Ораза айт мүбарак болғай!

Ораза айт мүбарак болғай!

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Қадірлі отандастар, құрметті бауырлар!
Әлемнің әр түкпірін мекендеген мұсылман қауымы Рамазан айымен қимай қоштасуда. Мұсылман қазақ халқы да қасиетті айды құлшылықпен, тақуалықпен өткізіп, Жаратқаннан елге жақсылық тілеп, дұға жасады. Күннің аптап ыстығына қарамастан Алланың мейірімінен үміт етіп, ораза ұстады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ораза тұтқан үмбетін Алланың үлкен сыйымен сүйіншілеген. «Кімде-кім Алла жо­лында бір күн ораза ұстаса, Алла сол пенденің жүзін тозақтан жүз жылға алыстатады» деген хадис мұсыл­манға жігер мен үміт сыйлайды. Өйткені Рамазан айында ауыз бекітудің сауабы теңдессіз. Рамазан  ізгі амалдардың маусымы болғандықтан, мүбарак айда Аллаға ұнамды әрбір қайырымды істің сауабы еселеніп жазылады. Себебі Аллаға жағымсыз істер мен ғайбат сөзден сақтанып, сабыр еткен пенде өмірдің кезектесіп келетін қиыншылықтары мен сынақтарына, ыстық пен аштыққа төзімділік таны­татыны ақиқат. Баршамызды Ораза айт мере­кесіне аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. «Айт» сөзі «қарымта» деген мағынаны білдіреді. Өйткені Жаратушы иеміз әрбір ізгі амал мен игілікті істің иесіне қарымтасын қайтарады. Пайғамбардың (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде жұмысшы ай соңында жалақы алатыны секілді, ораза ұстаушы да Алланың нығметіне, сый-сияпатына бөленетіні айтылған. Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Ораза айтта жүрегіміз қуаныш пен шат­тыққа бөленеді, жанымыз жадырап, көңіліміз шат-шадыман күй кешеді. Баршаңызды мұсылманның ұлық мерекесімен құттықтаймын! Ораза айт мүбарак болсын! Айт күнінде ғұсыл құйынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы мол. Туған-туыстарды, көршілерді, дос-жаранды мере­кемен құттықтап, дастарқан жайып, ұлық мейрамның сәні мен салтанатын арттыру – Ораза айттың өзіне тән жарасымды һәм сауапты амалдарынан. Осы мерекеде өзара ренжіскен кісілерді татуластырсақ, өзгенің қате-кемшілігін кешіре білсек, ол да – мұсылманға тән сипат. Өйткені Алла тағала қасиетті Құранда мұсыл­мандарды кешірім жолын ұстануға бұйырған. Күндегі оразасын құрмамен ашуды сүннет еткен Пайғам­барымыз (с.ғ.с) айт нама­зына барарда алдымен құрмадан дәм татып барып үйінен шыққанды ұнататын. Ораза айтта отбасымызға көңіл бөліп, бала­ларға сыйлық жасап, айттық әперудің де маңызы зор. Баланың бойына ізгіліктің дәнін се­бетін мерекені олар да асыға күтіп, тәлім мен тәрбиеге толы қасиетті айдың мәні мен маңызын сезінетін бо­лады. 30 күн оразада халқымыз ыж­даһаттылықпен ауыз бекітті. Мешіт­терімізде ауызашарлар мен қайы­рымдылық шаралар ұйым­дастырылды. Тұрмысы төмен отбасы­ларына көмек көрсетіліп, қамкөңіл қарттар мен жетім-жесірлерге көңіл бөлінді. Көптеген азамат жақ­сылыққа үлес қосып, сауабы мол амалдарға ат­са­­лысты. Баршасына «Алла разы болсын» айтамыз. Рамазан айында еліміздің игілігі үшін жасаған әрбір қайырлы амал мен құлшылықты алдағы уақытта да жалғастырудың қарымы шексіз. Алла тағала ұстаған оразаларымызды, дұға-тілек­терімізді, ізгі істерімізді қайырымен қабыл етіп, екі дүниеде де жүзімізді жарық еткей! Мем­ле­кетіміздің мерейі әрқашан үстем болғай! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағына еш­қашан сызат түспесін! Тәуел­сіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз мәңгілікке баянды болғай!
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазірет, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста