Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау кестесі 2014 жыл

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау кестесі 2014 жыл

1. Алматы қаласы


 

 

Ораза кестесі... 2014 жылғы Рамазан айы 28 маусымда басталады. 2014 жылғы ораза кестесі нің басты ерекшелігі биыл бұл ай шілдеге дөп келіп тұр. Дінтанушылардың айтуынша, биылғы Рамазан айының ораза кестесі жыл 12 айдың ең ыстық кезеңімен сәйкес келіп отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде 2014 жылдың 28 маусымы – қасиетті Рамазан айының бірінші күні болып бекітілді. Биыл Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 200 теңге. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде еліміздің әр аймағындағы бидай бағасын ескере келе, ортақ есеппен бірауыздан осылай бекітілді. Рамазан айы басталғаннан немесе ораза кестесі іске қосылғаннан бастап, ораза ұстауға бел буған жандар қателесіп, әдейі немесе біреудің қинауы арқылы жасалған кейбір күнәлардың кешірілуі үшін Исламда өтеу жолдарының әрбіріне «кәффарат» делінеді. Бұл – әрі ғибадат, әрі осы дүниелік жаза. Фикһта бес түрлі кәффарат бар: 1. Ораза кәффараты Кімде-кім Рамазанда әдейі ешқандай себепсіз оразасын бұзса, оған кәффарат ретінде бір құлды немесе күңді азат етуі, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан ораза ұстауы, егер бұған да күші жетпесе, алпыс жоқ-жітікті тамақтандыруы тиіс. Құранда бұл жайлы былай делінеді: «Бастаған ізгі істеріңді бұзбаңдар» (Мұхаммед, 47/33). Пайғамбарымыз былай дейді: «Кімде-кім Рамазанда оразасын бұзса, оған зиһар жасаған адамға тиісті (кәффарат) жүктеледі». Бірақ Рамазан оразасынан тыс оразаларға тек қана қаза керек. 2. Қателесіп мұсылманды өлтірудің кәффараты Қателесіп бір мұсылманды өлтірген адамға «диәт» (құн) өтеу – уәжіп. Мұнымен қоса оған кәффарат өтеу тиіс. Ол – бір құлды азат ету, оған шамасы жетпесе, екі ай бойы үзбей ораза ұстау. Құранда «Мұсылманға мұсылманды өлтіру – жараспайтын іс-әрекет. Бірақ қателесіп өлтірсе, бір мұсылман құлды азат етуі әрі өлген адамның иесіне құнын төлеуі тиіс» (Ниса, 4/92) делінеді. 3. Зиһар кәффараты Зиһар – Исламнан бұрынғы дәуірде араб әлемінде әйелдерді талақ етудің бір жолы болатын. Күйеуі әйелін талақ еткісі келсе оған: «Сен маған анамның арқасы секілдісің» немесе «Сен маған анамдайсың» дейтін. Пайғамбарымыздың (с.а.у) заманында да бір сахаба әйеліне ашумен осылай айтады. Кейіннен Пайғамбарымызға (с.а.у) мән-жайды түсіндіріп, өзінің кәрі әрі бала-шағасына қарайтын шамасы жоқ екенін баян етеді. Пайғамбарымыз (с.а.у) сол кезде бұл істің үкімін сұрап, Аллаһқа дұға еткенде, мына аят түседі: «Расында, Аллаһ ері жайында Аллаһқа шағым айтып, сенімен таласқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ екеуінің сөйлескендерін де естиді. Аллаһ – толық естуші және толық көруші. Ей, иман еткендер! Сендерден жұбайларын зиһар еткендердің әйелдері аналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандар ғана. Сөзсіз олар теріс әрі жалған сөз сөйлейді. Шынында, Аллаһ – аса кешірімді әрі рақымды. Жұбайларын зиһар еткендер, сосын айтқан сөздерінен қайтса, әйеліне қосылудан бұрын бір құл азат етуі керек. Міне, сендерге осы нұсқау берілді. Аллаһ не істегендеріңді толық біледі. Егер құл таба алмаса, екеуі қосылудан бұрын тұтас екі ай ораза ұстасын. Оған да шамасы келмесе, алпыс аш кісіні тамақтандырсын. Бұл Аллаһқа және Елшісіне иман келтірулерің үшін. Сондай-ақ осы Аллаһтың шектері. Қарсы болушыларға жан түршігерлік азап бар» (Мужәдәлә, 1-4). Бір мұсылман кәффарат ретінде бір құлды босатып, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан ораза ұстайды. Бірақ бір ер кісі әйеліне «Сен маған анам секілдісің немесе анама ұқсайсың» деуі оның ниетіне байланысты. Егер әйелінің жақсылығын айтқысы келсе, оған еш нәрсе керек емес. Зиһарды меңзеген болса, зиһар үкімін орындайды. Талақты меңзеген болса, онда «байин» талақ деп есептеледі. Ал егер ешқандай ниеті жоқ болса, бұл сөз айтылмаған болып қала береді. 4. Қажылықта ихрам кезінде шаш алдырудың кәффараты Құранда қажылықта ихрам киген адамдар үшін белгілі тыйымдар қойылған. Міне, ихрам кезінде уақытынан бұрын шаш алдырмау – осы тыйымдардың бірі. Сондықтан ихрам кезінде бір адам басының төрттен бірін немесе одан көбін не сақалының төрттен бірін алдырса, жаза ретінде бір құрбан шалуы керек. Төртте бірінен азын алдырса, садақа беру керек. 5. Ант кәффараты Аллаһ атымен бір нәрсе үшін ант етіп, кейін осы антын бұзған адамға кәффарат керек. Бұл – бір құлды азат ету немесе он жоқ-жітіктің бір күндік азығын беру немесе он жоқ-жітікті орташа киіммен киіндіру. Егер де бұлардың ешбіріне күші жетпесе, үш күн қатар ораза ұстау керек. Оразасын толық ұстай алмаған кезде қайта басынан ұстау керек. Құранда: «Аллаһ анттарыңдағы бос сөзді есепке алмайды. Алайда, біле тұра берген анттарыңнан жауапкер етер. (Ант бұзсаңдар) оның төлеуі: Үй-іштеріңе орта есеппен жегізетін он жарлыны тамақтандыру не оларды киіндіру немесе бір құл азат ету. Мұны таппаған біреу үш күн ораза ұстау» (Мәида, 5/89) – делінген. Ант кәффараты үшін он кедейге пітір садақасы өлшемінде бір нәрселер беруге болатыны сияқты, бір кедейге он күн беруге де болады. Сонымен қатар, бір кедейге он күн киім беруге де болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім бір нәрсе үшін ант етіп, кейін одан жақсысын көрсе, антын бұзып, кәффарат берсін» (Муслим, Иман, 15-16).
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста