Адамда Алладан басқа дос қалмайтын секілді...

Қасыңда бір болатын, жасысаң сынға алатын.
Жапанда жаяу қалсаң, аямас мінген атын.
Көңілге нұр беретін, өмірге бір келетін.
Не көрсе бір көретін, бір досың керек екен...

Ақын Ұлықбек Есдәулет ағамыздың осы бір шумақ өлеңінде, түсінген адамға үлкен мән-мағына жатыр. Осы өлеңді тыңдаған сайын шынайы досқа деген мұқтаждығым одан сайын артады. Бұл өмірде қиыншылықта да, қуанышта та бірге болатын, не көрсек те бірге көретін шын дос тапқым келеді. Жаның жабырқағанда, көңілің құлазығанда сырыңды айтып, мұңыңды айтып ақтарылатын шынайы досыңның болғанын қалайсың. Алайда бұл өмірде ондай дос табу қиын. Шыны керек, 2 миллионға жуық халқы бар Алматыда жүргеніме 10 жылдан асса да нақ сондай жан дос таппай келемін. Бүгін осы туралы іштегі сырды "Алаш айнасы" интернет порталындағы «Отбасы – ошақ қасы» айдарына ақтарғым келді. 

Негізі адам баласы екі нәрседен жаңылыспауы керек деп жатады. Бірі мамандық таңдауда, екіншісі жар таңдауда. Осы ретте мен осыған үшіншісін де қосқым келеді. Ол - дос таңдауда да өте мұқият болған жөн дер едім. Себебі, бұл өмірде достың түрі көп. Бала кезгі дос, есейген кездегі дос, курстас дос, қызметтес дос, үзеңгілес дос, әйтеуір достың түрі көп. Бірақ оның бәрі бірдей ешқашан шынайы дос бола алмайды. Жасыратыны жоқ, қасымызда жан достар емес, нан достар көп секілді. Жағдайың жақсы болғанда қасыңнан шықпай сені пайдаланып, асыңды ішіп, ақырына келгенде аяғыңнан теуіп кететін, басыңа іс түскенде жапанда жалғыз қалдырып кететін достың болғаны - үлкен өкініш, қорқыныш. Бірақ ондай достар арамызда баршылық. Ондайды жан дос деп айтуға ауыз бармайды.
Мен бір нәрсені түсіндім, неше түрлі достардың ішінде шынайы дос болуға ең лайықтысы - бала кезгі дос екен. Себебі бала кезде бақай есеп деген болмайды. Нағыз шынайы дос болуға серттесесің, сол үшін барыңды саласың, ешқандай арам ой жоқ, балаң көңілмен, таза пейілмен, шын жүрекпен достасасың. Міне, нағыз осы достықты сақтап, бағалай білуіміз керек секілді. Егер осы достық жоғалса, шынайы достық та үзілді деген сөз. Ал жан досы жоқ адам – ең бақытсыз адам. Ондай адам үнемі жабырқап, құлазып жүреді. Қасында сенетін адамы болмаған соң, кез келген нәрсеге үрке қарап, бұл өмірде қорқынышпен өмір сүреді. Қандай батыр болса да, қасында сенетін досы болмаса, ол дұшпанға айбат таныта алмайды. Сондықтан шынайы досты әрбір адам бағалауы тиіс.
Менің бала кезде төрт досым болды. Бесеуіміз жұдырықтай жұмылып жүрдік. Сенесіз бе, айналдырған бесеумізге 30 бала жабылса да бір-бірімізді ешқашан тастамайтын едік. "Өлсек, бірге өлеміз" деп аяғына дейін қырылатынбыз. Егер арамыздағы бір досты көп бала жабылып ұрып жатса, бәріміз сол досымыздың үстіне жатып алатынбыз. Оған таяқ тигенше маған тисін деп, қорғаштайтын едік. Егер бір досымыздың үйінде жиын болса, сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығатынбыз. Апталап үйге қонбай, соның үйін тазалайтын едік. Ешқашан бір-бірімізді тастамай, қуанышта да, қайғыда да бірге болдық.
"Қыздардан айырсаң да, о, Құдайым,
Айырма өзімнің жан жолдасымнан", - деп жолдас бала үшін жан аямайтын едік.
Алайда уақыт өте келе есейген соң тағдыр әрқайсысымызды әр жаққа шашыратып жіберді. Біріміз жұмыс іздеп Астанаға кеттік, енді біріміз Алматыға, әйтеуір қу тіршіліктің қамымен басымызды қоса алмайтын жағдайға жеттік. Тек анда-санда телефон арқылы тілдесіп, жағдай сұрасқаннан басқа араласа алмайтын болдық. Бірақ үйдегі ата-анамыз ауырып қалса, басымызға іс түсіп қалса, бір-бірімізге қолдан келгенше ақша жинап беріп тұрамыз. Одан басқа басымыз қосылмайды. Бұрынғыдай арқа-жарқа әңгімелесіп, бір-бірімізбен күнде көрісіп тұру деген жоқ. Қазір әрқайсысымыз әр жақта жүрген соң, кейде бір-бірімізді түсіне алмай қалатын болдық. Болмашы нәрсеге ренжісіп қаламыз. Өкпелеп, сөйлеспей қоямыз. Кейбір досым діни ағымның шырмауына түсіп, айтқанға көнбей тіпті сөйлеспейтін болып барамыз. Мұның бәрі жанға батады. Сана уланып, діни фанатизмге ұрынған адамды ол жолдан қайтару тіптен қиын екен. Осындай кезде бала кезгі пәк достығымызды, жұдырықтай бір болған кезімізді сағынамын. Алайда оның бәрі келмеске кеткен секілді. Енді сондай нағыз достықты сағынамын. Іздеймін. Бірақ таба алар емеспін. Қызметтес, әріптес, үзеңгілес достар болғанымен, бірақ мен үшін бәрібір шынайы достықтың орны бөлек. Енді ондай достықты қайдан табамын?!.
Қазір менің жалғыз ғана бір Ұлы досым бар. Ол - Алла! Жалғыз отырып намазға жығылғанда бүкіл сырымды, бүкіл мұңымды тек Соған ғана айтамын. Кейде көзіме жас келеді. Барым да, нарым да тек Сол ғана! Ендігі бар тілегім - Алла менің осы достығымды айырмаса екен! Өле-өлгенше осы Ұлы досымнан айрылғым келмейді! Ал адамдарға айтарым, бала кезгі досты бағалай білейік. Менің түсінгенім, нағыз шынайы дос, ол - Алла! Мен Аллаға сенемін!!!

Серік

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста