ӘЙЕЛ жыныстық қатынасты ҚАЛАЙТЫНЫН қалай БІЛДІРЕДІ

Әйел ешқашан "ТӨСЕККЕ..." демейді... Иә, әйел деген құпиясы мол жаратылыс. Оның көңіл-күйі қашан және не үшін аяқастынан нілдей бұзылатынын, қандай жайттар қасқағым сәтте шаттандырып салатынын еркек біткенге түсіну қиын. Бұл туралы ERNUR.KZ сайтында жарияланды.

Әсіресе, әйелдің қай кезде тән ләззатын алғысы келетінін, қалайтынын және дайын екенін білу еркектер үшін тым қиын болса керек.

Ендеше, әйел затын тағы бір қырынан танып көрмейсіз бе? Әйелдердің қандай «белгісі» арқылы оның тән жақындығын қалайтынын білуге болады?

 

СЫРТТАЙ БАҚЫЛАҢЫЗ

Еркектің бәрі әйелдің сырт сымбатына назар аудармай қала алмас, сірә?! Осы кезде тағы да азырақ мұқият назар салсаңыз, оның сізге ұнауға тырысқанын аңғаруға болады. Мәселен, күндегіден мойыны ашықтау кеудеше немесе етегі қысқа көйлек, бөксе мен омырауды айқындай түсетін жабысып қалған киім киюі мүмкін. Әйелдер киім таңдағанда саналы түрде болмаса да өзінің ішкі түйсігімен қалауына қарай киінеді деседі зерттегендер.

 

ӘЙЕЛДІ ТҮСІНГІҢ КЕЛСЕ, ТҮРІНЕ ҚАРА!

Әйелді тек тыңдап отыра бергеннен ешкім ештеңе түсіне алмайды. Оның бет-жүзіне қарап, мимикасына да мән беру керек. Ал оның төсекті қалайтынын білу үшін мыналарға мән беріңіз:

  • ернін тістелесе;
  • қастары ойнақшып тұрса;
  • көз алмай қадала қараса;
  • қараған сайын күлімдей берсе,

онда сол күні ол жыныстық қатынастан бас тарта қоймайтынын білдіреді. Әйел тән жақындығын қалайтынын бүткіл тәнімен білдіреді.

Бірақ оған дейін көңіл-күйін түсіріп ала көрмеңіз, әп-сәтте айнып қалуы мүмкін.

 

ИШАРА ЖАСАУЫ МҮМКІН

Оған да мұқият болыңыз. Еркек түсініп үлгергенше ол бірнеше рет белгі беруі мүмкін. Мысалы, шәй ұсынған кесесін ақырын нұқыңқырап беріп, сол сәтте күлімдей қараса, жақындықты қалайтынының белгісі. Сонымен қатар, кешкі ас үстінде сізбен әзілдесе бастайды.

Сіздің әншейінде оның жүйкесіне тиетін кез келген әзіліңіз де оған сол күні қызық болып кетеді.

Әйел бекерден бекер әзілдемейді, мұндай сәтті құры жібермеу қажет.

 

БӨКСЕСІМЕН...

Әрі-бері өткен әйеліңіз кейде бөксесін, кейде омырауын байқамағансып сүйкей өтсе де, бұл күні қолайлы сәтті жіберіп алмаңыз. Тіпті, әншейінде сыйластықтан аттамайтын ол аяғыңызды басып та кете салады. Үстелдің астынан да «белгі беретіндер» бар. Аздап түртіп қалса, «не болды?» деп әшкере етпей, үнсіз ғана көз қысып қоя салыңыз. Есесіне, кешкілік өзіңіз де дайын боласыз.

 

ТАЗАЛЫҚ ЖАСАЙ БАСТАЙДЫ

Жатын жайыңызға бір қарап қойыңыз. Бүгін бәлкім төсекжаймалар өзгеріп, әдемісіне ауысып қалмады ма?

Сол сияқты, әйеліңіз бой тазалығын жасап, жатын бөлмеге әдемі болып кіре бастаса да, онда бұл әрекетін сізге деген емеурін деп түсініңіз. Әрине, ол мұны күнде жасайды. Ал қалауы оянғанда, ол өзіне ерекше ден қоя жасайды мұны.

Тез арада өзіңіз де жуынып-шайынғаныңыз дұрыс болады мұндайда... Еркектердің ерекше есте сақтайтыны – ӘЙЕЛ ешқашан да «БҮГІН...» деп ашық айтпайды. Ол тек қылығымен ғана білдіреді.

 

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста