15 мың теңге. Бейтаныс адамды тойда жігіт жолдас ету қаншалықты дұрыс?

15 мың теңге. Бейтаныс адамды тойда жігіт жолдас ету қаншалықты дұрыс?

Әлеуметтік желілерде үйлену тойларына жігіт жолдас, қыз жолдас іздегендер соңғы кездері көбейген.
Қазақша жаңа бизнестің күні алыс емес секілді. Өйткені әлеуметтік желі арқылы хабарландыру жасап, тойларына ақылы түрде жігіт жолдас, қыз жолдас жалдап жатқандар бар, деп хабарлайды Экспресс К.
Алматылық Берік есімді азамат інісінің үйлену тойына жігіт жолдасты Facebook арқылы іздеген.
"Інім 30 жастан асып үйленді. Бірге оқыған достарының бәрі үйленіп кеткен. Туыстардың балаларының жігіт жолдас болғанын қалаған жоқ. Сосын менің Facebook парақшамда достарым да, жазылушыларым да жетерлік. Сол жерге хабарландыру жаздым. Бағасын 15 мың деп көрсеттім. Пост астына әжуәлап жазғандар да, кекеткендер де болды. Дегенмен кейбір бойдақ жігіттер хабарласып, солардың арасынан біреуін таңдап алдық", — дейді ол.
Мұндай ақылы жігіт жолдас іздейтіндер негізгі себеп ретінде айналада үйленбеген адамдардың қалмауынан деп түсіндіреді.
Қарағандылық Есенгелді деген жігіт алыстау туыс ағаларының тойында жігіт жолдас болғанын айтты.
Өзімнен 10-15 жас үлкен алыс туыс ағаларымның тойында жігіт жолдас болғанмын. Өйткені олар сүрленіп, 40 жасқа жақындап үйленді. Тойда шашбауын көтеретін бойдақ достары болмады. Бірақ оған ақы алғаным жоқ. Той кезінде қолыма сағат тақты,
— дейді Есенгелді.
Ал Мадина есімді бойжеткен "Еуразия" арнасына берген сұхбатында "қыз жолдасқа" сағатына 5 мың төлегенін айтқан.
"Мен осыдан бір ай бұрын Instagram желісіне хабарландыру жаздым. Онда өзіме қыз жолдас іздейтінімді хабарлаған болатынмын. Қыз жолдасқа лайық деген адамға хабарласып оған сағатына 5000 теңге төледім. Той өте жақсы өтті, қыз жолдас өте әдемі, менің ойымнан шықты. Менің шын құрбым сияқты рөлді атқарды. Және де құрбыларымның көбі тұрмысқа шыққан, көбісі келіспегендіктен осындай қадамға бардым", — дейді Мадина.
ҚМДБ тө­­рағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров осы арнаға берген сұхбатында неке жалпы дінде келісілген түрде және екі әділ куәгердің болуымен орындалады деп отыр. Мешітте куәлік ететін адамдардың да адал болғаны абзал деп санайды.
Өйткені, некенің соңында өмір болған соң әртүрлі жағдай болады. Дау-дамай уақыты келіп қалуы мүмкін. Немесе сондай жанжал шығатын жағдай болуы мүмкін. Осындай жағдайда куәгердің рөлі маңызды болады, — дейді Ершат Оңғаров.
Дамыған елдерде мұндай қызмет түріне 200-1000 доллар аралығында ақы алады екен.
Айта кетейік, "Күйеу жолдас" пен "қыз жолдастың" ең негізгі рөлі олардың жас отбасын құрып жатқан құрбылары мен құрдастары үшін қастарынан табылып, шашбауларын көтеру.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста