлыққа шакырып, осының бәріне шыдап отырмын. Балалар үшін бәріне көз жұмғым келеді. Әйелім мені сүймейді. Бірақ балалар бөтен адамдармен бірге тұрғанын каламаймын. Сол үшін шыдап отырмын. Келіншегім маған шынын да, сырын да айтқанына өкініп отыр. Егер ары қарай бірге тұрсақ, бетіңе қалай қараймын дейді. Мен оған ешқашан бетіңе баспаймын деп сөз бердім. Ол да менен кешірім сұрады, мен одан тек отбасымызды бұзбауын өтіендім. Ол маған тағы да бала туып беремін деді. Шынымды айтсам, өзін катты сүйемін. Намыстанып қуып жіберейін десем, балаларды алып кетеді, өзім де оларсыз өмірдің еш мәні жоқ секілді. Балаларым да мені жақсы көреді, кішкентай болса да олардың біздің ажырасқанымызды қаламайтынын білемін.Бірақ өмір бойы осындай жарамен журе алмайтын сияқтымын. Одан да ажырасып, біраз уақыт қиналып, уақыт өте келе өз өзіме келермін деп те ойлаймын. Әлде балаларым үшін түк болмағандай өмір сүре беруге шыдай аламын ба? Мүмкін әйелім мені қайта жақсы көріп кетер? Әбден басым қатты...
Аноним