Аборт деген сөз үшін ажырасып кеттік...
Мен өзімнің басымнан өткен оқиғамды айтпақшы едім. Түсінікті болу үшін басынан бастайын.
Бұл оқиға 1999 жылы бастау алды. Белгілі бір себептермен 10 сыныпты аудан орталығындағы мектепте оқыуға мәжбүр болдым (басқа мектепке ауыстым өзім негізі ауылда оқығанмын ). Бір күні сабақтан келе жатсам бір жігіт артымнан қалмай танысқысы келетінін айтып танысыстық. Солай не керек таныстығымыз достыққа, достығымыз махаббатқа ұласып кетті. 11 сынып бітірдік. Ол өзі менімен жасты. Оқуға түсуге жағдайы болмай Астанаға жұмысқа кетті. Онымен қимай қоштастым.
Мен де оқуға түсе алмадым. Менің де ағам Астанада жұмыс жасайтын құрылыста. Анамды қалай көндіргенімді қайдам 4 айдан кейін мен де бардым. Оның алдында телефон арқылы сөйлесіп жүргенбіз. Аптасына бір рет звандап тұратын. Сонымен мен де артынан бардым. Жұмысқа тұрдым. Оның мекен-жайын жазып алғанмын. Екі аптадан соң оны тауып алдым. Сөйтіп қызықты кездер басталды. Апта сайын түнгі клубқа барамыз. Сөйтіп жүргенде жаңа жыл да келді. Жаңа жылды солардың пәтерінде өткізетін болдық. Сол түні екеуміз жақын қатынаста болып қойдық. Жүкті болып қалдым ба деп қорқып жүргенімде олай болмай шыкты. Қуанышымда шек жоқ, енді ондайға бармаймын деп ойладым. Бірақ неге екенін білмеймін, мүмкін оны сынап көргім келді ме, оған жүкті екенмін деп айттым. Ол болса ойланбастан аборт жасатайық, мен үйленетін жағдайда емеспін демесі бар ма. Төбемнен суық су құйып жібергендей болды. Екеуміз ұрысып тындық. Сол кеткеннен 5 күн жоқ болды. Ол кезде мен ауылға билет алып қойған едім. Алтыншы күні келіп тұр, кешірші мен сені сүйемін үйленейік деп. Мен бала енді жоқ, алдыртып тастадым енді ауылға кетемін деп қуып жібердім. Сонымен ауылға келдім. Көктемде қайтадан Астанаға барып медициналык колледжге бюджет есебінен оқуға түстім. Оны іздемедім де сол күйі. Ауылға барып кайта киімдерімді алып қайтпақшы болғанымда оның жақын досын көріп қалдым. Оған Евразия уневирситетіне түстім деп айта салғам.
Оқу бастады. Өзіме оқудан басқа ештемені ойламаймын деп ант бердім. Жатақханада 3 қыз тұрамыз. Екеуі де қыдыруға құмар. Мен ешқайда бармаймын. Тек колледжде болатын іс -шараларға ғана қатысамын. Не керек уәдемде тұрып колледжды қызылға бітірдім. Жұмыс та тез табыла кетті. Күндіз алаңсыз адамдай жүремін, түнде ауырамын. Сол жігітті ойлап. Сөз айтқан жігіттер де болды. Бірақ барлығы оңтүстіктің жігіттері. Не де болса солтүстіктің жігітіне тұрмысқа шыгам деп шештім. Ол жақта қыздың пәктігіне мен бермейді ғой деген ойым ғой. Бірақ қас қылғандай маған сөз айткан жігіттердің көбісі оңтүстіктен болып шығады. Солтүстіктің жігіттері де болды, бірак ұнамай жүрді. Солай күндер өте берді. Өзім жедел жәрдемде жұмыс жасаймын менімен группалас жақын құрбым екеуміз қалдық тұрмыс құрмаған. Ол да жедел жәрдемде. Бір күні бір жігітпен танысқанын айтып , бір күні соған тиетінін айтып жүретін. Кезекшіліктен келіп ұйықтап жатқам , бір кезде телефоным шырылдады алсам жаңагы құрбым. Кешке дайындал кафеге барамыз дейді әй -шай жоқ. Әншейінде көтеріле қоймайтын мен келісе кеттім. Құрбым, жігіті мен үшеуміз отырдық. Айтпақшы оны мен сол жерде бірінші рет көрдім. Отырыс қызықты болды. Жігіті аузы жабылмайтын ,іш пыстырмайтын қалжыңбас жігіт екен. Сөйтіп отырғанымызда таныс бейне кіріп келді. Сөйтсем менің алғашқы махаббатым. Не ісерімді білмей есеңгіреп қалдым. Суық кара тер бұрқ ете калды. Орныма сұлқ отырғаным есімде. Сөйтсем ол құрбымның жігітінің досы екен.
Әңгіме былай болған. Құрбым жігітіне фото суреттерін берген сол фотолардың арасында екеуміз түскен сурет бар екен оны менйң жігітім көрген. Солай құрбыммен кездесіп мен туралы сұраган екен. Құрбым менің колледжде оқығанымды, бірде бір жігітке қарамай оқуымды қызыл дипломмен бітіргенімді айтып берген екен. Ал ол болса мені Евразия универінен іздесе керек. Досына солай деген едім ғой мен.
Сонымен екеуміз қайта табысып 1 ай ішінде үйленіп тындық. Қазір 2 ұл 1 қызымыз бар. 2005 ші жылы шаңырақ көтердік. Ұлдарым 2006, 2007 жылдары туылды. Қызым 5 айлық. Қазір декреттемін. Аллаға шүкір бақыттымын. Айтпақшы аборт жасатпағанымды қайта табысқанда бірақ айттым.
Аноним
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz