Әйелім мені түрмеге қаматқысы келеді

Әйелім мені түрмеге қаматқысы келеді

Атам қазақ "Жақсы әйел жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді" дейді. Бұл тәмсіл тектен текке айтылмағанына анық көзім жетіп отыр. Адамның өмірінде отбасы мәселесінің алатын орны ерекше деп ойлаймын. Барлығы да әйеліңе байланысты. Алған жарың жақсы болса дүниенің барлығы нұрлана түсе ме деп қаламын. Расында, солай секілді. Солай секілді емес, дәл солай деп нық сеніммен айта аламын. Оны өзімнің басымнан өткізіп жүрген жайым бар. Мен әйеліммен жоғары оқу орнында оқып жүргенде таныстым. Дегенмен біз бір-бірімізді өліп-өшіп сүйдік деп өтірік көлгірсіп жазбай-ақ қояйын. Достарымыз шаңырақ көтеруімізге ықпал етті. Солардың қолқасымен отау көтердік. Басында бәрі өз ретімен жүріп жатқан секілді еді. Барлығы ауылдан оның анасы мен бауырларының келуінен басталды.
Мен Алматы қаласында тәуір қызметтің бірінің құлағын ұстап жүріп жаттым. Қолымдағы ақшам жақсы еді. Қалтам құр жүрмейтін. Әйелім де қас-қабағыма қарап жүретін еді. Сол бір күндерде әйелім "Анам мен бауырларымды қалаға көшіріп алайықшы" деген өтініш айтты. Олар ауылда тұратын. Жағдайлары да анау айтқандай жақсы емес болатын. Онша қарсылық білдірген жоқпын. Бала кезімнен біреуге жақсылық жасағанды жақсы көретін едім. Сонымен, оларды қалаға көшіріп алдық. Алматының шет аймағынан жер үй тауып бердік. Ескі демесеңіз, үй-жай етуге өте қолайлы. Балалары қайтадан салып алар деген ойым болды. Өйткені, әйелімнің үш бірдей інісі бар. Дегенмен, олардың жұмыс жасауға ниеті жоқ екенін алғашқы кезден-ақ аңғарылып қалды. Олармен "Жұмыс іздеп көрмейсіңдер ме" деп сұрадым. Иығын қиқаң еткізіп, ниетін жоқ екенін аңғартып қойды.
Осылайша күндер өтіп жатты. Барлығы аналарының зейнетақысына жармасып күн көріп жатты. Байқаймын, менің әйелім де басы артық ақшаны солай қарай жіберетін секілді. Себебі, ақшаны қайда жұмсағанын сұрасам, әр нәрсені сылтау етіп, басын алып қаша береді. Қысқасы, біздің үйдің берекесі де қаша бастағандай. Бәле-жаладан аулақ дегендей тыныш жүргенмін. Дегенмен шыдамның да шегі бар екенін түсінерсіз. Жер үй алуға қаржы жинастырып жүргенмін. Әрине, ақшаны әйелімнің қолына ұстатамын. Өзім шамалап оның қанша екенін есептеп жүргенмін. Күндердің күнінде "Жинап жүрген ақшамыз қанша болды" деп сұрағанмын. Басында әйелім айтқысы келмеген. Бірақ, тағы да қайталап сұрап ем, сонда жиналған ақша көлемін айтты. Ол менің есебіммен сәйкес келген жоқ. Әйелім екеуміздің арамызда жанжал туды. Ақшаның барлығын өзім алып алдым. Оны банкке апарып салдым.
Артынан есептеп қарасам, әйелім 12 мың доллардай ақшаны төркіні жаққа аттандырып салған. Бұл дегеніңіз аз ақша емес қой. Менің қаншама уақыт бойы маңдайымды терлеткен табысым ғой. Әйеліме күнделікті тамаққа қана ақша беріп тұратын болдым. Ол мұны жақтырған жоқ. Қайтейін енді, адал табысыммен ешқандай еңбек етуге құлқы жоқ балдыздарды асырай беремін бе? Енем де аңдысын аңдып жүрген секілді. Енді өзінің қызын маған қарап айдап салуға көшті. Әйелім әр нәрсені сылтау етіп ұрыс шығара бастады. Ұрыс болғаннан кейін үйдің берекесі кіре ме? Осылайша өміріміз басқаша өрби бастады. Күнде-күнде ұрыс естіле бастады. Айналып келгенде, бұл ұрыс біздің шаңырағымызды шайқалтуға алып келді. Жолымыз екіге айрылды. Екі баламыз бар еді. Бір ұл, бір қыз. Ұл менімен қалды. Қыз шешесімен кетті. Өзімнің балам емес пе, қызым ешқандай таршылық көрмесін деп анасы екеуіне пәтер алып бердім. Өзімнің үш бөлмелі пәтерімді сатып, өзіме және оларға пәтер алдық. Енді барлығы тыныш тапқан шығар деп ойлағанмын. Бауырлары менің тыныштығымды бұза бастады. Үйіме келіп айқай шығарады. Мен негізінде әр нәрсенің дұрыс шешілуін бақылап, сабырлы қалпымнан жаңылмайтын жан едім. Жоғарыдағы жағдайлардан кейін тез ашуланатын қалыпқа түстім.
Біраз уақыт өткеннен кейін әйелім менен кешірім сұрап қайта келдім. Оны кешіре қоймайын десем, қызымның қасымда болғанын қалаймын. Сонымен қайтадан бірге тұра бастадық. Дегенмен, олардың бір жымысқы ойы болған секілді. Әйелім оны маған айтқан жоқ. Кейбірде оның ұялы телефонмен бауырларымен біраз уақыт сөйлесіп жатқанын байқайтын едім. Әрине, ер адам емеспін бе, оған онша назар аударған жоқпын. Өзім де шаруа жайыммен көбінесе жолсапарға кетіп қалатын едім.
Әйелімнің бауырлары сол күйінше бізге тыныштық бермейтін болды. Тіпті, маған өткізіп қойған міндеті бар секілді үлкені менің жағама жармасатын болды. Бір-екі мәрте шекісіп те қалдық. Негізінде сондай қылығына бола оларды заң жолымен жазалауға болар еді. Адамгершілік қасиетті адыра қалдырмай, оларға қанша жерден ренжісем де ешқандай басқа қимылға бара қойған жоқпын.
Күндердің күнінде мынадай жағдай орын алды. Үлкен балдызым біздің үй жаққа келе жатып, көшедегі бұзақылармен төбелесіп қалады. Олар менің балдызыма пышақ сұғып алады. Сол уақыттарда мен келіп қалдым. Көлігімді тоқтатып оның басынан сүйедім. Қанша жерден ренжісіп жүрсек те ол да адам баласы емес пе? Әйелімді және олардың бауырларын шақырттым.
Әйелім мені кінәлай бастады. "Сен өлтірдің" деп жала жапты. Сол бойынша қылмыстық із қозғалды. Қазір соның зардабын тартып жатырмын. Тыныш өмірім артта қалғандай. Қалай ақталып шығарымды білмеймін. Әйелім күнде келіп миымды шірітеді. Енем де солай. Өзімді қорғайтын адвокат жалдадым. Таныс жігітім еді. "Ақтап алып шығамын" деді. Барлық амалын қарастырып жатыр. Мен қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына налып отырмын. Сол мақсатта ішкі шерімді ақтарғым келіп қолыма қалам алып, «Алаш айнасы» оқырмандарымен бөлісіп отырған жайым бұл.

Асхат, Алматы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста